(танау қуысына, көз коньюктивасына, клоакаға, емшек үрпіне) денеге енгізуге
болады.
Вакцинаны денеге енгізу жолын таңдағанда ол дәрмектің антигендік,
физикалық және химиялық қасиеттері және тиісті аурудың ерекшеліктері
ескеріледі. Мысалы, тері астына топалаңның және құтырықтың,
бұлшық етке
қысаға мен лептоспироздың, тері үстіне шешектің, танау қуысына парагриптің,
емшек үрпіне (интрацистернальдық немесе диалетикалық жолмен) колибактериоз
бен қылаудың вакциналары жіберіледі.
Топтап вакциналау екі түрлі жолмен: ауыз арқылы (энтеральдық немесе
пероральдық әдіс) және аэрозольдік (аэрогендік немесе аспирациялық) әдіспен
іске асырылады. Бұл
әдістер еңбек өнімділігін шұғыл
арттырып, вакциналау
жұмысты
көп жеңілдетеді. Пероральдык әдіспен алиментарлык жолмен жұғатын,
ал аэрозольдік әдіспен респираторлық жолмен
жұғатын ауруларға қарсы егу
жақсы нәтиже береді.
Бірақ бұл
заңдылық бұлжымайтын қағида емес. Іс жүзінде жаппай егетін
әдістің екеуін де, аурудың табиғи жұғу жолы қандай болмасын (алиментарлық,
аэрогендік, трансмиссивтік немесе жанасу арқылы) пайдалана беруге болады.
Әйтсе де респираторлық инфекциялар кезінде аэрозольдік, ал алиментарлық
инфекциялар кезінде пероральдік егу әдісі жақсы нәтиже береді. Өйткені
организмді жұқпалы аурудан сақтандырғанда жалпы иммунитетпен қатар, орны
шектелген иммунитет те үлкен рөл атқарады.
Аэрозольдік әдіспен құстарды, шошқаны, қойды, сиырды,
терісі бағалы
аңдарды иммундеу жөнінде біраз тәжірибе жинақталған. Құсты
Ньюкасл ауруына,
шешекке қарсы егу туралы ұсыныстар жасалған. Иммундеу нәтижесі аэрозольдің
көлеміне байланысты. Ірі аэрозольдер жоғарғы тыныс жолдарында шөгеді де, өте
майда аэрозольдер өкпенің ең тереңгі бронхиололары мен альвеолаларына өтеді.
Аэрозоль түйірішіктері майдаланған сайын вакцинаның реактогендігі арта түседі.
Аэрогендік әдіспен иммундеу үшін
вакцинаны құрғақ немесе сұйық
күйінде
де пайдалануға болды. Әйтседе бірдей нәтижеге жету үшін сұйық вакцинаға
қарағанда құрғақ вакцина анағұрлым көп мөлшерде қажет болады. Иммундеудің
нәтижесі тірі вакцинаның аэрозоль күйінде тіршілігін сақтауына байланысты.
Бүркілген вакцина штаммы жылдам кебуінің салдырынан тез өле бастайды. Оның
тіршілігін сақтауы табиғатына, ортаның температурасы мен ылғалдығына
байланысты. Аэрозольдік жолмен иммундеу үшін
тірі вакциналар тиімді.
Олардың ауада тіршілігін ұзақ уақыт сақтау үшін
әр түрлі тұрақтандырушы
қоспалар пайдаланылады. Ондай қоспалар ретінде қолданылатын кептірілген сүт,
глицерин аэрозоль бөлшектерінің ылғалын сақтауға көмектеседі.
Аэрозольдік вакцина ретінде аз уақыт ішінде (1-3 тәулікте) иммунитет
қалыптастыратын штаммдарды пайдаланған тиімді. Ондай вакцина адам мен
жануарлар үшін
қауіпсіз болуы керек. Аэрозольдік әдіс тез арада ауруды
дауалауға мүмкіндік
береді. Бірақ герметикаландырылған
қора-жайды, тиісті
аэрозольдік генераторлар мен бүріккіштерді керек етеді.
Пероральді иммундеу ең қарапайым және денеге бөгде заттың енетін табиғи
жолы болып табылады. Бұл әдісті
30-жылдары Безредка бектериялық ішек
инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі) кезінде жан-жақты зерттеген болатын.
Бірақ ол кездегі вакциналардың жарамсыздығынан іске аспай қалды. Кейінірек
бұл әдіс медицинада пайдаланыла бастады да, кейбір ауруға, мысалы
полимиелитке қарсы егуде негізгі әдіске айналды.
Ветеринарияда Ньюкасл
ауруының В
1
және Ла-Сота штамдарынан даярланған вакциналары тауыққа суға
қосып ішкізеді.
Энтеральдік вакциналарды даярлағанда оларға қарын сөлінің қолайсыз әсері
ескеріліп, оларды таблетка жасағанда сыртын қышқылға төзімді қоспамен
қорғайды немесе май, балауыз, смола сияқты қосындылармен толықтырады.
Пероральді иммундеу кезінде антиген ішекке жетпей, тіпті ауыз қуысында
сіңіріле бастайды, мысалы,
шешек вирусы мен аденовирустар. Жалпы ішек-қарын
жолынан антигендік заттар қан мен сөлге өтіп, сөл түйіндері мен көкбауырда
іркіледі. Мұндай жолмен иммундегенде гуморальдік,
клеткалық және орны
өзектелген барлық иммунитет реакциялары іске қосылады. Ерекше атап өтетін
жағдай антиденелер қанда ғана емес, секреттегі А иммуноглобулині ретінде
сілекейде, ішек сөлінде, капроглобулин ретінде нәжіске шығады. Мұндай
антиденелер ішекке тән жас төлдің инфекцияларынан қорғауда маңызды рөл
атқарады.
Пероральді вакциналаудың тиімділігін шошқаның тілмесіне қарсы тірі
вакцинаны қолданғанда Кулеско (1961) анықтаған.
Өте жақсы нәтиже бұзауды
колибактериозға иммундеуде алынды. Бұл үшін
Сидоров пен Курашвили (1981)
колипротектан деп аталатын дәрмек ұсынды.
Торайларға колиэнтеротоксемияға
қарсы вакцинаны сумен ішкізу жақсы нәтиже береді. Бұл
әдіс паразитарлық
инвазиялар кезінде қолданыла бастады. Диктиокаулез гельминтінің балапан
құрттарына рентген сәулесімен әсер етіп, пероральдік жолмен иммундеу үшін
пайдалануға болатындығы анықталды. Пероральдік әдіс тағы жануарларды,
мысалы қасқырға құтырықтың вакцинасын етке қосып беру арқылы иммундеудің
бірден бір қолайлы жолы болып табылады.
Жануарларды жаппай иммундеуді жеңілдету мақсатында бірнеше вакцинаны
бір мезгілде егуге болады. Бұл әдіс кешенді вакциналау деп аталады. Кешенді
иммундеу кезінде әрбір вакцина жеке-жеке егіледі. Әртүрлі вакцинаны даярлаған
кезінде араластырып қоспа (ассоциацияланған) вакцина даярлау биология
өндірісінде жолға қойылып, дамытылып келеді.
Жұқпалы ауруларды балаудың
Достарыңызбен бөлісу: