Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет23/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   146
вирус

ерекшеліктері. Жұқпалы ауруды балау, немесе диагноз қою, аурудың кез келген 
түріне (ішкі жұқпайтын, оташылық, т.б.) қатысты ортақ заңдылықтарына 
негізделген. Әйтсе де жұқпалы ауруларды балаудың өзіндік үш
түрлі 
ерекшеліктері бар. 
1. Жұқлалы аурудың әрқайсысының өзіне тән телімді тірі қоздырушысы 
болатындықтан, сол қоздырушыны ауырған жануардың денесінен тауып, оны 
анықтау диагноз қоюға толық негіз болады. 
2. Жұқпалы ауру кезінде денеде ауру қоздырушыға қарсы өзіне тән иммундік 
жауап реакциялары болатындықтан, осы өзгерістерді аллергиялық немесе 
серологиялық тәсілдермен анықтау – ауруды балаудың аса бір тиімді әдістері 
болып табылады. 
3. Жұқпалы ауруға індет процесі тән болғандықтан, індеттену ерекшеліктерін
ескеру арқылы балау жұмыстарына тиісті бір бағдар беруге болады. 
Жұқпалы ауруларды балау кешенді түрде жүргізіледі де, бұл кешен 
мынандай құрама бөліктерден тұрады: 
1. Індеттанулық әдіс. 
2. Клиникалық әдіс. 
3. Патологиялық-анатомиялық әдіс. 
4. Микробиологиялық (бактериологиялық, микологиялық, вирусологиялық) 


әдіс. 
5. Серологиялық әдіс. 
6. Аллергиялық әдіс. 
Жұқпалы ауруды балаған кезде диагноздың екі түрін ажыратқан жөн. Олар – 
нозологиялық және індеттанулық диагноз. Нозологиялық балау – аурудың түрін 
(мысалы: бруцеллез, топалаң, сіреспе) анықтауға саяды. Індеттанулық балау 
толық індеттік жағдайды анықтауға бағытталған. Індеттанулық балау негізінде 
індеттің буындары (инфекция қоздырушысының бастауы, оның берілу тетіктері 
мен оған бейім жануарлар) және індет ошағының ерекшеліктері мен шекарасы 
анықталады. Тек егжей-тегжейлі іңдеттанулық балау негізінде ғана індетке қарсы 
нәтижелі жұмыс жүргізуге болады. Әрине нозологиялық диагнозды анықтай 
алмай дұрыс індеттанулық балау жүргізу мүмкін
емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет