Стан археологиясы


Қауыншы мәдениетінің ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет75/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қауыншы мәдениетінің ескерткіштері 
 
Бҧл мәдениет қоныстар мен некропольдар, жерлеу ғҧрпы, қыш ыдыстары 
бойынша бӛлінген. Ӛз атауын Ташкент қаласы маңындағы Қауыншы 
қаласының атынан алған, мҧнда 1933, 1935 және 1937 жылдары археолог 
Г.В.Григорьев алғаш кең кӛлемде қазба жҥргізген болатын, ол алынған 
керамикалық материалдарды даму бойынша Қауыншы-1 және Қауыншы-2 
деп екі кезеңге бӛлген еді. Бірінші кезеңді ол б.з.б. ІІ-мыңжылдық соңынан 
б.з.б. І-мыңжылдыққа дейін, екіншісін сақ заманымен – б.з.б. VІ ғасырмен 
мерзімдеді. Кейіннен С.И.Тереножкин Қауыншы-1 кезеңін б.з.б. ІІ-І 
ғасырларға жатқызды, ал Қауыншы-2 кезеңін б.з. шебімен белгіледі. Ал 
белгілі ғалым С.П.Толстов ӛз кезегінде Қауыншы-1 кезеңін б.з. І-ІІ 
ғасырларымен мерзімдеген еді.
Жаңа ескерткіштердің ашылуына орай біртіндеп Қауыншы мәдениетінің 
шекарасы 
анықталды: 
оңтҥстік-шығыста 
– 
Ангрен-Шыршық-Келес 
алаптарынан Қҧрам жотасына дейін кіретін Ташкент жазирасы, батыста – 
Сырдария ӛзенінің сол жақ жағалауы. Солтҥстік-шығыста бҧл ауданға 
піскем, Шатқал мен Талас аңғарларындағы аудандар кіреді. Зерттеушілердің 
пікірінше, қауыншы мәдениеті Келес ӛңірінде кеңінен таралған. 
Қауыншы мәдениетінің керамикасын зерделеген Л.М.Левина оның 
дамуындағы ҥш кезеңді бӛліп кӛрсетеді: б.з. І-мыңжылдық шебінен ІV ғасыр 
бас кезі; ІV-VІ ғасырлар және VІІ-ІХ ғасырлар.
Шардараға жақын жердегі Ақтӛбе қонысы қауыншы мәдениетінің жақсы 
зерттелген ескерткішінің бірі болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ 
жағалауында орналасқан. Қала орны ҥш жағынан дуалмен (жалмен), ал 
Сырдария жағынан пахса қабырғамен қоршалған. Қала орнының 
орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық сопақша тӛбе ерекше кӛзге 
тҥседі. Тӛбе аумағында және Ақтӛбе-2-нің басқа бӛліктерінде қазба 
жҧмыстары жҥргізілген. Қазбалардың біреуінен Сарай ҥйі толық аршылды. 
Ол тікбҧрышты, кӛлемі 28х18,5 м болып шықты. Сарай шаршылап жатқан 
бес жайдан, кіру кешені мен қҧрылысты батыстан шығысқа қарай орап ӛтетін 
екі дәлізден тҧрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6х3,6 м) бар, ол басқа 
жайлардың барлығымен арка арқылы ӛтетін жолдармен байланысқан. Бір 
кездерде оның тӛбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі 
қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында қҧдық бар. Ҥй 
солтҥстік-батыс бҧрышқа салынған, мҧржасыз камин ҥлгісіндегі ошақпен 
жылытылған.
Залдың айналасына орналасқан жайлар доғалана иіліп, ал олардың біреуі 
кҥмбезделіп жабылған, бҧл кҥмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі 


221 
ҥлгімен жабылған кҥмбездердің бірі болып табылады. Ғимарат 
конструкциясында шатыр маңызды рӛл атқарады, оған баспалдақ және 
тӛбедегі тесік арқылы шығуға болатын еді. 
Қазба барысында б.з. І-мыңжылдық бас кезіндегі ескерткіштерге ҧқсас 
керамиканың бай жиынтығы: кӛзелер, саптыаяқтар, табалар, хумдар, шҥмекті 
қҧмыралар жиналды. Керамикалық ыдыстардан басқа І-ІV ғасырларға 
жататын ҧршықбастар, жебелердің ҥш қыры бар ҧңғылы ҧштары, алтын 
сырға, бір жҥзді пышақтар, сҥйек ҧршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан 
кӛз салынған алтын қапсырма табылды.
Сарай кешенінің мерзімін белгілеу ҥшін кҥмбезді жайға жерленген 
адамның табылуының ерекше маңызы бар. Мҥрде батыс қабырғаны бойлата 
қойылған, ағаштан жасалған торлы табытқа жерленген. Мҥрде басы батысқа 
қаратылып, шалқасынан жатыр. Керек-жарақтары да ерекше: ағаштан 
жасалған екі ыдыс, кӛз салып, қара тас орнатылған, кҥміс пен алтын 
қҧймасынан жасалған сырға, қорамсық пен садаққа арнап жасалған қап 
(футляр), сҥйекпен әрленген ағаш садақ, темір қанжар, екі темір айылбас 
жатты. Қҧрал-саймандарға қарағанда, адамды ІV-V ғасырларда жерленген 
деп айтуға әбден болады, демек қоныс ӛмірінің жоғарғы хронологиялық шегі 
б.з. ІV ғасырдың бас кезіне жатады. 
Қауыншы мәдениетінің бірінші кезеңіне топырақ ҥйіндісінен тҧратын 
обалар мен олардың астындағы дәлізді катакомбалар тән. Катакомбалар 
ішіне бір немесе ҧжымдық қабірлер қойылды. Қару-жарақ болмайды. 
Екінші кезеңіне тән нәрсе – қоыстар санының артуы. Катакомбалар мен 
олардың ҧзын ӛсімен перпендикулярлы дәліздермен (дромостармен) қатар 
бҥйірлі және топырақ шҧңқырға жерленген қабірлер пайда бола бастайды. 
Жеке адам жерленген қабірлер саны едәуір арта тҥседі. Қабір қҧрал-
саймандар арасында қару-жарақ пайда бола бастайды. 
Ыдыс-аяқ жиынтығы бірінші кезеңдегі тҧрпатты (пішінді) қайталайды. 
Бҧл сол баяғы ҧстағышты науа еді, алайда «ӛгіз басы» қойылған тҧғырларды 
қой бастары бейнеленген тҧғырлар алмастырады. Осы уақытта керамикада 
жетіасар мәдениетінің белгілері байқала тҥседі: мойын тҧсына кедір-бҧдыр 
салу, денесін жалтырату, ернеуіне шҥмек орнату.
Ҥшінші кезеңге оның соғдылық мәдениетке жақын болуы тән. Мәселен, 
керамикаға штампты ою-ӛрнек салына бастады.
Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларындағы қауыншы мәдениетін 
зерделеуде Сырдарияның оң жағалауында, Шардара аймағында орналасқан 
қорымдардың мол материалдары кӛп септігін тигізеді. Шәушіқҧмнан 
мейлінше кӛп (57 дана) обалар зерттелінген. Мҧнда негізгі жерлеу тҥрлерінің 
бәрі ҧшырасады: камерасы дәлізге (дромосқа) перпендикуляр орналасқан І-
типтегі катакомба; ІІ-типтегі катакомба – дәліздің жалғасы болып табылатын 
камералар; бҥйірі қазылған молалар; қарапайым топырақ молалар. Бір 
аумақта тҥрлі қҧрылысты молалар болуы осы дәуірдің ӛзіндік ерекшелігі 
болып табылады және ол барлық аудандардан ҧшырасады. 
Қорымдарды қалдырған тҧрғындардың іргелес аймақта орналасқан 
қоныстармен орнатқан тығыз байланыстары айқын байқалады. 


222 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет