348
соғдылықтарға, ал кӛшпелі мәдениет ескерткіштерін тҥріктерге жатқызады.
С.Г.Кляшторный Жетісудағы соғды қалаларының федерациясы жайлы
жазып, олардың саяси және экономикалық дербестігіне ерекше кӛңіл
аударды.
Жетісудағы
қала мәдениетінің шығуы туралы миграциялық
тҧжырымдамадан басқа оған қарама-қарсы автохтондық тҧжырымдама да
бар. Г.И.Агееваның пікірінше Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу ӛңірі «Соғды
мен Хорземнің отарлық нысаны болған жоқ, олар Орта Азия халықтарының
тарихи және экономикалық ӛмір-тіршілігінде маңызды рӛл атқарған ерекше
экономикасы мен мәдениеті дамыған дербес ӛңірлер болған».
Т.Н.Сенигованың
пікірінше, Тараз тҧрғындары мен оның округындағы
қалалар тҥрік-қарлҧқ тайпаларынан қҧралды.
Бір-біріне қарама-қарсы бҧл кӛзқарастар Жетісудағы ерте ортағасырлық
қала мәдениетінің қалптасуын тек этно-генетикалық тҧрғыдан шешуге
болмайтындығын, бҧл ҥшін мәдениеттанулық
талдау қажет екендігін
кӛрсетеді.
Соғдының мәдени кешені тҥсінігінен қаланың қолӛнер, сауда және
ауылшаруашылығының орталығы ретіндегі қызметі айқын кӛрінеді. Қала
тҧрмысының қҧрылуы да қызық, археологиялық материалдардан ол тҧрғын
ҥйлер архитектурасының тҧрақты
конодары – терракота, керамикалық
заттар
жиынтығы, ондағы жазулар, қорымдық қҧрылыстар, жерлеу әдет-
ғҧрыптары арқылы айқындалады. Соғды мәдени кешенінің Жетісуға
таралуы ішінара соғдылардың осы аймаққа тікелей кӛшіп
келуіне
байланысты жҥзеге асқан. Джамуқат, Бунджикат қалаларының негізін салған
да соғдылар. Екінші жағынан алғанда оны мәдени бірлесу-сіңісу процесінің
кӛрінісі деп тҥсіндіруге болады.
Соғды мәдени кешенімен қатар бір мезгілде Жетісу мен Қазақстанның
оңтҥстігіне, Мауренахрға тҥрік мәдени
кешені де тарала бастайды,
археологиялық материалдар ішінен ол металдан істелінген аяқ-табақтар
мен қару-жарақтың, руникалық жазулары бар заттардың мол табылған
олжаларынан байқалады. Осының нәтижесінде VІ ғ. – ІХ ғ.
бірінші
жартысында Жетісу мен Орта Азияда ӛзгеше бір мәдени кешен қҧрылып
қалыптасады, оны тҥрік-соғды кешені деп атауға болады.
Бҧл қалыптасудың айқын белгілерінің бірі - Соғды, Мауренахр мен Жетісу
қала мәдениеттерінің біртҧтастығы еді.
В.М.Массон Сюань-Цзянның Су-ли (Соғды) елі Шудан Басҧн тауларына
дейін созылып жатқандығы саяси-географиялық немесе этникалық
шекараны білдірмейді, онда соғды-тҥрік эталоны айрықша рӛл
атқарған
мәдени-тарихи облысы айтылады деп әділ кӛрсетеді.
Пәрменді мәдени синтез этногенетикалық процестер аясында ӛтіп жатады.
Сонымен ертеректегі орта ғасырлар кезеңінде Қазақстанның оңтҥстігінде
ӛз бойына Соғдының мәдени кешенін сіңіріп қорытқан ерекше мәдениет
қалыптасады. Бҧл бірлесудің жарқын кӛрінісі қала мәдениетінен байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: