Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет88/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   146
вирус

 
 
13-сурет. 10 күндік тауық эмбрионының құрылысы
(М.М. Мишина, 2017) 


3-кесте. Тауық эмбриондарын жұқтыру уақыты 
Вирус түрі 
Тауық 
эмбрионының 
құрылымы 
Инкубация 
күні 
жылқы ринопневмониясы, қойлардың 
катаральды қызбасы, Марек ауруы, Рифт 
алқабының қызбасы және т.б. 
сарыуыз 
қапшығы 
5-7 
тұмау, ньюкасл ауруы, етқоректілер обасы, 
парагрипп-3 вирусы және т.б. 
амнион 
8-10 
тұмау, ньюкасл ауруы, тауықтардың 
инфекция-лық бронхиті, жылқы 
ринопневмониясы, везикулярлы стоматит 
және т.б. 
Аллантоис 
қуысы 
9-11 
Шешек, Марек ауруы, инфекциялық 
ларинготрахеит, Ауэски ауруы, қойлардың 
катаральды қызбасы және т.б. 
ХАҚ 
10-12 
Хорион-аллантоис қабықшасындағы қан тамырлары қауыздың ішкі 
жағына бойлай орналасып, ұрықты оттегімен қамтамасыз етіп отырады, яғни 
эмбриондардың тыныс мүшесі қызметін атқарады. ХАҚ-ның максималды 
жетілуі 11-13 күндері байқалатындықтан, жұқтыруға 10-12 күндік тауық 
эмбриондарын қолданады.
Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау. Инкубаториялардан
әкелінген эмбриондардың ауа камерасын жоғары қаратып, арнайы штативтерге 
салады да ылғалдылығы 60-70%-ды құрайтын, +37ºС-ге реттелген 
термостаттарда инкубациялайды.
Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау жұмыстарына овоскопиялау, 
қауыздарын дезинфекциялау және жұмыс орындарын дайындау жатады. 
Қараңғы жерде овоскопиялау арқылы жұмыртқаның ішкі құрылымын, ауа 
камерасын, ұрықтың орналасқан жері мен қан тамырлары жоқ зоналарды 
(0,5х0,5 см) анықтап, графитті қарындашпен белгі салады. Бұл белгілер арқылы 
вирусы бар материалдармен жұқтыратын орындарды таңдайды. Сонымен қатар, 
овоскопиялау арқылы ұрықтың тірі (ХАҚ қан тамырлары қанға толы, ұрық 
белсенді қозғалады) немесе өлі екендігін де анықтайды.
Тауық эмбриондарын бокс бөлмелерінде, асептикалық жағдайда 
жұқтырады. Боксқа кіреберіс бөлмесінде эмбрионның сыртқы қабығын 
йодталған спиртпен өңдегеннен кейін боксқа кіргізіп қайтара өңдейді. 
Эмбриондарды дезинфекциялағыш ерітіндімен ылғалдандырылған 3-4 
қабат дәкесі бар эмальданған кюветаның ішіне орналастырылған арнайы 
штативке бекітеді.
Жұмыста қайнату арқылы стерильденген саймандарды спиртке батырып, 
жалында күйдіргеннен кейін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет