Сұрақтар жауабы 1-6 Эпидемиология


Эпидемиологиялық процесс дегеніміз жұқпалы аурулар қоздырғышының халық арасында таралуы болып табылады



бет2/5
Дата04.05.2024
өлшемі27.92 Kb.
#500561
1   2   3   4   5
Сұрақтар жауабы 1-6

Эпидемиологиялық процесс дегеніміз жұқпалы аурулар қоздырғышының халық арасында таралуы болып табылады. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының таралуы бір-біріне байланысты болып келеді. Олар 3 тармақтан тұрады: 1. Аурудың көзі. 2. Қоздырғыштың таралу механизмі немесе таралу жолдары. 3. Ауруды жұқтыратын халық (адам). Ауру көзі: Ол - ауру адам, қоздырғыш тасымалдаушылар, ауру мал, құстар, кеміргіштер. Қоздырғыштың таралу механизмі: Ауыз-нәжіс арқылы, ауа-сілекей тамшылар арқылы, қан сорғыштар арқылы, қарым-қатынас арқылы. Ауруды жұқтыратын – қабылдайтын халық, бұл тармақ халықтың әлеуметтік жағдайына, жасына, мәдени әдеттеріне, тағамның түріне және иммунитеттің жағдайына тығыз байланысты болады.
Эпидемиологиялық ошақ деп - аурудың көзі табылған жерді және ауру тарай алатындай аумақты қамтитын территорияны айтамыз.
Эпидемиологиялық процесстің 3 тармағына қарсы шаралар: 1. Ауру көзін оңашалау, науқасқа жедел көмек көрсету. Ауру малдардың, құстардың, кеміргіштердің көзін жою. СЭҚ- орындарына жедел хабар беру. 2. Жұқпалы аурулардың таралу жолына қарсы жүргізілетін шаралар: Олар: жалпы санитарлық шаралар және дезинфекция-зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізу. Дезинфекция - зарарсыздандыру, сыртқы ортадағы қоздырғыштардың көзін жою. Дезинфекция алдын-алу және ошақты болып 2-ге бөлінеді. Алдын алу дезинфекциясы: Аурудың бар-жоғына байланысты емес, сондықтан күнделікті жүргізіледі. Ал оған жататындар: бөлмелерді желдету, ылғалды тазалау, тамақ ішер алдында қолды жуу, суды тазалау, хлорлау, сүтті пастерлеу, қайнату, тағамдарды консервілеу, қоздырғыш тасымалдаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. Ошақты дезинфекция: Ол эпидемиологиялық ошақта (бөлмелерде, жатақханаларда, балалар мен емдеу-алдын алу мекемелерінде) жүргізіледі. Ошақты дезинфекция 2-ге бөлінеді: 1. Күнделікті дезинфекция. 2. Қорытынды дезинфекция. Күнделікті дезинфекция: Ауру ошағында күніне бірнеше рет жүргізіледі. Аурудан бөлінген заттар міндетті түрде дезинфекциядан өткізіледі. Ауру жатқан бөлмелер ылғалды тазалаудан өтеді, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар арнайы тазаланып, бөлмелерге күлгін сәулелерді пайдалану. Ауруларға жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауы талап етіледі. Қорытынды дезинфекция: Бір рет жүргізіледі. Науқас ауруханаға жатқаннан кейін, науқас ауруханадан шыққаннан кейін, ауруды басқа жерге ауыстырғанда, немесе науқас өлгеннен кейін жүргізіледі. 13 Дезинфекциялық әдістер: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық болып бірнеше түрге бөлінеді. Механикалық әдіс - жуу, тазалау, қағу, сүзгіден өткізу, желдету және т.б. Физикалық әдіс - ултра-күлгін сәулелерді пайдалану және жоғарғы температураны пайдаланып, күйдіру, жағу, қайнату, өртеу және ауа буын пайдалану арқылы. Химиялық әдіс – әртүрлі химиялық ерітінділерді пайдалану арқылы жүргізеді (хлорлы әк, хлорамин, фенол, формалин, лизол, спирт, қышқылдар т.б.). Дезинсекция – жәндіктерді жою. Дезинсекция алдын – алу мақсатында және эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүргізіледі. Дезинсекцияның физикалық, химиялық және биологиялық әдістеріде қолданыс табады. Дератизация – кеміргіштерді жою, оның химиялық, механикалық және биологиялық әдістері бар. 3. Халықтың жұқпалы ауруларды қабылдамау қабілетін көтеру шаралары. Олар: дене шынықтыру, шынығу, санитарлық – тәрбиелеу жұмыстары, гигиена негіздерін үйрету, дұрыс тамақтану, демалу және арнайы алдын – алу егу жұмыстарын жүргізу. Халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, кең көлемде тұрғын үйлерін, балалар мекемелерін, демалу орындарын салу. Дер кезінде медициналық көмек көрсету. Ең негізгі жұқпалы аурулардағы алдын – алу жұмысы, арнайы алдын алу - егу жұмысын жүргізу. Басқаша айтқанда арнайы иммунитетті көтеру..

  1. «Инфекция» деген латын тілінен аударғанда «жұқтыру» деген ұғым береді. Инфекциялық процесс дегеніміз – микроорганизмдер мен макроорганизмдердің арасындағы қарым – қатынастарды сипаттайтын күрделі процесс. Жұқпалы аурулар жеңіл, орташа және ауыр түрде өтуі мүмкін. 1. Жұқпалы аурулардың жедел түрінде, организм қоздырғыштан тез арылады, ауру 3-айға дейін созылады. 2. Созылмалы түрінде ауру 3-6 айдан астам уақытты қамтиды. 3. Реинфекция дегеніміз - адам аурудан айыққан соң, осы ауру қоздырғышының, осы адам организміне қайта ену нәтижесінде қайталап ауруы. 4. Суперинфекция дегеніміз - науқас аурудан айықпай тұрып, осы ауру қоздырғышының организмге қайталап енуі. 5. Қоздырғыш тасымалдаушы - жедел және созылмалы қоздырғыш тасымалдаушылар болып бөлінеді. Бұлар сау адамдар, бірақ сыртқы ортаға қоздырғыштарды бөліп шығарады. 6. Латентті түрі, аурудың клиникалық белгілерінің дұрыс білінбеуі. 7. Баяу инфекция, жасырын кезеңі ұзаққа созылып, клиникалық белгілері пайда болатын, өлімге әкеліп соқтыратын аурулар (АҚТҚ-ВИЧЖҚТБ- СПИД). 8. Моноинфекция – бір қоздырғышты ауру. 9. Аралас инфекция –бірнеше қоздырғышты ауру (микст –инфекция). 10. Эндогендік инфекция – адамның организміндегі қоздырғыштан туған ауру. 11. Экзогендік инфекция –сыртқы ортадан енген қоздырғыштан туған ауру.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет