Кері – байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті)
Қоқыс жәшігі (суреті)
Ет тартқыш (Суреті)
– Оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, ет тартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).Осы әдіс тәсілдерді өзімнің теориялық сабақтарымда үнемі студенттерге кері байланыс ретінде пайдаланып отырамын. Соның нәтижесінде «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының 3 курс студенті Қазанғапова Айкүміс «Байқау» тәжірибесінде өз сабақтарында қолданып өте жақсы нәтижеге жеткен болатын. Мысалы, 1 сыныпта «Екі таңбалы сандар» тақырыбының жаңа сабақты түсіндіру кезінде «Қысқы ойындар» әдісін қолданды. Әрбір ойыншы өз парақшаларын араластырып, үстел үстіне сандарын төмен қаратып орналастырады. (Нұсқалары: 2 Х 5; 4 Х 5; 5 Х 4.) Сосын ойыншылар өз парақшаларын қандай ретпен ашатынын келіседі.
Ойын тәртібі: Бірінші ойыншы жоғары қатардың сол жағын дағы бірінші парақшаны ашады.Екінші ойыншы да өз жиынтығынан жоғары қатардың сол жағындағы бірінші парақшаны ашады. Ойыншылар сандарды салыстырады. Кімнің қолындағы сан артық болып шықса, екі парақша да соның қолына көшеді.Егер екі ойыншының қолындағы сандары тең болса, онда парақшалар әркімнің өзінде қалады.Барлық парақшалар аяқталғанша ойын жалғаса береді. Кімнің қолында көп парақша қалса, сол жеңіске жетеді.
Ал, сабақты қорытындылау мақсатында «Табыс сатысы» әдісін қолданған.
1 – баспалдағы Мен 11- ден 20-ға дейінгі сандарды білемін.
2 –баспалдағы Мен бір таңбалы екі таңбалы сандарды салыстыруды түсінемін.
3 – баспалдағы Мен 11-ден 20-ға дейінгі сандардан өрнек құрастыруды жасай аламын. Сабақ өте жоғары деңгейде өтілді.
Қазіргі таңда оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістері және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу- тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті деп, «Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» деген нақыл сөзбен қорытындылаймын.