Қалалар мен ауылдық қоныстар. VІ-ІХ ғасыр алғашқы жартысы
Қалалық және отырықшылық тҧрмыс географиясы. Қазақстанның
кең байтақ аумағында ежелден отырықшылықпен, орта ғасырларда қалалық
ӛмір сҥру салтымен сипатталатын ірі тарихи-мәдени ӛңірлер болды.
Солардың бірі Оңтҥсті Қазақтан мен Жетісу еді. Оңтҥстік Қазақстан немесе
географиялық атаумен айтсақ Сырдария маңы географиялық провинциясы
солтҥстікте Орталық Қазақстан далаларымен, оңтҥстікте Талас Алатауымен,
шығыста Жуалы қырқасымен, батыста Қызылқҧм қҧмдарымен шектеседі.
Оңтҥстік Қазақстанда әсіресе Сырдария алабы ерекше орын алды.
Сырдарияның гректер атаған кӛне атауы VІІ ғасырға дейін сақталды. Одан
кейін ол Сейхун, Қанғар, Гюль-Зарриун, Инчу-Огуз деп аталынды, тек ХVІ
ғасырда ғана алғашқы «Сыр» атауын қайтадан алған еді.
Жетісуда Шу мен Талас ӛзендері алабын ӛзіне біріктіретін оңтҥстік-
батыс Жетісу мен негізгі су артериясы Іле ӛзені болған солтҥстік-шығыс
Жетісу секілді екі тарихи-мәдени ӛңірлер ерекшеленді. Алғашқы ӛңірдің
солтҥстік шекарасы Мойынқҧм қҧмдары, шығыстағы шекаралары Шу-Іле
таулары, ал батыста ол Жуалы ҥстірті арқылы ӛтті. Талас алабы ҥш жағынан
Талас, Қырғыз және Қаратау секілді тау жоталарымен қоршалған. Талас
алабы таулы және жазықтық бӛліктерге бӛлінеді. Шу алқабынң солтҥстік
жағалауы егін егуге ӛте қолайлы, оны Қырғыз жотасынан ағып келетін
кӛптеген ӛзендер кесіп ӛтеді.
Солтҥстік шығыс Жетісу оңтҥстікте және оңтҥстік-шығыста Іле мен
Жоңғар Алатауымен, солтҥстікте Балқаш жағалауымен шектесетін алып
жалпақ ыдыс секілді. Мҧнда тау беткейіндегі кӛптеген ӛзендер және
бҧлақтармен суғарылатын Шу алқабы, сондай-ақ Іле, Қаратал, Лепсі
алабтары егіншілік ҥшін ең қҧнарлы да қолайлы жерлер еді.
Егіншіліктің дамуы отырықшылық ӛмір ҥшін қолайлы аудандар
Қазақстанның басқа ӛңірлерінде де болды. Мысалы, Ертіс алабы,
Тарбағатай беткейлері, Ҧлытау, Орталық және Батыс Қазақстан жерлері,
бірақ егіншілік пен қалалық тҧрмыс Қазақстанның оңтҥстігі мен Жетісуда
кеңінен дамыған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |