Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет123/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   157
Қазақстан археологиясы

Көктума қаласы деп есептейді.
Сырдария қалалары. Енді қайтадан оңтҥстікке оралайық. Испиджаб 
қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан 
Отрар-Фарабқа, Ясы-Түркістанға одан соң Сырдария бойымен жҥріп, Арал 
ӛңіріне, Орал ӛзені бойындағы қалаларға, Еділ арқылы Еуропаға ӛткен. 
Сырдария бойын қуалай жҥретін керуен жолы ҥстіндегі қалалардың ірісі 
Отырар-Фараб пен Шауғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға 
барып қҧятын жеріне жақын орналасқан, аса ҥлкен қала жҧртының атында 
сақталып, осы кҥнге дейін жеткен. Отырар жанында Кедер қаласы 
орналасқан, ол Х ғасырда Отырар жазирасының басты орталығы болған. 
Отырар Сырдария орта ағысындағы ірі қала ретінде кеңінен танымал. Ол 
кӛптеген дереккӛздерінде айтылады. Қала Жетіму қалалары қатарында да, 
Испиджаб қалалар тізімінде де аталынады. Тіпті бірнеше Отырар болған 
сияқты. Алайда Отырар біреу ғана болды. Оның дереккӛздерінде жиі 
кездесетіндігін, қаланың сауда жолының бойында орналасуымен де 
тҥсіндіруге болады. 
Былайша айтқанда, Отырар тоғыз жолдың торабында тҧрған. Одан 
шыққан жолдың бір тармағы Шауғарға, екінші тармағы Сырдария ӛткелінен 
ӛтіп, Васиджа (Весидж) қаласына баратын болған. Весидж қаласы Әбу 
Насыр әл-Фараби сынды шығыс ғалымының туған жері ретінде белгілі. ХІІІ-
ХІV ғасырларда бҧл қала Зернук аталса керек. Қаладан Сырдариямен жоғары 
ӛрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып, Шашқа, ал тӛмен қарай – Жентке 
кеткен. Жент ХІІ ғасырда Сығанақ секілді Қыпшақ мемлекетінің маңызды 
орталықтарының бірі болды. Ал Женттен Қызылқҧм арқылы Хорезм мен 
Ҥргенішке қарай жол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Қара теңіз 
жағалауына, Кавказға асып кететін болған. Бҧл жӛнінде кеңес археологы 
А.Н.Бернштам «Орта Азияда бҧдан қолайлы және одан қауіпті жағдайды 
таба қою қиын» деп жазған еді. 
Қазіргі таңда Отырар қаласының орнында қирандылар ғана қалған. 
Отырар жазирасына кіретін қалалар мен қоныстардың замоктар мен қарауыл 
мҧнараларының қалдықтары да сақталған. Қҧрғап қалған егістіктерді 
каналдар кесіп ӛтеді. Бҧрын қала-жҧрты болған әрбір тӛбешіктің бҥгінгі 
таңда ӛз атаулары бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Күйік-
Мардан, Пшақшытөбе. Бҧлардың бҧрын ӛз атаулары болған. Қазіргі кҥні тек 
екі-ҥш қаланың ӛз атаулары археологтар еңбектерінің арқасында қайта 
жаңғыртылып отыр. Олар – Қҧйрықтӛбе орнындағы Кедер мен Оқсұз 
орнындағы Весидж; сонымен қатар Бұзұқ қаласы мен Шілік бір елді-мекен 
болған.
Отырар алқабы 2500-ден астам шаршы шақырым аумақты алады, ол 200
шақты тарих пен мәдениет ескерткіштерін біріктіреді. Бҥгінгі таңда алқаптың 


331 
орталық туристік ӛзегі 4 қаланың, Арыстанбаб кесенесі мен кӛптеген ежелгі 
суландыру жҥйелерінің аумағын қамтиды. Отырарда жыл сайын қазба 
жҧмыстары жҥргізіліп тҧрады. Қаланың ӛзін зерттеу, оның келбеті Орта Азия 
мен Қазақстандағы ортағасырлық қалаларға ҧқсайтындығын анықтап берді. 
«Орталық қирандылары» жоспары бойынша бес бҧрышты тӛбешік, оның 
биіктігі 18 м, алаңы 20 га. Жан-жақтары тең: оңтҥстігі – 380 м, оңтҥстік-
батысы – 145 м, батысы – 400 м, солтҥстік-шығысы – 380 м, шығысы – 350 м. 
Тӛбешікті бойлай дуал қалдықтары қоршап тҧр. Оның мҧнаралары бар. 
Қабырға сыртында жыра тҥріндегі ордың іздері сақталған, оның тереңдігі 2-3 
м, ені 10-15 м. Қалаға адамдар ҥш жақтан кірген. Екеуі бір-біріне қарама-
қарсы оңтҥстік және солтҥстік-шығыс дуалда, ҥшіншісі батыс қабырғада 
орналасқан. Орталық кӛше оңтҥстік кӛшемен жалғасып, қаланы бӛліктерге 
бӛлген. Одан бірнеше шағын кӛшелер тарамдалып кеткен. 
Орталық қирандыларға бекіністі рабад жалғасады. Оның ауданы 150 га. 
Рабадты қоршаған дуалдың кейбір бӛліктері ғана сақталған.
Отырардың біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында қалыптасқан, 
яғни ІХ ғасырлардан бастап Отырар-Фараб атауымен жазба дереккӛздерінде 
кездеспей тҧрып-ақ негізі қаланған болатын. Алайда одан да ерте кездердегі
қала атауының нҧсқалары туралы мәліметтер бар. 
Бҧл сауалды шешуде Отырар мен оның жазирасындағы қалалардан 
алынған анэпиграфиялық монеталар маңызды рӛл атқарады. Осындай 
монеталардың беткі жағында тҥргештердің садақ тҥріндегі таңбасы 
бейнеленген, ал сыртқы жағына арыстанның бедері тҥсірілген. Екінші 
типтегі монеталарда шырағдан белгісіндегі таңба бедерленген. Жетісу, Шаш, 
Соғды монеталармен салыстырған кезде, бҧлардың мҥлдем жаңа типтегі 
монеталар екендігі анықталған. Оны ең алдымен жергілікті билеуші 
шығарған деуге болады. Монеталарды орталығы Отырар болған, 
Сырдарияның бойындағы тҥріктер иелігіндегі Кангу Тарбан билеушілері 
соққан деген топшылау да кездеседі. Бҧл иелік астанасы Тарбан, Тарбанд 
болған, сірә одан Отырар-Фараб атауы келіп шықса керек.
ІХ-Х ғасырлардағы дереккӛздері Отырарда Испиджаб қалалары қатарына 
жатқызады.
ІХ-ХІІ 
ғасырларда Қазақстанның оңтҥстігінде қала мәдениеті 
жанданады. Осы кездері жаңа қалалар пайда болады, кӛне қалалар аумағы 
ҧлғаяды. Қалалар рабад, сауда-қолӛнер қоныстары есебінен ҧлғая тҥседі. Бҧл 
уақыттарда отырар аумағы 200 га-ға жетеді.
ІХ-Х ғасырларда Оңтҥстік Қазақстан қалаларында исламдану басталады. 
Жаңа дін қалалық арасында тез тарайды. Соған байланысты мҧсылман 
бейіттері, кесенелері, культтық ансамбльдер тҧрғызылады. Қалаларда мешіт 
салынады. Ерте кездегі мешіттердің бірі Қҧйрықтӛбе қаласынан қазылған. Ол 
Х-ХІІ ғасырларда жҧмыс істеп тҧрған. 
Отырардың ӛркендеуін моңғол шапқыншылығы тоқтатады. Оған дейін 
Отырар Хорезмшах мемлекетінің қҧрамына ӛткен болатын. 1218 жылы 
Шыңғысхан хорезмшах Мҧхаммед сарайына сауда керуенін жіберген 
болатын, алайда керуен Отырарға келген оны Отырар билеушісі, Иналшық 


332 
Қайырхан тонап алады. Шыңғысхан кінәлі адамдарды жазалауды және 
Қайырханды беруді сҧрайды, бірақ хорезмшах моңғол елшісін ӛлтіріп 
тастайды.
1219 жылы кҥзде моңғолдар Отырарға келді. Оған дейін Ҥргеніште 
хорезмшах Мҧхаммед әскери кеңес ӛткізеді, сол жерде қолбасшылардың бір 
барлық кҥшті біріктіріп, шайқасайық деп ҧсыныс тастады. Алайда Мҧхаммед 
басқа жол таңдады, ол әскерлерін қала гарнизондарына орналастырып, әрбір 
қаланы жеке-жеке соғысуға мәжбҥрледі. Отырарды жаулап алу бірқатар 
дереккӛздерінде айтылады. Алты айдай қорғаннан кейін Отырар кҥйрейді.
Моңғол шапқыншылығынан кейін Отырарда ӛмір қайтадан жанданады. 
Сӛйтіп, қала біртіндеп Сырдариядағы саяси және экономикалық орталыққа 
айнала бастайды. ХІІІ ғасыр орта тҧсында Батыс пен Шығысты жалғастырған 
ірі сауда орталығына айналады. Ол арқылы Алмалыққа қарай Ҥргеніш жолы 
ӛтті. Отырар монета соғатын орталық ретінде де кеңінен танымал. ХІІІ-ХІV 
ғасырларда қалада медресе, ханака, мешіт секілді ірі қҧрылыстар салынады. 
ХІV 
ғасырдың екінші жартысында Оңтҥстік Қазақстан Темір 
державасының қҧрамына кіреді. Темір дәуірінде бҧрынғы моңғол 
иеліктеріндегі жағдай біршама тҧрақталды. Оның кезінде Тҥркістанда Ахмед 
Ясауи кесенесі тҧрғызылды. Отырарда Ахмед Ясауи ҧстазы Арыстан-баб 
моласына кесене салынды. Темірдің кезінде қалада орталық мешіт те 
тҧрғызылған болатын. 
ХV ғасыр ортасында «Кӛшпелі ӛзбектер мемлекетінің» ханы Әбілхайыр 
Шығыс Дешті Қыпшақта билік қҧрды. Оған қазақ хандары қарсы тҧрды. 
Оның ҧрпақтары мен қазақ хандары Сырдария қалалары ҥшін ҧзақ жылдар 
бойы соғысты. 1510 жылы Мҧхаммед Шәйбани қайтыс болғаннан кейін 
оңтҥстік ӛңірлердің біраз бӛлігі мен Сарыарқа қазақ хандарына ӛтеді. Қасым 
хан тҧсында хандық нығайып, шекарасы кеңейе тҥседі. ХVІІ ғасыр 
ортасынан бастап Қазақстан жеріне жоңғарлар шапқыншылық жасай 
бастайды. Олар бірнеше рет тонаушылық жорықтарын жасап, Сайрам, 
Тҥркістан және тағы басқа қалаларды қиратады. Мҧнымен бірге қазақтар 
ішінде де алауыздықтар басталады. Мҧның барлығы бҧрын гҥлденіп тҧрған 
Сырлария ӛңіріндегі қалалардың қҧлдырауына алып келді. Отырар 
қаласының қазба жҧмыстары ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қала ӛмірінің кейбір 
тҧстарын нақты сипаттайды. 
Орта ғасырлардағы хаммам типіндегі ортағасырлық моншалар шығыста 
кеңінен таралған. Олардың қҧрылысы, архитектурасы, атрибуттары - әмбебап. Бҧл 
қҧрылыстардың таралу кезеңі аймақтардың ӛсіп-ӛркендеуіне тікелей байланысты. 
Қазақстан аумағында моншаның мҧндай типін 1977-1978 жылдары 
археологтар зерттеді. Соңғы жылдары да Отырардан моншалар зерттелінді. 
Монша қабатымен жабылған тегістелген алаңда салынған. Оның ӛлшемдері 
солтҥстік-оңтҥстік желі бойынша - 11,5 м, шығыс-батыс желісі бойынша - 
16,5 м. Бҧрыштары әлем тараптарына қаратылған. Іргетасы жоқ қабырғалары 
22-23x22-23x5 см ӛлшемдегі кҥйдірілген кірпішпен қаланған. Қабырға 
қалыңдығы 0,7-0,9 м. Моншаның жобалау негізінде айқыш сҧлбасы анық 
байқалады. Орталық бӛлмежай тӛрт басқа бӛлмемен қиылысатын осьте 


333 
орналасқан. Моншаның қҧрамында уқалау-ысқылауға (массажға) арналған 
лоджиясы бар орталық залдан басқа жуынатын бӛлмелері болған. Батыс 
бӛліктің ҥш бӛлмесі киініп-шешінуге арналған, демалыс бӛлмесі және намаз 
оқитын бӛлмесі де болған. Шығыс жағында от жағатын орын және су 
қҧйылғаи цистерна қойылған бӛлме орналасқан. Бҧл жерде қҧдықтың аузы 
аршылды. Оның қабырғалары кҥйдірілген кірпішпен ӛрілген. Пайдаланылған 
су қҧбырлар арқылы сырттағы шҧңқырға қҧйылған. Моншаны жылыту 
ыстық ауа жҥретін каналдар арқылыжҥзеге асырылған. Қазба кезінде 
қабырғалардың жылыту жҥйесінің орны мен бағаналарының қалдықтары 
табылды. Моншаның жоспарлануы жағынан Орта Азиядағы, Кавказдағы, 
Таяу және Орта Шығыстағы моншаларға ҧқсайды. 
Ежелгі Отырардың фортификациялық жҥйесінің тарихи қҧндылығы 
жоғары. Қаланың мҥжілген қабырғалары ерекше әсер туғызады. Бҧл жҥйе 
біршама жақсы дәрежеде. Қалыңдығы 2 см болатын қабырғалардың сылағы 
сақталған. Шикі кірпіштен ӛрілген қаланды кӛзге тҥседі. Жҥргізілген 
зерттеулердің нәтижесінде ортағасырлық Отырардың бірнеше бекініс 
жҥйелері болғаны анықталды. Сыртқы қабырға рабадты қорғаған, ол 
қаланың солтҥстік-батысында және батыс бӛлігінде жақсы сақталған. 
Сондай-ақ, шахристанда да қуатты қала қабырғасы қоршап жатқан. Әсіресе, 
ХІV-ХV ғасырлар мешітіне жақын жердегі қабырға бәрінен де жақсы 
сақталған. VІІІ-Х ғасырларға жататын қабырға анықталған, онда жарты 
метрге ішке қарай ауысқан ХІ-ХІІ ғасырлардың қабырғасы тҧрғызылған. Ол 
тығыз шикі кірпіштен қаланған. Негізіндегі сақталған биіктігі 6 метрден 
астам, қалыңдығы 4 м және тармағы бойынша 1 м. ХІV ғасырдың бас кезінде 
бҧл қабырға 1 метрге қалыңдатылған және ашық сҧр тҥсті шикі кірпішті 
пайдалану арқылы қҧрылыс салынған. ХІV ғасырдың аяғында және ХV 
ғасырдың басында бекініс қабырғасы қайтадан жӛндеуден ӛткен. Қалыңдығы 
1 м жаңа қабырға бҧрынғы қабырғаларының ҥстіне салынған. Отырартӛбенің 
солтҥстік және солтҥстік-батыс бӛліктеріндегі жҥргізілген қазба жҧмыстары 
қаланың жаңа қабырғасы XIII ғасырдың аяғында – ХІV ғасырдың басында 
салынғанын кӛрсетті.
Бірнеше мҧнаралары да зерттелінген. Солардың бірі – қақпа мҧнарасы. 
Ол тікбҧрышты пішінді, бекіністің қабырғасына тіке орналасқан, дуал 
сызығынан 4,4 м шығыңқы орналасқан. Мҧнара 2 м биіктікте сақталған, 
оның ӛлшемі 3,7x3,7 м. Мҧнара шикі кірпіштен қаланып, сҧрр тҥсті сазбен 
сыланған.
XII-XII ғасырларға жататын махаллалар аршылған. Отырар аумағында 
жҥргізілген қазба жҧмыстары нәтижесінде қаланың шахристанының ҥйіндісі 
аршылды. Отырар мәдениетінің гҥлдену кезнің бірі ХІ-ХІІ ғасырлардағы 
қараханид кезеңі тарихымен тҧспа-тҧс келеді.
Отырар мешіттері де ғылымда кеңінен белгілі. Қазба жҧмысының бірі 
XIV ғасырда тҧрғызылған мешіттің солтҥстік бҧрышында жҥргізілген. 
Қазбаның жалпы алаңы - 32x18 м, телімнің 576 шаршы метрі аршылған. 
Қазба 
кезінде 
мешіттің 
солтҥстік-батыс 
және 
солтҥстік-шығыс 
қабырғаларының жалғасы анықталған. Қабырғалардың негізгі бӛлігі 


334 
сақталмаған. Қазіргі кезде кҥйдірілген кірпіштен салынған солтҥстік-шығыс 
қабырғаның (биіктігі 6-7 м) бӛлігі сақталған. Солтҥстік-батыс қабырғаның 
қалдықтары екі қатарда ғана сақталыпты. Қазба жҧмысын одан әрі жҥргізуде 
қабырғаның жалғасы табылды, бҧл мешіт қҧрылысын тҧтастай анықтауға 
мҥмкіндік берді.
Отырар қаласының тҧрғындары шахмат ойнаған. Оны қазба кезінде 
табылған осы шахмат фигуралары нақты кӛрсетеді. 
Керуен жолының торабындағы Отырар ҥнемі жанданып отырды. Бҧл 
жол кӛпке мәлім болды. Жібек жолының осы бӛлегі XIII ғасырда ӛзгеше 
жанданып кетеді және Жент, Сығанақ, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу 
сияқты шаһарлар ҥстімен жҥретін болады. Шауғар VIII ғасыр деректерінен 
белгілі, оған, әсілі, Түркістан тӛңірегінде орналасқан Шөйтөбе қала жҧрты 
сәйкес келетін секілді. Қазіргі Тҥркістан тҧрған жерде, Шауғармен қатар X-
XIII ғасырларда Ясы шаһары ірге тебеді, атақты ақын, сопы Ахмет Ясауи сол 
шаһарда тҧрып, діни уағыз-насихатын жҥргізген. 
Тҥркістан қаласының іргетасы б.з. І-мыңжылдықтың орта шенінде 
қаланған. Алайда оны одан да бҧрын қаланған деп есептейтін ғалымдар да 
жеткілікті. Қалай болғанда да ол ХІІ ғасырлардағы деректемелерде Ясы 
атауымен Шауғар округінің орталығы ретінде кездесе бастайды. ХVІ 
ғасырдан бастап қазіргі атауын иемденеді. ХVІ-ХҤІІ ғасырларда Ясы-
Тҥркістан Қазақ хандығының саяси, экономикалық және мәдени орталығы 
болды. Ҧзақ жылдар бойы хандық астанасы болып тҧрды. Қазақтың игі-
жақсылары осында жерленді. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы 
қаланы қҧлдыратып жіберді. 1819-1864 жылдары Тҥркістан Қоқан 
хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Тҥркістан қаласының аумағы 
70 га-ға жуықтады. Ол балшықтан соғылған қамалмен қоршалды. Қабырғада 
12 мҧнара мен 4 қақпа болған. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Тҥркістанда 20 
шақты мешіт, 2 медресе және ӛзге де ірі қоғамдық қҧрылыстар жҧмыс істеп 
тҧрды. 
ХІІ ғасырда діни уағыз айтқан Ахмед Ясауи тҧрған жер ретінде қала 
кеңінен танылды. Ахмед Ясауи қайтыс болғаннан кейін Ясы діни-культтық 
идеологиялық орталыққа айналды, оған жер жаһаннан адамдар ағылып келіп 
жатты. Бҧл уақытқа жататын ертедегі кесененің сыртқы қабаттары ғана 
сақталған. 
Ясы-Тҥркістан орта ғасырлық қаласы қазіргі Тҥркістанның оңтҥстік-
шығыс бӛлігінде орналасқан. 
Қаланың Ясы атауымен ХІІІ ғасырдың басында болғандығын кҥміс 
монеталардың олжалары да растайды. Бҧл монеталар хорезмшах Мҧхаммед 
ибн Текеш атынан соғылған. Олар Сырдарияның біраз қалалары 
хорезмшахқа бағыннан кейін 1210, 1216-1218 жылдары осында соғылған 
болатын. Қаланың Асон атауымен кездесуі армян патшасы І Гетум 
жазбаларында сақталған. Ол Оңтҥстік Қазақстан арқылы ХІІІ ғасыр орта 
тҧсында моңғолдардың ҧлы ханы Мӛңке бара жатқан сапарында соққан еді. 
Кейінірек, ХVІ ғасырдағы шығармаларда, Тҥркістан қаласы «Ясы қамалы», 
бірде «Тҥркістан қамалы» атаулар қолданылады. 


335 
Ясы-Тҥркістан қаласы Тҥркістан аймағындағы басты қалалардың бірі 
екендігі «Бҧхара мейманының жазбалары» атты шығарма қалдырған 
Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани еңбегінде де айтылады. Ол Ясы қаласында 
тауарлар мен бағалы бҧйымдар ӛнірілетіндігін, мҧнда саудагерлер мен 
саяхатшылар кӛптеп келетіндігін жазып қалдырған. 
Қаланың тарихи дамуы оның планиграфиясын кҥрделендіріп жіберген. 
Онда цитадель, дуалдары, махаллалар сақталған. Цитадельден батысқа және 
оңтҥстік-батысқа қарай 23,5 га аумақта қала орналасқан. Бҧл жердегі 
микрорельефте әлі кҥнге дейін махалла қҧрылыстарының іздері байқалып 
қалады. Шахристанның батыс жағында ӛзеннен келетін ҥлкен су алабы 
жасалған. Бҧл бӛлікте бҧрыштарында мҧнара орындары бар дуал қалдықтары 
сақталған.
Қазіргі Тҥркістан аумағындағы Күлтөбе қаласында қазба жҧмыстары 
кеңінен жҥргізілген. Ол ахмед Ясауи кешенінен оңтҥстік-шығысқа қарай 300 
м жерде орналасқан. Бҧл орынды аршыған кезде кейінгі орта ғасырлардан 
бастап қауыншы мәдениетіне дейінгі уақытты қамтитын мәдени қатпарлар 
анықталған. Сӛйтіп, алынған материалдар қала іргесі б.з.б. І ғасырда және 
б.з. І ғасырында салынғандығы нақты анықталып отыр. 
Жібек жолының трассасы Тҥркістаннан шыққаннан кейін Сырдарияны 
бойлай оның бойында орналасқан Сауран, Сығанақ, Жент, Янгикент 
қалаларына соғатын.
Сауран Оңтҥстік Қазақстан облысы Тҥркістан қаласынан солтҥстік-
батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Қаланы ХІХ ғасыр екінші 
жартысында А.К. Гейнс, П.И. Лерх зерттесе, 1947 жылы Оңтҥстік Қазақстан 
археологиялық экспедициясы (А.Н. Бернштам), 1967 жылы Жетісу 
археологиялық экспедицисы (К.A.Ақышев) зерттеді, 2004 жылдан бері 
Оңтҥстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.М.Байпақов) 
зерттеуде. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қаланың ӛлшемі солтҥстік-
шығыстан оңтҥстік-батысқа қарай – 800 м, солтҥстік-батыстан оңтҥстік-
шығысқа қарай – 550 м, мәдени қабатының биіктігі 2 м.
Сауран қаласы жазба деректемелерде Х ғасырдан бастап кездеседі. Әл-
Мақдиси ол туралы «Сауран (Савран, Сабран) ҥлкен қала, оны жеті қатар 
қамал қоршаған, рабады бар, мешіті қаланың ішінде орналасқан. Ол оғыздар 
мен қыпшақтарға қарсы тҧрғызылған шекаралық қамал» деп жазған.
ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы ӛткен армян патшасы Гетум Сауранды 
Савран деген атпен Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харчук), Иасы (Асон) 
қалаларымен бірге атаған.
Кейіннен қала Сырдарияның оң жағалауымен ӛтетін керуен жолының 
бойындағы ірі саяси-экономикалық, мәдени және халықаралық сауда 
орталығы ретінде белгілі. 
ХІV ғасырдағы деректемелерде Сауран Ақ Орданың астанасы болғаны 
айтылады. Онда Ақ Орда ханы 1320 жылы қайтыс болған Сасы Бҧқа 
жерленген. Оның ҧлы Ерзен хан Сауран мен басқа қалаларда мешіт, ханака, 
медресе тҧрғызған. Астаналық орталық рӛлін Сауран ҧзақ уақыт сақтап 
тҧрған. ХV ғасырдағы Сауран Рузбихан еңбегінде сипатталған. Ол қала 


336 
кӛркін, ауасын, табиғатын, қабырғаларын, дуал сыртындағы орларын 
сипаттап жазып кеткен. 
ХVІ ғасырдағы дереккӛздерінде сыртында биік дуалы мен айнала 
қазылған оры бар әсем қала ретінде айтылады. Сол кездегі мҧсылман 
әулиелерінің бірі Мір Араб осы қалада туылған. Ол кейіннен туған қаласына 
екі кәрізді су жҥйесін салған. 1514-1515 жылдары осында тҧрған ақын әрі 
жазушы Васифидің айтуынша, «мҧндай кереметті су мен қҧрлық арқылы 
әлемді айналып шыққан адамдар да кӛрмеген» дейді. Бастауын қаладан 7 км 
жерден алатын кәрізді салуға 200 ҥнді қҧлы пайдаланылған. Кәріздің басына 
бекініс салынып, оның ішіне қҧдықтар қазылған. Суды шығыр арқылы 
шығарған. Шығырды ӛгіздер айналдырған.
Қалада тҧрған Васифи мҧндағы ерекше қҧрылыстардың бірі ретінде 
шайқалып тҧратын екі мҧнарасы бар медресе туралы «Оның айванының 
иығына салынған ӛте биік және аса кӛрікті екі мҧнараның «гҥлдастасына» 
шынжыр байланып, олардың әр кҥмбезінің астына (кубба) бӛрене (чуб) 
бекітілген, егер біреу кҥшпен бӛренені қозғаса, шынжыр дірілдеп, қарсы 
мҧнарада тҧрған адамға мҧнара қҧлап бара жатқандай кӛрінеді, бҧл әлемнің 
таңғажайып кереметтерінің бірі» деп жазған.
Сауранның ортағасырлық мықты бекіністі қала екендігі туралы кӛп 
авторлар жазған. 
1598 жылы Сауранды қоршаған әскерлер қорғаныс қабырғасын 
Бҧхарадан алдырған тас атқыш қондырғымен атқылап, қамалдың астын 
қазып, су жіберген. Сауранда ӛмір ХVІІІ ғасыр соңына дейін жалғасқан, 
алайда бҧл кезде қала «Тҥркістан маңындағы кішкене елді мекенге» айналды. 
Сауран қаласының жанында, одан шығысқа қарай 3 км жерде Қаратөбе 
қаласы орналасқан. Ол біздің заманымыздың алғашқы ғасырларынан ХІІ 
ғасырға дейін мерзімделінеді. Қала топографиясы дамыған ортағасырлық 
қалаға белгілері бойынша ӛте жақын, онда цитадель, шахристан мен рабад 
анық байқалады. Алғашқы кезде Қаратӛбе орнында Сауран болған, кейіннен 
қала қазіргі орнына кӛшірілген. Қалада жҥргізілген қазба жҧмыстары екі 
қаланың бір екендігін айқындап берген.
2004-2006 қазба жҥмыстарын жҥргізу маусымында Сауран қаласының 
орталық алаңынан медресе орнын аршылды. Ҥйінді қабатының астында солтҥстік 
мҧнараға келіп қосылатын телім мен медресе қҧрылыс орнының оңтҥстік-батыс 
бӛлігі жатыр, онда 2007 жылы маусымда іздестіру жҧмыстары жалғасқан. 
Медресенің оңтҥстік-батыс бӛлігіндегі қазбаның алаңы 206 шаршы метрді 
қҧрайды. Ҥйіндінің астында 7 қҧжыра және медресенің оңтҥстік-батыс 
қанатының дәлізі кӛміліп қалған. Оны тазалау кезінде кҥйдірілген кірпіш сылақ 
бӛліктері және тӛбе жабынының бӛлшектері кездесті. Қҧрылымдардың сақталуы 
ӛте нашар, ӛйткені ғимарат кірпіштері қҧрылыс салуға бҧзылып алынған. Бӛлме-
жайды бӛлетін кейбір қабырғалар тҥбіне шейін бҧзылған. Олардың орналасқан 
жерін еден іздері нақты кӛрсетеді. Бӛлме-жайдың ӛлшемі 3,20x2,75 м. Бӛлме-
жайлар мен дәліз солтҥстік-шығыс қанатқа қарама-қарсы бӛлме-жайларға қатаң 
симметриялық тҥрде орналасқан. Тар дәліздің жанында кӛшеге шығатын есік 
бар. Ӛтетін жердің ені - 85 см, барлық бӛлме-жайларда кіреберісте әртҥрлі 


337 
деңгейде сақталған тереңдетілген ташнау алаңы, ошақ-сандалдар болғаны 
айқындалды. Жақсы сақталған бӛлме-жайларда да оңтҥстік бҧрыштан пештер 
табылды. Пештердің аузы ташнауы бар алаңға қаратылған. Тҥтін жолдары 
бӛлмеге тікесінен орнатылған қҧдық арқылы жҥргізілген.
Медресеге кірер жердің солтҥстігіндегі ҥйінділерді тазалау кезінде солтҥстік 
мҧнараның негізі табылды. Қазба жҥмыстары нәтижесінде цокольдің ҥстінен 
шығатын мҧнара негізінің тӛрт жоғарғы қатары анықталды. Цокольдің астында 
биіктігі 1 м 11 қатар кірпіш ӛрілген. Мҧнара негізінің диаметрі шамамен 3,3 м. 
Мҧнараның тӛменгі бӛлігі доға кҥйінде қаспеттік қабырғадан шығады. Екінші 
бӛлігі қаспеттік қабырғаға орнатылған және портал тҧтас қалауымен ӛрілген. 
Мҧнараның сҧлбасы тӛбеге дейін жеткен, ал одан кейін бҧранда баспалдақ 
кӛтерілген.
Қала қҧрылыстарына сазға кҥл (қыр) қосылып, қҧйылған кҥйдірілген 
кірпіштер пайдаланылған. Олардың кӛлемі 23-25x23-25x5-6 см. Бірқатар 
қҧрылыстар осындай кірпішпен тҧтастай қаланып шыққан.
Орталық ҥйіндіден 1400-1600 м радиуста жекелеген қоныс-жай (усадьба) 
қалдықтары кӛптеп кездеседі. Әрбір қоныс-жай ҥйден, телімнен және 
қоршалған дуалдар тҧрады. Телімдерде бау-бақша ӛсірілген. 
Қоныс-жайлардың ӛлшемдері әрқилы. Ең ірілері 150х110 м; 180х90 м және 
де 1,5-1,8 га аумақты алып жатыр. Орташа қоныс-жай ауданы 1 га шамасында, 
ал ҧсақ қоныс-жайлар 0,5 га. Алдын-ала есептеулер бойынша Саураннан 350-
дей қоныс-жай анықталған. 
Алынған материалдар (керамика, монета) Сауран маңындағы қоныс-
жайлардың ХІІІ-ХІV ғасырларға және ХV-ХVІІІ ғасырларға жататындығын 
дәлелдейді. 
Сауран кәріздер арқылы суғарылғандығы жоғарыда айтылды. Оны 
іздестіру кезінде (аэрофототҥсірілім және кӛзбен жобалап қарау) диаметрі 5 м, 
аралары 12-15 м қҧдық орындары Міртӛбе қаласы маңынан анықталған. 
Сауран қаласы қазіргі кҥні сақталып қалған биік қабырғаларының 
бӛліктерімен бірге, сондай-ақ қала махалласы мен кәріздері, кӛне егістік 
телімдері бойынша Қазақстанның баға жетпес археологиялық және 
архитектуралық ескерткіші болып табылады. 
Сырдария ӛңіріндегі келесі ірі қала – Сығанақ.
Сығанақ жайлы алғашқы дерек Х ғасырдағы «Худуд әл-Алам» 
шығармасында кездеседі. Сығанақ ҥшін қыпшақтар хорезмшах мелекетімен 
ҧзақ уақыт кҥрескен. Кейіннен Сығанақ ӛңірі хорезмшахқа бағынады. 1219 
жылы Сығанақ жеті тәулік бойы Шыңғысхан әскерлеріне тӛтеп береді. 
Сығанақты Жошы бастаған моңғол-тҥрік әскерлері басып алып, қарсылық 
кӛрсеткені ҥшін қала халқы қырып тастайды. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында 
қала қайтадан жанданады. Мҧнда монета соғатын сарай жҧмыс істеді, қҧрылыс 
қарқынды дамыды. ХІІІ ғасырда Сығанақ армян патшасы Гетум жазбаларында 
аталады. ХІV ғасыр екінші жартысында қала Ақ Орда астанасы болады. Мҧнда 
ӛз астанасын Әбілхайыр хан да кӛшіріп әкелген. Қала жайлы шәйбанидтік 
деректемелер мол мағлҧмат береді. Онда қазақ хандары мен шәйбанидтер 
арасындағы соғыстармен қатар, Сырдария бойындағы қолдан-қолға ӛтіп 


338 
отырған қалалар тағдыры кеңінен баяндалынады. Мҧндай қалалар арасында 
Сығанақ та болған еді. 
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Сығанақ Сырдария ӛңіріндегі ірі қала болып тҧрды. 
Біршама уақыт жаңадан қҧрылған Қазақ хандығының астанасы да болған еді. 
Оның базарларында 500 тҥйеге артылған тауарлар бір кҥнде сатылып отырды; 
айналасындағы халық егіншілікпен де айналысты. Сырдариядан Ордакент, 
Қызылтал, Бозғылаяқ, Тӛменарық, т.б. каналдар тартып, жерді суландырды. 
Осы кездері сығанақты «Дешті Қыпшақ гаваны» деген де болатын. ХVІ ғасыр 
тарихшысы Рузбихан қала жайында мол мағлҧматтар қалдырған. Ол қаланың 
бҧрын кӛркейіп тҧрғандығын, ірі қҧрылыстарымен және ӛңделген егістік 
алқаптарымен қоршалып жатқандығын, сан алуан тағам ӛнімдерін 
шығарғандығын, қазақ халқының сауда пункті болғандығын айтқан. 
Сығанақ қирандылары Тӛменарық темір жол стансасының маңында. 2003 
жылдан бастап мҧнда археологтар (С.Жолдасбаев, Б.Нҧрханов, т.б.) қазба 
жҧмыстарын жҥргізіп келеді. Қазіргі таңда мешіт пен кесенелер аршылған. 
Қала орнындағы зерттеу жҧмыстары алғаш реті ХІХ ғасырда басталған. 1867 
жылы оның орнын П.И.Лерх кӛрген. 1906-1907 жылдары И.А.Кастанье, 1927-
1928 жылдары А.Ю.Якубовский, 1947 жылы А.Н.Бернштам зерттеу-барлау 
жҧмыстарын ҧйымдастырған. Қаланың қазіргі орны Сунақата деп аталады. Ол 
10 га жерді алып жатыр. Жоспары бес бҧрышты тӛбе. Қазба барысында ҤІ-
ХҤІІІ ғасырлар аралығындағы уақытқа жататын тҧрмыстық-шаруашылық 
бҧйымдар жинастырылған. Олардың барлығы қала ӛмірінің басты деректік 
негізін қҧрайды.
Сығанақтан шыққан жол оғыздар астанасы – Янгикентке қарай тартатын. 
Жанкент (Янгикент) қаласы да соңғы жылдары қазыла бастады. Зерттеу 
қаланың солтҥстік-батыс бӛлігінде орналасқан цитадельде жҥргізілді. 
Ескерткіштің сыртқы тҥрі және параметрлері С.П. Толстовтың сипаттамасы мен 
жобасына сәйкес келеді. Ол ӛткен ғасырдың ортасында қалада зерттеулер 
жҥргізген және оның аэрофото суреттерін алған болатын. Қала-жҧртының 
ӛлшемі 100x100 м, жобасы шаршы пішіндес. Бҥгінде жайылып, ҥйінді тәрізді 
пішінге айналған қабырғаның биіктігі 7-8 м. Тӛрт қабырғаның әрқайсында 
кішігірім жайылған тӛмпешік тҥрінде мҧнараның орындары сақталған. Қазба 
ішкі секторда, солтҥстік-шығыс бҧрышта атқарылған. Қазба барысында кірпіш 
бӛліктері, керамика сынықтары, ғҧрыптық кешен қалдықтары, т.б. материалдар 
алынған. Бҧл материалдар Янгикент қаласының алыс-жақын елдермен кең тҥрде 
байланысқа тҥскендігін айғақтайды. 
Осы арадан Қызылқҧмды басып, тағы бір жол Хорезмге, Ҥргенішке 
баратын. Әуелі, Шауғардан, кейінірек Ясыдан басталған жол Тҧрлан асуы 
арқылы Қаратаудың солтҥстік жоталарына шығып, Сырдарияны қуалап 
кететін жолмен жарыса (паралелль) жҥретін. Ол жолда Созақ, Ұрысоған, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет