238
Қабірлерден қыш ыдыстары кӛптеп табылған. Кӛзелердің тҥбі дӛңгелек
келген, кейде су ағары және жалпақ тҥбі барлары да ҧшырасады. Конус
тҧғырлы қола қазандықтар немесе қҧрбандық ҥстелдері де кездеседі. Бҧл
кездегі обаларға ҧжымдық жерлеу, жылқы сҥйектерінің болуы, шет
жақтардан әкелінген заттардың табылуы тән. Осы шеңберге кіретін
ескерткіштердің жарқын белгісі – «аң стилінде» жасалынған қолданбалы
ӛнер туындыларының олжалары болып табылады.
Шалқар-3 қорымындағы №4 оба ҥйіндісінің диаметрі 24 м, биіктігі 0,8 м
болған. Қабір шҧңқыры шығыстан
батысқа қарай бағытталған, оның
ҧзындығы 3,6 м, ал солтҥстіктен оңтҥстікке қарай жатқан ені 2,35 м,
шеттерінде оны оңтҥстіктен солтҥстікке қарай жауып тҧрған ағаш
қалдықтары сақталған. 3,5 м тереңдіктен екі адамның қабірі табылған: шығыс
қаңқаның
басы
солтҥстік-шығысқа
бағытталған.
Ол
шалқасынан
жатқызылған, қолдарының сҥйектері денесін бойлай орналасқан, аяқтары
тігінен созылған. Батыс қаңқа басы оңтҥстік-батысқа қаратылған. Шығыс
қаңқа әйел адамның, ал батыс қаңқа ер адамның сҥйегі болса керек.
Батыс
қаңқадан солға қарай, қолдары мен кӛкірек тҧсының арасынан жоны
жапырылған темір пышақ табылған. Пышақтың сақталған бӛлігінің
ҧзындығы 10 см. Қаңқаның белбеу тҧсынан дӛңгелек пішінді темір айылбас
шыққан, ал сол жақтан дәл осыған ҧқсас қола айылбас табылған. Қаңқаның
оң жамбас сҥйегінен сәл ӛменірек жерде ҧзындығы 15,5 см
қайрақ тас
жатқан. Жамбас сҥйек пен одан 20 см қашықтықтан ҥш қырлы және ҥш
жиекті ҧңғымалы (тӛлкелі) қола жебе ҧштарының 19 данасынан тҧратын
жиынтық шыққан.
Қабірлер жатқан алаңқайды тазалау барысында қорамсақтың қоладан
жасалынған кӛлемді ілгегі, оның қасынан керамикалық жалпақ шетен
табылған.
2002 жылдан бастап Археология және тарих орталығының Батыс
Қазақстан археологиялық экспедициясының қызметкерлері Орал ӛзенінің сол
жағалауында зерттеу жҧмыстарын жҥргізді.
Экспедицияның
негізгі зерттеу нысандарына Қырық-Оба-2 мен
Лебедевка-2 некропольдеріндегі обалар кірді.
Лебедевка қорымы Батыс Қазақстан облысының қиыр шығысында
орналасқан.
Мҧндағы солтҥстіктегі Лебедевка ауылына
дейін бірнеше километрге
созылып жатқан кең байтақ Есен-Амантау ҥстіртіне кӛшпенділер жҥздеген
обалар тҧрғызған. Лебедевка обалары ХХ ғасыр 60-жылдарынан бастап
зерттеушілердің назарына тҥскен. Сол кездері ӛлкетанушы Г.И.Багриков б.з.
бас кезіне жататын кӛшпенділер ақсҥйектерінің бай қабірлерін аршыған
болатын.
Ҥстірттің биік бӛлігінде биіктігі 2,5 м-ге жететін, диаметр 25 м-ден
асатын ең ҥлкен обалар орналасқан.
Бірінші топқа жататын обалардың кӛлемі – диаметрі 20 м, биіктігі 0,6 м
шамасында. Олардың астына тік бҧрышты келген ҧзындығы 2,5 м, ені 1,5 м
шҧңқырлар тҥскен. Ақіреттік ас ретінде молаға қойдың еті (тӛсімен
бірге
239
алдыңғы аяғы) қойылған. Мҥрделер киізге немесе қамыс тӛсенішке
жатқызылған. Қабір саймандарына қарағанда (темір қанжар-ақинақ, тері
қорамсақ пен ондағы қола жебе ҧштары, кейде темірден немесе сҥйектен
жасалынған жебе ҧштары да кездеседі), қатардағы кӛшпенділердің кӛпшлігі
жауынгер болған.
Екінші топтағы обалар кӛлемі мынадай: диаметрі 25-40 м, биіктігі – 1,5-
2,5 м шамасында.
Археологиялық ізденістер барысында жерлеу ғҧрпы мен қабір
қҧрылыстарының конструкциясын анықтаудың сәті тҥскен.
Олардың әрбірі кҥрделі архитектуралық конструкция болып табылады,
оның негізін ауданы 8х16 м-ден 15х15 м-ге дейін жететін тік бҧрышты
немесе шаршы тҥріндегі алаңқайды қоршап тҧрған ҥйінді жал қҧрады. Жал
балшық блоктарынан қҧрастырылды. Жалмен пішінделген алаңқайдың ішкі
бӛлігінің ҥстігі тегіс болды және ол қылқан
жапырақты ағаш қабығымен
жабылды. Жалдың шығыс жағынан кірер есік орны байқалады.
Обалардың
біріндегі (№9) алаңқайдың оңтҥстік бҧрышындағы
тӛсенішке жҥгенделген ат жерленген. Ат аяқтары бҥгілген кҥйінде қойылған.
Тағы бір аттың бас сҥйегінің қалдықтары моланың ағаш жабындылары
арасынан шыққан. Молаға кем бегенде бес бала жерленген. Жас ӛспірімдер
қасына ғҧрыптық малта тас пен бай қҧрал-саймандар қойылған. «Бҧрым
тәрізді» шынжырлы жібі бекітілген ілгегі және қабырғалы ромб тҥріндегі
алқасы бар алтыннан жасалған самай сырға табылған. Сонымен қатар №8-
обадан қамшының кҥміс қҧбыршасы аршып алынған. Мҧның бәрі обаларда
жерленген адамдардың жоғарғы әлеуметтік статусын нақты кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: