өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған.
Тіпті бұл әдіс
микробтардың ашылуынан да көп бұрын қолданылған. Адамзат сүт
ашытатын
микробтарды білмей тұрып-ақ айран ұйытуды үйренгені сияқты ауру қоздырушы
микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы еге
білген. Көне дәуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен малға шешекті,
ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра білген. Бұл
ауруларға қарсы егу үшін
құрамында ауру қоздырушы микроб бар әртүрлі
патологиялық материалдар пайдаланылған.
Адамға шешек егу вариолау (вариолизация, лат.
Variolla – шешек) деп
аталады. Іс жүзінде бұл
адамнан адамға шешекті қолдан жұқтыру еді. Ал қойдан
қойға шешекті егу овиналау (овинация) деп аталады. Кейін (1902 ж.) қойға егілген
шешек сөлі – овина өндірістік әдіспен алына бастады. Қазір бұл дәрмектің
негізінде алюминий гидрототықты формолвакцина даярланады. 1796 ж. ағылшын
дәрігері Э.Дженнер халық тәжірибесіне сүйеніп, адамға сиырдың шешегін егуді
ұсынады. Бұл әдіс
вакциналау (вакцинация, лат.
vасса – сиыр) деп аталды да,
бұдан былай жұқпалы ауруға қарсы егу әдістерінің барлық түрлері осылайша
аталатын болды.
Әлсіретілмеген вакциналарды пайдалану қазіргі уақытта да қалған жоқ.
Мысалы қазір құс
шешегіне қарсы вакцина ретінде тауық пен күрке тауықты егу
үшін
шешек вирусының көгершіннен алынған штаммы қолданылады.
Ескеретін бір жағдай әлсіретілмеген тірі вакциналарды егудің өзіндік ерекше
әдістері бар. Бұл
дәрмектер әдеттегіден тыс микробтың денеге табиғи жолмен
енуіне керағар организм деп белгілі бір орындарға егіледі. Мысалы овинаны
қойдың құйрығының жүнсіз
тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөлін сиырдың
құйыршығының ұшының
сырт жағына, кебенек
сөлін ешкінің маңдайына, құс
шешегін құстың
балақ қауырсынының ұясына (фолликуласына) жібереді.
Вакцинаны бұлай еккенде орны шектелген патологиялық процесс өрбіп, ақыры
сәтті аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.
Соңғы уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды қолданудың тағы бір әдісі
пайдаланыла бастады. Бұл
– гетерологиялық иммунитетті (гетероиммунитет)
пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті айқыш иммунитет деп те атайды, оның
негізінде микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ антигендері бар
микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микробқа да қарсы әсер етеді.
Жоғарыда көгершін шешегінің вирусын тауық шешегіне
қарсы вакцина ретінде
қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың герпес вирусын Марек
ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейкозына қарсы, Шоуп фибромасының
вирусын үй қоянының
миксоматозына қарсы, балалардың қызылшасының
вирусын ит обасына қарсы, ит обасының вирусын сиыр обасына қарсы
(эксперимент жағдайында), шошқа обасының
вирусын сиырдың вирустық
диареясына қарсы, бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының
псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.
Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек
қолданылып, керісінше уыты әлсіретілген микроб штаммдарынан даярланған
вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.
Әлсіретілген вакциналар ауру қоздырушы микробтың уыттылығы
төмендеген штамының өсіндісі болып табылады. Бұл
штамм өзіне тән
уыттылығын белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет
тудыратын қасиетін
мейлінше сақтауы қажет. Екінші сөзбен айтканда иммуногендігі толық сақталып,
тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналық штамм
организмге енгізілгенде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл
жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның
нәтижесінде сол ауру қоздырушысына қарсы телімді иммунитет қалыптасады.
Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне
де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын
өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуноморфологиялық
болып табылады.
Әлсіретілген вакциналық штамм – ауру қоздырушының сапалық жағынан
басқа биологиялық қасиеттерге ие болған жаңа бір қалпы деп есептеген жөн.
Вакциналық штамм ретінде әлсіреген микробтың табиғи жағдайда пайда болған
немесе эксперимент нәтижесінде жасанды жолмен алынған жаңа бір тармағы
(клоны) пайдаланылады. Бұндай клондарды табу үшін
ауру жануарлардан
бөлінген микробтың көптеген штаммдарының арасынан сұрыптау жұмысын
жүргізеді. Ал жасанды жолмен алу пігін ұзақ уақыт қоректік ортада өсіреді
немесе әртүрлі жануарлардың денесі арқылы өткізеді (пассаждау), не болмаса
әртүрлі мутогендік факторлармен әсер етеді. Мұндай жасанды мутанттар алудың
әдістерін үш
топқа бөлуге болады:
1.Химиялық әдістер: азот қышқылы, т.б. химиялық заттармен әсер ету.
2.Физикалық әдістер: ультракүлгін сәуле, температура, радиация, т.б.
3. Биологиялық әдістер: бактериофагтар, антибиотиктер, жануар организмі
арқылы пассаж, т.б.
Әлсіретілген тірі вакциналардың алыну
тарихына аздап шолу жасасақ, бұл
әдістің негізін қалаған Л.Пастер топалаң микробын жоғары температурада (42,5-
43° С) өсіру арқылы оның уыттылығын төмендетті. Жануарлар арқылы пассаж
жасау да Л.Пастер тапқан әдіс. Ол құтырық вирусын үй қояны
арқылы үздіксіз
пассаж жасау арқылы вакциналық штамм вирус – фикс (
fixe – бекіту) алды. Үй
қоянының денесінен өткізген сайын құтырық вирусының уыты бұл жануарлар
үшін
артып, ит үшін
кеми түсетіндігі айқындалды.
Аталған әдіс вирустық инфекцияларға қарсы вакцина алу үшін
кеңінен
пайдаланылады. Алынған вакциналық штамдар пассаж жасау үшін
пайдаланған
жануарлардың түріне қарап әртүрлі атауларға ие болды. Мысалы үй
қояны
арқылы пассаж жасалса, ондай штамм лапинделген (
Lаріпиs - үй
қояны), құс
арқылы болса авинделген (
аvіs – құс)
деп аталады. Ал ұлпа өсіндісіне өсірілуге
бейімделген штамм өскіндік, ал құс эмбрионында өсуге бейімделсе эмбриондық
вакцина деп атау қалыптасты.
Соңғы кезде микроорганизмдердің вакциналық штаммдарын алу үшін
генноинженерлік әдістер пайдаланыла бастады.
Вакцинаны гендік инженерлік
әдіспен синтездеу (құрастыру) үшін
ауру қоздырушысының антигендік
детерминанта үшін
жауапты ДНҚ сегментін прокариот немесе эукариот торша
жүйесіне енгізеді. Бұл
әдіспен әртүрлі ауру қоздырушы микробтардың ангигендік
құрамын өзгертуге, не болмаса ауру қоздырмайтын сапрофитті микробқа ауру
қоздыратын микробтың антигенін көшіріп қондыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: