Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет63/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   146
вирус

(Pestis africana suum) 
Шошқалардың африкалық обасы – жиі жағдайда жіті ағымда өтетін, қызбамен, 
септицемиямен, токсикозбен, тері цианозымен, геморрагиялық диатезбен, лимфоиты 
ұлпаларының некробиозымен сипатталатын және шошқалардың өлімімен аяқталатын аса 
жұғымтал вирустық ауру. 
Ауру қоздырушысы ДНҚ-лы бар вирустар тобына, Iridoviridae тұқымдастығына жатады. 
Шошқалардың африкалық обасы вирусының құрамында топқа тән комплементті 
байланыстыратын, преципитиндейтін және түрге тән гемадсорбцияны тудыратын антигендері 
бар. Бұл вирусты 1921 жылы алғаш рет Монтгомери анықтаған.Вирус пішіні икосаэдрге ұқсас, 
көлемі 175-215 нм болады.
Шошқалардың африкалық оба вирусы кептіруге, мұздатуға және қоршаған ортаның түрлі 
әсерлеріне төзімді келеді. Вирус нәжісте, топырақта және етте 5-6 ай, өлекседе 2,5 ай, +37
о
С-де 
15-30 күн, +5
о
С-де 5-7 жыл бойы сақталады. +56
о
С-де қыздырғанда 1 сағатқа дейін шыдайды. 
Вирус қышқылды және сілтілі орталарға төзімді келеді. Құрамында хлоры бар 
дезинфекциялаушы заттардың әсерінен вирустар 4 сағаттан кейін инактивацияланады.
Шошқалардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға, шошқалардың 
классикалық обасына қарсы иммунделген және иммунделмеген жануарларға жұқтыру арқылы 
және серологиялық реакциялармен (ИФР, ДПР, КБР, ИФТ, гемадсорбция реакциясы) анықтауға 
негізделген. 
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 22 күнге дейін созылады. 
Клиникалық белгілерінің байқалу дәрежесі мен даму процесінің жылдамдығына қарай ауру өте 
жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және латентті ағымда өтеді.
Өте жіті ағымында шошқалардың дене қызуы 40,5-42,5
о
С-ге дейін көтеріледі, демікпе, 
жөтелу, шөлдеу сияқты белгілер байқалады, 1-2 тәуліктен кейін дене қызуы төмендейді, артқы 
аяқтары салданып, аурудың 2-3-ші тәулігінде жануарлар өлімге ұшырайды.


Жіті ағымда шошқалардың дене қызуы көтеріледі, мұрыны мен көзінен серозды-
кілегейлі сұйықтықтар бөлінеді, қабақтары ісінеді, қан аралас іші өтеді, құсады, өкпенің 
қабынуы байқалады, жөтеледі. Құлақ, тұмсық, көкірек және қарын аумақтары көгеріп, кейіннен 
сол жерлеріне қан құйылады. Өлуіне 1-2 күн қалған кейбір жануарларда паралич, кератит, 
менингоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге 
созылып, өліммен аяқталады. Үй шошқаларының өлімге ұшырауы 100%-ға жетеді.
Жітілеу ағымы 15-45 күнге созылады. ауру белгілері жіті ағымдағыдай болып
жануарлардың 30-70%-ы өлімге ұшырайды. Осыдан тірі қалған шошқаларда ауру созылмалы 
түрге ауысады. 
Аурудың созылмалы ағымы бірнеше айға созылады. Шошқалар біртіндеп арықтайды, 
бойлары өспейді, перикардит, бронхопневмония, артрит байқалады. Аяқтарының, басының, 
арқасының терілері некрозға ұшырайды. Некрозға ұшыраған құлақтары түсіп қалады. Жақтың 
тері асты клетчаткалары мен лимфа бездері ісінген болады. Қатты жүдеген жануарлар өліп 
қалады, ал тірі қалғандары вирус тасымалдаушыларға айналады.
Латентті ағымдағы шошқаларда аурудың клиникалық белгілері байқалмай, вирус 
тасымалдаушы, яғни шошқалардың африкандық оба қоздырушысын сыртқы ортаға 
таратушыларға айналып, сау жануарларды ауруға шалдықтырады.
Патологоанатомиялық балауы. Шошқалардың африкалық обасыннан өлген шошқалардың 
ретикулоэндотелиальды жүйесі қатты зақымдалған, геморрагиялық диатез, түрлі органдарда 
дистрофиялық және некротикалық ошақтарды байқалады. Өлексенің сіресіп қалуы тез дамиды 
және анық көрінеді. Ауыздың жыныс мүшелері мен конъюнктиваның кілегейлі қабықтары, 
терілерінің кейбір жерлері көкшілденіп, жаппай қанталаған. Көкірек және құрсақ қуыстарында 
фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат жиналған. Лимфа бездері ұлғайып, 
қанталап, оларда ұйыған қан немесе гематома кездеседі. Көк бауыр қара қошқылданып, шектен 
тыс ұлғаяды. Өкпенің домбығуы байқалады. Бүйрек қанға толы, бауыр мен өт қабы ұлғайған. 
Тері асты шелі, құрсақ қуысындағы органдардың және шажырқайдың қан тамырлары ұйымаған 
қанға толы болады. 
Дифференциалдық балауы. Шошқалардың африкалық обасын шошқаның классикалық 
обасынан, шошқа тілмесінен, пастереллезден, сальмонеллезден, сібір жарасынан және кез 
келген уланудан ажырату қажет. Шошқалардың африкалық обасын классикалық обадан 
ажырату үшін міндетті түрде вирус жұқтырылған шошқаның лейкоцитарлық өсінділерін 
гемадсорбция 
реакциясымен 
зерттейді. 
Себебі, 
классикалық 
обада 
вирустар 
гемадсорбцияланбайды, ал африкалық оба вирусы гемадсорбцияланады.
Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде шошқалардың дене 
қызуының алғашқы көтерілуі кезінде алынған қан үлгілері (1:10 қатынасында гепарин 
қосылған), көк бауыр, бүйрек, лимфа бездері мен ауру және сауығып келе жатқан 
жануарлардың қан сарысулары алынады. Патологиялық материалдар +4
о
С-де сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет