Оқу моделі
|
Артықшылықтары
|
Түсіндірме-иллюстрациялық
|
Иллюстрациялар мен визуалды құралдар ақпаратты көрнекі
түрде ұсынады, бұл абстрактілі немесе күрделі концепцияларды
түсінуді жеңілдетеді. Визуалды материалдар есте сақтауды жеңілдетеді. Оқушы тақырыпқа қызыға түсініп, түрлі әдістерді қолдануға болады.
|
Бихевиористік-технологиялық
|
білім беру мен оқытуда белгілі бір теориялық және практикалық аспектілерді қамтиды. Оқыту процесінің нәтижелерін бағалау және өлшеу үшін нақты критерийлер мен тесттер қолданылады. Оқыту барысында оқушыларға тез арада кері байланыс беріледі.
|
Проблемалық
|
Оқушылардың терең ойлауына әсер береді. Тақырыпты жалплама емес, терең түрде қамтуға мүмкіндік береді.
|
Мәтінмәндік
|
Ол білімнің практикалық қолданылуын арттырады, оқушылардың мотивациясын күшейтеді, ақпаратты есте сақтауды жақсартады, шешім қабылдау және әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл тәсіл жеке оқу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді және оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
|
Тұлғаға бағытталған
|
Жеке тұлға болып қалыптасуына маңызы зор, бала өз ойын еркін жеткізуге үйренеді.
|
Критериалды білім беру
|
Критериалды білім беру оқу процесін объективті түрде бағалауға, нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді анықтауға, жедел кері байланыс алуға және оқу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол оқушылардың өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамытады, басқару және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырады және оқу процесінің әртүрлі аспектілерін үйлестіреді.
|