қабылдаушылық және иммунитет.Ауруды жұқтыратын – қабылдайтын халық, бұл тармақ халықтың әлеуметтік жағдайына, жасына, мәдени әдеттеріне, тағамның түріне және иммунитеттің жағдайына тығыз байланысты болады Иммунитет дегеніміз – антигендік қасиеті бар инфекциялық және инфекциялық емес заттарды организмнің қабылдамауы. Иммунитет 2 –ге бөлінеді: олар табиғи иммунитет және жасанды иммунитет. Табиғи иммунитеттің өзі де 2-ге бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болған иммунитет. Туа біткен иммунитет туғаннан немесе ана сүтімен беріледі. Жүре пайда болған иммунитет. Жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін пайда болады. Өз кезегінде жасанды иммунитет те белсенді (активті) және енжар (пассивті) болып 2-ге бөлінеді. Белсенді (активті) иммунитет. Вакцина және анатоксин еккенінде организмнің берген жауабы (реакциясы) ретінде пайда болады, белсенді түрде антидене пайда болады. Енжар (пассивті) иммунитет. Организмге антителасы – антиденесі бар қан сары суын және гамма-глобулинді еккенде пайда болады. Иммунитет өте қысқа мерзімді қамтиды, яғни 3-4 аптаға созылады
ТҮЙНЕМЕ - КҮЙДІРГІ – СІБІР ЖАРАСЫ - Сибирская язва Сібір жарасы (Anthrax-көмір) – зоонозды жедел жұқпалы ауру, көбінесе теріні зақымдайтын түрі кездеседі, ал өкпелік, ішектік түрі сирек кездеседі. Этиология – қоздырғышы Түйнеме – Күйдіргі таяқшасы – Bacillus anthracis, үлкен қозғалмайтын таяқша. Тірі организмде қоздырғыштың вегатативті түрі кездеседі, 100°С температурада бірден өледі, өзіне тән спорасы және капсуласы бар, сондықтан өте төзімді, оттексіз жерде өсіп-өнеді, 2% формалин, 5% хлорлы әктің ерітінділері өлтіреді. Қазіргі антибиотиктер тез өлтіреді. Қоздырғыш улы зат экзотоксин бөледі. Эпидемиология - аурудың көзі Ауру көзі-үй жануарлары: сиыр, қой, түйе, жылқы, есек, шошқа, мысық, ит, бұғы. Қоздырғыш олардың зәрімен, нәжісімен, сілекейімен бөлініп сырқы ортаны топырақты, суды, жүнді, малдың төсеніштерін ластайды. Мал ауруды шөп, су және т.б. заттар арқылы жұқтырады. Аурудың жұғу жолдары: • Қарым – қатынас арқылы малды күткенде, сойғанда, терісін сыпырғанда, етті кескенде және әртүрлі киімдерді дайындағанда таза емес заттардан (жүннен, теріден) дайындау кезінде ауру жұғады. • Тағам арқылы – дұрыс піспеген ет, ет тағамдарын, сүтті пайдаланғанда болады. • Су арқылы – мал фермаларынан, мал соятын жерлерден, ет комбинатынан бөлінген лас су арқылы су көздері ластанса ауру жұғады. • Ауа, шаң-тозаң арқылы – сүйек ұны немесе лас ауа арқылы жұққанда аурудың өкпелік түрі пайда болады. • Қан сорғыштар арқылы - (әсіресе жаз мезгілінде) маса, шыбын, майда шіркейлер арқылы жұғады. Аурумен көбінесе ауылда тұратын ер адамдар ауырады. Бұл ауру кәсіби аурулардың қатарына жатады. Клиникалық белгілері Аурудың көбінде 95 % терілік түрі кездеседі. Терілік түрі Зақымданған теріде ауырмайтын қышыма қызыл дақ пайда болады, ол қызыл папулаға – түйінге айналады. Папула түйіні ішінде қаны бар күлбірек пайда болады, ол жарылып ашық айналасы көтерілген жараға айналады, жараның айналасында тағыда күлбіректер пайда болады да, бәрі қосылып үлкен жараға айналады. Жараның ортасында қара қабыршық (anthrax – көмір) пайда болады, ол жері ешқанда ауырмайды, айналасы қызарған, ісік болады. Оны «Түйнеме – күйдіргі карбункулы» деп атайды. Науқастың улану белгісі күшейеді, дене қызуы 40°С көтеріледі, жалпы әлсіздік басады, басы ауырады, тамыр соғуы жиілейді, лимфа бездері ісінеді. Дене қызбасы 1 аптаға созылады, терідегі өзгерістер біртіндеп аурудың 3 – ші аптасында қалпына келеді де жазылады. Аурудың ауыр түрлері терілік түрінен кейін, кейде бірден пайда болады. Аурудың өкпелік түрінде денесі қалтырап, қызба болады, демалғанда кеудесі ауырады, ентігеді, жөтеледі, қақырағына көбікті қан араласады. Аурудың өкпесін тындағанда, ылғалды шу естіледі, қанды плеврит пайда болып, терісі бозарады, ерні, саусақтары көгереді, токсикалық шок болып, аурудың 2 – ші тәулігінде 90% өлімге әкеледі. Аурудың ішектік түрі Іші қатты ауырып, қан араласқан құсық пайда болып, іші сұйық болып, қан араласып өтеді. Ішегінің шала салдануы, ішегінің тесілуі (перитонит) өлімге әкеледі. Аурудың ауыр түрі – бүкіл организімге тараған түрі (сепсистік түрі). Ауру ауыр түрде өтеді, дене қызуы 41°С көтеріледі, қан кетуі мүмкін, өкпесі қабынады, оттегінің жетіспеушілігі, менингоэнцефалит, өкпе мен мидың ісінуі, мидың комасы байқалады, инфекциялық – токсикалық шок, кома болады
Достарыңызбен бөлісу: |