226
Әрбір секциядағы әрдайым ҥлкен ауданды алып жатқан негізгі және
басты тҧрғынжайларда тҥгелімен ортада ашық ошақ болды, еденнен тӛмен
жатқан оның жоспары сопақ немесе тік бҧрышты еді, шеттеріне саз
балшықтан бҥйір (борт) жасалды. Олар кірер
есіктің екі жағындағы сыпа
шетіне шағын доға тәрізді балшық білік арқылы жалғасып жатты. Пәс әрі кең
сыпалар қарама-қарсы тҧрған қабырғаларды бойлай салынды және орталық
бӛлікте оны ӛтетін жер бӛліп тҧрды.
Негізгі тҧрғынжайлардан дәнҥккіш тҧғырлары кездескен.
Сондай-ақ секцияның негізгі тҧрғынжайының басқа да жоспарлары
болды. Бҧл нҧсқадағы негізгі тҧрғынжайдың ішкі жоспарында есік орталық
бӛліктен емес, бҧрыштан шығарылды. Есіктің кірер алдындағы кеңістік
немесе ӛзіндік тамбур басқа бӛлмелердің ауданынан биік (1,5 м және одан да
биігірек) тар кірпіш қабырғасымен (ҧзындығы 1,5-2 м) бӛлініп тҧрды.
Бӛлменің ҥш қабырғасына П-тәрізді сыпа орнатылды, ол бірінші жоспардағы
тҧрғынжайға қарағанда біршама тар және биік. Бӛлменің орта тҧсына
еденнен тӛменірек дӛңгелек жоспардағы ашық ошақ орналасты, оның
бҥйірлері жоғары еді және оған трапеция
тәрізді жоспардағы алаңқай
жалғасты, оған кесілген конус сияқты тҧрпаттағы екі «ошақ тҧғыр» қойылды.
Негізгі тҧрғынжайлардан басқа әрбір секцияда бір-екі қосалқы бӛлмелер
болды, олардың кейбірі тҧрғын бӛлме болуы да ықимал, дегенмен ол
шаруашылық қарекеттерге пайдаланылды. Бҧл бӛлмелердің ішкі кеңістігінде
әдетте қабырғаға жабысқан бірнеше ошақтар, шаруашылық шҧңқырлар,
қоймалар болған. Астықты (әдетте бидай) сақтау ҥшін ыдыс ретінде қалың
қабырғалы кҥйдірілмеген сопақша және дӛңгелек келген қҧмыралар
пайдаланылды. Бҧл қам (шикі) ыдыстар жетіасар мәдениетіне тән және ерте
кезге жататын ескерткіштердің барлық қҧрылыс горизонттары мен
кезеңдерінен кездеседі. Кейде мҧндай қосалқы шаруашылық-тҧрғынжай
бӛлмелерде бір-екі ошағы бар аласа сыпалар да табылады. Тҥрлі
секциялар
алып жатқан аудан кӛлемі аздап қана ӛзгереді.
Жерлеу құрылыстары. Әрбір жетіасар қаласының жанында жҥздеген,
мыңдаған жерлеу қҧрылыстарынан тҧратын қорымдар орналасқан, олардағы
ескерткіштердің екі тҥрі бар – оба астындағы топырақ қабір мен сағана-
лақыттар (склеп).
Оба ҥйінділері сақтала қоймаған және қазіргі жер бетінен тҥсті дақ
тҥрінде немесе обаны жиектей ӛскен ӛсімдіктер шоғырының орды бӛліп
тҧруынан ғана байқалады. Ордың диаметрі 8-20 м шамасында ӛзгеріп
тҧрады. Оңтҥстік жартысында қосқыш (ені 1,2-2 м) болады. Әрбір ҥйінді
астында әдетте бір қабір болады, алайда бірнеше рет екі не одан кӛп топырақ
қабірлердің ҧшырасқандығы тіркелген. Қабір шҧңқыры солтҥстік-оңтҥстік
бағытта. Қабір шҧңқырының шығыс қабырғасынан ыдыстар мен мал
сҥйектері (қой немесе сиыр) қойылған шағын қуыстар аршылған. Бірнеше
қабір шҧңқырын бойлай шағын әрі аса терең емес орлар қазылған. Мҥрде
қамыс тӛсенішпен оралған, оны шалқасынан ағаш қабығына немесе тоқылған
қамысқа жатқызған. Жерлеу қҧрал-саймандары бір-ҥш ыдыстан тҧрады, бҧл
жерде міндетті тҥрде «ас ҥй» кӛзесі, қҧмыра, саптыаяқ немесе тостаған
227
қойылады. Ыдыстардың бір бӛлігі қуыстардан, ал бір бӛлігі мҥрденің аяқ
тҧсынан алынады. Алайда мҥрденің бас жағына қойылған ыдыстар (әдетте
кӛзелер немесе қҧмыралар) кездесетіндігі аңғарылған.
Жауынгер-сарбаз
қабірінен пышақ пен қанжардан басқа сҥйек жапсырмалы кҥрделі садақ пен
жебе ҧштары да жиі табылады. Әйел адамдардың қабірінен қола айна, бор
кесегі, ӛзен қабыршақтары, сырға, моншақ, білезік жиі кездеседі.
Жетіасар жерлеу қҧрылыстарының екінші тобын «жер асты» және «жер
ҥсті» секілді екі типке бӛлінетін сағана-лақыттар қҧрайды. Екі типтегі сағана-
лақыттар жоспары тік бҧрышты шикі кірпішпен тҧрғызылған және кірпіш
кҥмбезбен жабылған.
Жер асты сағана-лақыттар арнайы қазылған қазаншҧңқарға салынған
кірпіш камера тҥрінде болып келеді. Тік бҧрышты (орташа 5,5х4 м) немесе
шаршы (5х5 м) жоспарлы камераның ¾ бӛлігі жерге кіріп тҧрады және
кірпіш кҥмбезінің ҥсті топырақпен жабылады. Кейбір жағдайларда
топырақпен жабылған қабырға ҥстінен және ішінара камера кҥмбезі арқылы
кӛлденеңінен ӛтетін екі қатарлы кірпіш қаландысы да анықталған.
Қаландының сытқы шеттері камера қабарғасындағы сызықтан 3,5-4,5 м
қашықтықта тҧрады. Камераның ішкі бӛлігі жоспары бойынша тік бҧрышты
(орташа алғанда 3,6х2 м), оның екі немесе ҥш
қабырғасына жатын-сыпа
(лежанки-суфа) орналасты. Оңтҥстік жағынан камераға дәліз тәрізді аркалы
текпішекті жол тҥседі де, сағана-лақыт қабырғасынан 1-1,5 м шығып тҧрады.
Сағана-лақыт кҥмбезі трапеция пішінді шикі кірпіштен соғылды. Камера
ішіндегі еден, қабырға мен сыпа балшықпен сыланған.
Киізге немесе қамыс жабынға оралған мҥрделер сыпа ҥстіне шалқасынан
жатқызылып қойылған. Олардың жанындағы сыпаға және еденге керамика,
еңбек қҧралдары мен қару-жарақ қойылды. Әйелдердің қасына бор кесегі,
қабыршақ, әдетте мата қапшыққа салынған қола айна қойылған. Сыпа
арасындағы еденге от жағылды.
Сағана-лақыттар бірнеше рет пайдаланылды,
әрқайсысында бірнеше
жерлеу орындары болды. Әрбір жерлеуден кейін арка секілді ӛтетін жер
кірпішпен қаланып, сыланды.
Жер ҥстіндегі сағана-лақыттар да жоспары бойынша тік болды, оңтҥстік
жағындағы дәліз секілді кірер есігі камерадан 1,5 м шығып тҧрды, пахса
блоктары мен бірнеше қатар шикі кірпіштерден (40х30х9 см) тҧрғызылған
камера қабырғалары стилобат платформаға (биіктігі 80 см-ге дейін)
орнатылған. Камера ішінен (5,6х2,6 м) қабырғаны бойлай биік жатын-сыпа
соғылды. Кіретін арка балшықпен қалың етіп сыланған. Қамыс жабын
қалдықтарына қарағанда, жер бетіне салынған сағана-лақыттарға
жерленгендер де сыпаларға қойылған.
Екі типтегі сағана-лақыттарға бай қабір қҧрал-сайман қойылғанымен,
зерттелген ескерткіштердің ежелгі замандарда
тоналғандығы байқалады,
кейбір қаңқалардың жатысына қарағанда, тонау жерлеуден ӛткен соң жҥзеге
асқан, алайда кейбір сағана-лақыттарда кҥміс және қола тоғалы, алтын,
кҥміс, қола әшекейлері бар киім қалдықтары шыққан. Бір рет қана металл