Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет81/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   157
Қазақстан археологиясы

Хуннулардың археологиялық ескерткіштері Қазақстан аумағынан кӛп 
кездеспейді. Хуннулар дәл солардікі деп нық сеніммен айтатын ірі қорымдар 
мен обалар қалдыра қойған жоқ. Ескерткіштердің жоқ болатын келесі бір 
себебі жерлеу ғҧрпының сипатына да байланысты. Хуннулар оба тҧрғызған 
жоқ, жерлеу орнын тас қоршаумен ғана белгіледі. 


233 
Әйтсе 
де 
бірқатар 
авторлар 
Қазақстан 
аумағындағы 
кейбір 
ескерткіштерді, айталық қҧлажорға мәдениетін (Шығыс Қазақстан), қанаттас 
типіндегі нысандарды (Орталық Қазақстан) хуннуларға тиесілі деп есептейді. 
Алайда бҧл археологиялық нысандардың хронологиялық шегі жоғарыда 
айтылған уақыттан (ІІ-ІV ғасырлар) сәл-пәл ертерек кезеңдерге жатады. 
Мҧны аумақтық ерекшеліктермен, миграциялық ҥрдістермен де тҥсіндіруге 
болатын сияқты. Сірә, хуннулардың Қазақстанға келуі, жергілікті 
мәдениеттермен араласуы, мәдениеттерге тигізген әсерінің отандық 
тарихнамада әлі ҧзақ уақыт тҥпкілікті шешімін таба қоюы екіталай. Бҧл 
«ақтаңдақты» кешенді археологиялық ізденістер ғана толықтыруы мҥмкін. 
Хуннуларға кӛптеген халықтардың бағынуы, олар қҧрған мемлекет 
қҧрамында сан алуан ҧлттардың болуы мәдениеттердің жай-жапсарына 
ӛзіндік әсерін тигізгендігі анық. Екі тарап та бір-бірінің мәдениетін бойына 
сіңіре білді, нәтижесінде хуннулардың ӛзіндік мәдени келбеті қалыптасты. 
Оңтҥстік Сібірден белгілі болған хунну қорымдарындағы бай қабірлер 
қимаға (лақыттарға) салынып, алдын-ала қазылған қазаншҧңқырға жерленді. 
Қазаншҧңқырдағы астау-лақытқа мҥрде мен қабір саймандары қойылды. 
Қайтыс болған адам денесі сырты жәшікпен жабылған ішкі жәшікке 
салынды. Мҥрде жанына тҧрмыстық заттар, қару-жарақтар, киімдер, 
кәнизактар мен қҧлдар қойылды. Ақіреттік ас ретінде ірі мҥйізді қараның еті 
пайдаланылды.
Хуннулармен салғастырылатын заттар Қазақстан аумағынан сирек әрі 
кездейсоқ 
қана 
ҧшырасып 
қалады. 
Хуннулармен 
ерекше 
биік 
конструкциядағы ерді, қҧс мамығына (жҥніне) ҧқсастырылған қабыршақты 
ӛрнекті, қола қазандарды кеңінен байланыстырады. Алайда хуннулардың 
жарқын бҧйымдары – ерекше конструкциядағы садақ пен әшекейлер болып 
табылады. «Халықтардың ҧлы қоныс аударуы» дәуіріндегі кӛптеген 
қабірлерден тҥрлі-тҥсті тастар орнатылған әшекейлер табылған. Хунну 
қабірлеріндегі қару-жарақтар, бас киімдер, белбеулер, аяқ киім, ер мен 
жҥгендер алтынмен апталған, инкрустацияланған. Ерекше салтанаттылық 
пен байлық байқалады. Дегенмен алтыннан жасалған ірі кӛлемдегі заттар 
сирек әрі кӛп емес. Әдетте бҧлар алтын қаңылтыршамен (фольгамен) 
қапталған немесе алтын жалатылған кҥмістен және қоладан жасалған заттар 
болып табылады. Металл қондырғыға салынған қызыл және жасыл тҥсті 
тастар да аса бағалы емес. 
Хунну типіндегі классикалық садаққа жеті сҥйек жапсырма орнатылған: 
екі шетіне екі-екіден сҥйек жапсырма орнатылды, олардың әдетте ҧзындығы 
біркелкі емес; ал орта тҧсына ҥш жапсырма қойылған, олардың жалпақ 
келген екеуі садақтың ағаш негізінің екі бҥйіріне, ал ҧш жақтары аздап 
кеңейтіліп, ӛзі тарлау жасалған ҥшіншісі олардың ортасына, садақтың 
сыртқы жағына қойылған. Садақтың иық тҧсындағы бӛлік қосымша сҥйек 
пластиналармен бекітілді. Бір басындағы жапсырмалар айырмашылығынан 
хунну садағы асимметриялы болып келді. 
Әйел адамдардың қабірлерін ерекше сипатта жасалған диадемалар, 
сонымен қатар белбеу айылбастары, бас киімді әшекейлеп тҧрған бӛлшек 


234 
тҥріндегі моншақтар дараландырады. Тері аяқ киімдерден кӛбіне айылбастар 
мен белбеу ҧштары сақталған. 
Қазақстан кӛне заманын зерттеушілер хуннулармен екі ескерткіштерді 
нақты байланыстырады. Бҧлардың бірі Л.М.Левина қазған Ақтӛбе қаласының 
жанындағы қабір. Аталмыш жерлеу орны су шайған қҧмды-сазды қабатта 
орналасқан. 
Археологиялық 
ізденістер 
барысында 
ағаш 
табыт 
конструкциясын анықтаудың сәті тҥскен. Кірпіш қҧландысымен тығыз 
жабылған су шайған шӛгінді қабатындағы ағаш ҥгінділерінің қалдықтарынан 
табыт-астау тҧрпаты (пішіні) орны нақты анықталған. Тіпті бос кеңістік пен 
су шайындысынан табыттың қиысқан жігінің нақты кӛрінуі, оны толық 
қалпына келтіруге мол мҥмкіндік берген болатын. 
Табыт бӛлме ішіндегі батыс қабырғаны бойлай, солтҥстік қабырғаға 
дейін жетіп тҧрды.
Ҧзындығы 2,1 м, бас жағындағы ені 60 см, аяқ тҧсындағы ені 42 см. 
Оның конструкциясы шарбақ тәріздес. Қиындысы шаршы секілді тӛрт бағана 
(5х5 см) бҧрыштарына орнатылған және жоғарғы мен тӛменгі рамаларды 
байланыстырып тҧрады, оған ӛзара байланыстырылған алты жалпақ тақтай 
бекітілген. 
Табыт тҥбін дәл сондай келген ені 5-6 см жеті жалпақ тақтай қҧрайды, 
олар тігінен қойылған тіреулердің астынғы бӛлігіндегі тӛменгі раманың 
қиысқан жігін кӛлбей орналасқан. Бас жақтан табылған ағаш фрагментіне 
қарағанда бҧрыштық бағаналардың жоғарғы бӛлігі дӛңгелек секілді 
оймышталып келген. Орта тҧсынан диаметрі 1,5 см, артқы бетінде ағашқа 
бекітілетін сҥйірі бар әшекей табылған. Табыттың қақпағын табудың сәті 
тҥспеген, ол топырақ тҥскеннен кейін қираған болса керек; тек қана оның 
шығыс жақтағы шеткі ҧзынша кеспелтегі ғана сақталып қалған. 
Топырақ қабатындағы сақталған іздерге қарағанда, табыттың бҥйір 
қабырғалары ені 7 см-ге дейін жететін тӛрт тері жіппен оралған. Тҥбінен 
ешқандай тӛсеніш табылмаған. Табытқа мҥрде мен қабір саймандары 
қойылған. Қайтыс болған адамның басы солтҥстік-батысқа қаратылған, 
шалқасынан жатқызылған. Басының оң жағына екі ағаш ыдыс қойылған.
Бас сҥйегінің қасынан кҥміс пен алтыннан араластырылып қҧйылған, 
кӛзтана мен шыны жапсырмалармен әшекейленген алқа табылған.
Мҥрде денесінің тӛменгі бӛлігін ағаш қабығынан жасалған (қалдықтары 
мен іздеріне қарағанда) қорамсақ пен садаққа арналған қҧты жауып тҧрған. 
Оның ҧзындығы 1 м-ден кем емес, ернеуіндегі ені 38 см, ал тҥп жағындағы 
ені 28 см. 
Қҧтының ішінде сҥйекпен қапталған ҧзындығы 1,2 м ағаш садақ, бір 
жҥзді темір пышақ, қой қҧйымшағы мен жебе салынған қорамсақ жатқан. 
Қорамсақ (ҧзындығы 77 см, ені 11 см) қалдықтарына қарағанда ағаш 
қабығынан жасалған, ағаштан орнатылған тҥбінің қалыңдығы 2,4 см. 
Қақпағының іздері анықталмаған. Жебенің қамыс секілді ағаштарының 
ҧзындығы 70-75 см және де ҧштары темірден жасалынған (20-дан астам), 
бірақ олардың сақталуы ӛте нашар деңгейде. Жебе ҧштары ҥш қалақты, 
ҧзындығы 5,5 см-ден 7 см-ге дейін жетеді. Ағаш сапты екі жебе қорамсақтан 


235 
алынып, мҥрденің иық тҧсына қойылған. Олардың бірі екі қалақты, жалпақ, 
қалақтың шеттері аздап жоғары қарай қайтарылған, ҧшы аздап дӛңгеленген. 
Келесі жебе ҧшы ҧш қалақты, оның істігі аздап тӛмен қарай бағытталып 
жасалынған. 
Белбеуден тӛмен қаңқаның жамбас сҥйегінің жанында темір қанжар 
жатқан. Сақталу деңгейі нашар екі жҥзді бҧл қанжарды сабымен қоса 
есептегенде ҧзындығы 35 см; сабында ҧштығы мен айқыштамасы (балдағы) 
жоқ, жҥзі мен сабына ӛтер тҧсы тік бҧрышты болып кертіліп жасалған. Онда 
ағаш қынаптың іздері сақталып қалған. Қанжардың жоғарғы және тӛменгі 
жағынан екі темір айылбас табылған. Бірінің тілі қозғалмалы және дӛңгелек 
қалқаншалы, ал екіншісінің тілі сақталмаған, оның пішіні тік бҧрыш алаңқай 
сияқты. 
Қаңқа ҥстіндегі қабырғасынан тӛмен кҥйдірілмеген саз балшықтан 
жасалған сҧр тҥсті, диаметрі 8-9 см, ені 2 см-ге жуық «шелпек» жатқан. 
Мҥрденің тізе тҧсынан екі шағын темір ілгек табылған, бҧлар ағаш 
қабығынан жасалынған сауытшаның шеттерін бекітіп тҧрса керек.
Аяғындағы жіліншік (сирақ) тҧсына екі қатар дӛңгелек мыс тоғалар 
қойылған. 
Сипатталған кешенге Орта Азияда Кеңкӛл (Кеңқол) қорымындағы ағаш 
табыттарға жерленген қабірлер ӛте ҧқсас. 
Қабірлерден алынған жекелеген заттарды салыстыра келе Л.М.Левина 
бҧл ескерткішті ІV ғасыр соңымен және ІV-V ғасырлар шебімен мерзімдеді. 
Хуннулармен байланыстырылатын тағы бір олжа – Талас аңғарындағы 
Қызыл-Қайнартӛбе қонысындағы қабір. 
Қызыл-Қайнартӛбенің орталық бӛлігінде кҥмбезді дәліз типіне ҧқсас екі 
параллель бӛлмеден тҧратын қҧрылыс қаландысы анықталған. 
Батыс бӛлменің солтҥстік бӛлігіне қазіргі жер бетінен 3 м тереңдікте 
тҥсірілген тікқазбадан (шурфтан) шартты тҥрде «Жауынгер қабірі» аталған 
мола аршылды.
Қабір кҥмбез астына қарай жылжытылып, қабір шҧңқырын катакомба 
кейпіне енгізген. Қаңқа камераны бойлай ҧзына бойынан шалқасынан 
жатқызылған, басы солтҥстік-шығысқа бағытталған, қолдары денесінің 
жанына қойылған. 
Иық тҧсының деңгейінен мӛлшері 4,6х3,5 см дӛңгелек сҥйек пластина 
табылған. Ол семсердің немесе қанжардың жапсырмасы болса керек. 
Мойынын алтын шынжыр әшекейлеп тҧрған, ол жҧқа алтын жіптермен 
ӛрілген; ҧзындығы 35 см. 
Мҥрденің бел жағынан белбеу табылған. Ол қозғалмалы тілді қола 
айылбастан және қоладан жасалған фигуралы пластинка бекіткіш-
қҧлақшадан тҧрған. Белбеудің теріден жасалған сыртқы бӛлігі бантик 
тҥріндегі жҧқа қола пластинкалармен әшекейленген.
Белбеуден тӛмен бір жҥзді темір қанжар жатты. Жҥзінің екі жағынан да 
қынаптан сақталып қалған ағаш қалдықтары анықталған. 


236 
Белбеуден тӛменірек, сол жақтан бҥтін және кейбірінің белгілі бір 
бӛліктері сақталған 8 темір жебе ҧштары табылған. Олардың барлығы ҥш 
қалақты, сапты болып келген. 
Белбеуден тӛмен қарай, оң аяққа параллель тҥрде темір семсер жатты. 
Оның сабын есептемегендегі ҧзындығы 74 см. Сабы тек 2 см болып қана 
сақталған.
Жамбас тҧсында кезінде садақтың ағаш бӛлігіне жапсырылған сҥйек 
пластинкалар жатқан. Олардың екеуі садақтың басы жағына, ҥшеуі орталық 
бӛлігіне қойылған. 
Осы деңгейден, қаңқаның оң жағынан алтын қаңылтыршадан жасалған 
зат табылған, ол жылқы мҥсінінің алдыңғы бӛлігіне ҧқсайды. 
Бас сҥйегі мен мойын тҧсынан алтыннан жасалған самай сырға 
табылған, ол кӛзтанамен және қызғыш-қызыл тҥсті шынымен әшекейленген. 
Бірқатар зерттеушілер (С.Г.Боталов, А.А.Бисембаев) соңғы жылдары 
Қазақстанның батыс ӛңірлерінен табылған кейбір ескерткіштерді (Басшилі 
қорымындағы №10, 11, 15, 25, 26, 42 обаларды) ғҧндарға тән деп есептеп 
отыр. Мамандардың пікірінше, Батыс Қазақстандағы 300 астам обалары бар 
ескерткіштердің 16 тобын ғҧн дәуіріне жатқызуға болады. Лебедевка-
Қалдығайты ауданында ғҧн-сармат дәуіріне жататын ескерткіштердің 
шоғырлануына 
қарап, 
бҧл 
жер 
ерте 
кӛшпенділердің 
маңызды 
орталықтарының бірі болғандығын тілге тиек етеді. 
2001-2002 жылдардағы далалық жҧмыстар Ақтӛбе облысының Мҧғалжар 
ауданындағы Басшилі (Басшийли) кенті маңындағы қорымнан бірнеше оба 
қазылады. Мҧндағы топырақтан тҧрғызылған №10 оба бҧрыс пішінді. Жалпы 
диаметрі 8х10 м, биіктігі 0,12 м, ішкі диаметрі 3,5 м. Қабір шҧңқыры (ауданы 
0,65х2,05 м) обаның орталық бӛлігінде орналасқан. Мҥрденің басы солтҥстік-
батысқа қаратылып, шалқасынан жатқызылған, қаңқа сҥйектері ӛте нашар 
сақталған. Оң жақ жамбасынан тҥйреуіш бӛлігі алынған. №11 оба қорымның 
батыс жағында. Ҥйінді диаметрі 23,5 м, биіктігі 1 м-дей. Оба ормен 
қоршалған, оның жалпы диаметрі 28 м, ені мен тереңдігі әр жерінде әрқалай. 
Ең тар бӛлігі оңтҥстікте. Мҧндағы ені 2 м-ге жетеді. Ҥйінді стратиграфиясын 
зерттеген кезде топырақтан тҧрғызылған сағана қҧрылысы байқалған. Сағана 
тікбҧрышты (13х14 м) пішінде, қабырғаларының қалыңдығы 1,5-3 м-ге дейін 
жеткен. Оңтҥстік жағынан дәліз (шамамен ені 3-5 м) ӛткен. Қабырғаларына 
қҧрбандық кешендері салынған (жылқы пен қойдың 12 дана сҥйегі шыққан). 
Мола шҧңқыры сағана ішіндегі кеңістіктің оңтҥстігіне қарай қазылған. 
Тікбҧрышты келген қабір шҧңқырының (3,2х2 м) тҥбіне 6 тақта-ағаш 
тӛселген. Тақтайлардан қызыл бояу анықталған. Қабір тоналған. Қаңқа 
сҥйектері шашылып кеткен, тіпті деформацияға ҧшыраған бас сҥйек астау 
(табыт) сыртындағы қуыстан табылған. Қазба барысында 42 дана алтын 
жапсырма, қаңылтырша бӛлігі, кҥміс айылбас пен белбеу қалдығымен бірге 
екі қҧрсау-сауыт, қоладан жасалынған стержень алынған. Кҥміс айылбас 
рамкасы (диаметрі 1,5 см) дӛңгелек келген, тілі аздап қана шығыңқы әрі 
шеттері ішке қайырылған. Ал қорымның орталық бӛлігіндегі №15 оба пішіні 
гантель тәрізді, екі дӛңгелек ҥйіндіден тҧрады: кішісінің (шығыс) диаметрі 9 


237 
м-дей, биіктігі 0,5 м; ҥлкен ҥйінді (батыс) диаметрі 10 м, биіктігі 0,45 м. Бҧл 
ҥйінділер ӛзара ені 3-4 м, биіктігі 0,2-0,25 м жалмен жалғасқан. Қазба 
барысында олардан ешқандай материалдар алына қойған жоқ. Қорымнан 
осындай 7 қҧрылыс анықталған. Бҧлардың культтық мәні болғандығы анық. 
Оған қарағанда №25 обадан (ҥйінді диаметрі 8 м, биіктігі 0,4 м) біршама 
заттар алынған. Обаның қабір шҧңқыры 0,7х2 м. Солтҥстік-батыстан 
оңтҥстік-шығысқа бағытталған. 2 м шамасында ҧңғылап қазылған бӛлік 
аршылады. Қабір тҥбінен басы солтҥстік - солтҥстік-шығысқа бағытталған 
әйел адамның қаңқасы аршылған. Оның оң қолы ҧзынынан жатса, сол қолы 
білек тҧсында аздап бҥгілген. Сол жақ тізесінің қасынан қола айна, темір 
қайшы мен қабыршақтар қалдықтары, білегінен моншақтар, сол жақ қолы 
маңынан екі керамикалық ҧршықбас, оң тӛсінен темір тҥйреуіш қалдықтары 
шыққан. №26 обадан (ҥйінді диаметрі 8 м, биіктігі 0,2 м), қола жапсырма, 
серіппе, қамшы табылған. №42 обадан (диаметрі 9 м, биіктігі 0,5 м) керамика 
қалдықтары, мал сҥйектері шыққан. Обаның ортасында орналасқан (90 см 
тереңдіктен) тікбҧрышты (0,7х2,2 м) қабір шҧңқырынан тҥйреуіш пен тағы 
бір керамика бӛліктері алынған. Қабір тоналған. 
Қазақстан аумағында біршама тҥрленген хунну мәдениетін толымды 
тҥрде зерделеу ҥшін арнайы далалық ізденістер ҧйымдастырылуы қажет. 
Дегенмен қолдағы материалдар ІІ-ІҤ ғасырларда Қазақстанның батыс 
ӛңірлері ғҧн бірлестігі біршама тҧрақты тҥрде толығып, қалыптасқан аймақ 
болғандығын кӛрсетеді. Мҧнда бірнеше мәдениеттердің тоғысуына бірқатар 
объективті факторлар (географиялық, саяси, экономикалық, т.б.) ӛзіндік 
әсерін молынан тигізгендігі анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет