Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет89/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қолөнер. Еңбек кҧралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тҧрғын ҥйлер, тҥрлі 
аспаптар жасауға керекті шикізаттардың кӛпшілігін ертедегі мал ӛсірушілер 
жергілікті жерде ендіріп, еңдеді. Ӛнерлі шеберлер ӛз қауымы мҥшелерінің 
қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылық ӛнімдерін алды. 
Қауым ішіндегі айырбасқа қоса руаралық және тайпааралық айырбас та кеңінен 
тарады. Ҧлы Жібек жолы бойында халықаралық сауда да дамыды. Кен-руда 
шикізаты, бірқатар шаруашылық бҧйымдары, әшекейлер кейде шалғай 
жерлерден тасып әкелінді.
Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумағының ертедегі халықтары 
ӛздерінің батыстағы кӛршілері - скиф-сармат тайпаларына қарағанда темір-мен 
неғҧрлым кейінірек танысты деп топшыланатын еді. Мәселен, Геродот 
массагеттер тайпаларын суреттей келіп, «темір және кҥміс олардың 
кҥнделікті тҧрмысында мҥлде жоқ, ӛйткені бҧл елде ол металдарды атымен 
кездестірмейсің. Мҧның есесіне онда алтын мен мыс мол» деп тура айтады. 
Алайда, зерттеу жҧмыстары б.з.б. I-мыңжылдықтың басында Қазақстан 
аумағының ертедегі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасы, магнитті темір 
жылтыры сияқты тез балқитын кен тҥрлерімен таныс болғандығын кӛрсетті. 
Мҧны б.з.б. VII-VI ғасырларда темірден соғылған бҧйымдардың Орталық 
Қазақстан мен Жетісу обаларынан табылған едәуір жиынтығы (темір 
канжарлар, пышақтар, жҥген әшекейлері), сондай-ақ Аралдың шығыс 
ӛңірінің ертедегі сақтар тҧрақтарындағы тікелей кентастан алынған темір 
балқымасының (кесектер мен қоқыстар) кӛптеген іздері де осыны дәлелдейді.
Мыс пен қалайы ӛндіру неғҧрлым басым болды. Саяқ пен 
Жезқазғандағы, Қалба мен Нарымдағы ірі-ірі тҥсті металлургия 
орталықтарынан алынған қҧрамында кҥшала және қалайы бар қоладан 
жасалған жоғары сапалы қола бҧйымдары темір бҧйымдарымен бәсекеге тҥсе 
алады.
Кен ісі техникасы мен кентасты алғашқы ӛндеу андронов дәуірімен 
салыстырғанда айтарлықтай ӛзгеріске ҧшырай қоймады. Сақ, усунь, кангюй, 
сармат тайпалары әсіресе қола қҧю ісі мен басқа металдарды ӛңдеу 
техникасында елеулі табыстарға жетті. 
Ӛндірістік және шаруашылық-тҧрмыстық мақсаттарға арнап алуан тҥрлі 
бҧйымдар жасалды. Қҧйма қалыптар ретінде қыш, металл, кейде тас 
пайдаланылды. Жебенің қҧйма ҧштары мен қанжарлар жасау ҥшін олар екі 
немесе ҥш ҧялы жармалардан тҧратын карапайым кҧйма калыптарды 
қолданды, сақ металлургтері металл бҧйымдарын жасаудың «жойылатын ҥлгі» 
тәсілімен қҧю сияқты кҥрделі әдістерін де білген. Оның мәні балауыздан 


252 
немесе тоң майдан ҥлгі жасап алып, оның сыртын балшықпен қаптау 
болатын. Балшық кепкеннен кейін қалып тҧтас қыздырылып, еріп кеткен 
балауыздың немесе майдың орнына металл қҧйылады. Нақ осындай тәсілмен 
ірі бҧйымдар: ҥлкен мыс қазандар, қҧрбан шалатын ҥлкен ҥстелдер, ҥлкен 
қоңыраулар қҧйылды. Қҧйма қалыптарда олардың салмақты жармаларын 
бӛлетін тіректер ретінде қҧбырлар деп аталатын арнайы істелген кішкентай 
цилиндрлер қолданылды. Жануарлардың қуыс мҥсіндерін жасау ҥшін мәнерлі 
біліктер мен қҧйма жалғамалар пайдаланылды. Қҧйып жасалған заттардың кӛбі 
кейін қырналып, тегістелді, қажет жерлері бҧрғыланды. Қалайымен аптау 
техникасын меңгеру ертедегі қҧюшылардың елеулі жетістігі болды. Қалайымен 
апталған бҧйымдар онша таттанбайды әрі кӛпке шыдайын еді. 
Шаруашылықтың жаңа тҥрлері, мәдениеттің біршама биік деңгейге жетіп 
дамуы, тҧрмыстың қиындауы келе-келе еңбек қҧралдарының, қару мен тҧрмыс 
және табыну заттарының алуан тҥрлі болуын талап етті. Алайда қола дәуірінің 
шой шҥйделі балталары, қырлы және ҧшты қашаулары, орақтары сияқты қола 
бҧйымдарының ең мінсіз тҥрлері сақталып қалды. 
Ертедегі қҧймашылар ат-тҧрманын, қару-жарақ пен тҧрмыстық керек-
жарақтар жасауға ерекше назар аударды. Ерте сақ заманы жҥгендерінің 
конструкциясы ебедейсіз әрі кҥрделі болатын. Оның қола ауыздықтары екі ҧшы 
кішкентай ҥзеңгі тәріздес етіліп жасалды. Ҥзеңгі тәріздес ауыздықтар жҥген 
жақтауларына айшықтармен жалғастырылды; ҥш тесігі немесе ілгегі бар бҧл 
айшықтар қоладан, сҥйектен, мҥйізден жасалды. Б.з.б. V ғасырдан бастап 
жҥгендер барынша ыңғайлы етіліп жасалатын болды; ауыздықгардың ҧштары 
шығыршықталып, екі тесікті айшықтар шықты, тҧтас алғанда жҥгеннің 
қҧрылысы біршама қарапайым бола тҥсті. Осы уақыттан бастап ауыздық темірден 
жасалатын болды. Ат әбзелдерінің басқа да кӛптеген керек-жарақтары: айылдың 
кҥйма тоғалары, каңылтыр қаптырмалар, тартпалардың айқасқан жерлеріне 
арналған алуан тҥрлі ӛткермелер де мәлім. 
Сақтардың қару-жарағы жебелі шағын садақтардан, парсылар ақинақ деп 
атаған, шабуға да, тҥйреуге де ыңғайлы қанжарлардан, ҧзын семсерлерден, 
сҥңгілерден, найзалардан және бітімі әр тҥрлі (бір жағы істік не жалпак жҥзді, 
екінші жағы балға секілді ҧзын сапты қарулар) жауынгерлік балталардан тҧрды. 
Жауынгердің сауыт-сайманы қоладан істелген дулығадан, шағын қалқаннан және 
жебе салынған қорамсақ ілінген белдіктен тҧрды.
Жебелердің ҧшы әр тҥрлі: коладан жасалған неғҧрлым ертедегі ҧңғылы және 
қысқа сапты тҥрлері болды. Ҧңғылы тҥрлері сҥйір жапырак тәрізді, ромб тәрізді 
немесе бір жағы сҥйір ромб тәрізді болды. Жебелердің сапты ҧштарының қанды 
басы ҥш қырлы етіліп жасалды. Б.з.б. V ғасырдан бастап Қазақстан аумағында, 
сірә, скифтерден ауысқан болса керек, қанды басы ҥш қырлы, ҧңғылы жебелер 
тараған. Жебелердің ҧштары кӛптеп жасауға неғҧрлым ыңғайлы болу ҥшін біркелкі 
тҥрде келеді де, бҧрынғы ҥлгілер біртіндеп қала бастайды. Темірден жасалған 
жебелер шыға бастайды, бҧлардың бастапқылары ҥш қырлы сапты қола ҧштардың 
бітіміне ҧқсас болды. Б.з.б. IІI—III ғасырларда темір жебе ҧштары барлық жерде 
тарала бастайды. 


253 
Б.з.б. VII-VI ғасырларда соғыс канжарлары қоладан қҧйылды. Алғашқы 
ақинақтардың ерекше белгісі саңырауқҧлақ тәрізді қалпақша немесе шомбал 
кесек бәйегі, кӛлденең келген сопақша калағымен немесе кол тірейтін қырымен 
қоса қҧйылған сабы болды. Неғҧрлым кейінгі кезендегі қанжарлардың тҧтқыры 
б.з.б. VI ғасырдың аяғынан бастап ҧштары тӛмен немесе жоғары қараған айшық 
тҥрінде болды. Тҧтқырлар кӛбінесе ғажайып жыртқыш қҧс — самҧрықтың бас 
бейнесімен безендірілді немесе сақиналанып тҧйықталды. Мҧндай канжарлардың 
бәйектері бітімі жағынан кӛбелектің қанатына ҧқсас болды немесе қарапайым 
қалақша тәріздес жасалды. Патша қабірлерінен (Есік) табылған семсерлер мен 
қанжарлар алтынмен апталған. Б.з.б. VI ғасырдың аяғында-ақ темірден не қола 
аралас темірден жасалған қанжарлар кездеседі. Солтҥстік Қазақстандағы Айдабол 
қорымынан табылған ақинак осындай қоспа металдан жасалған қанжарлардың 
мысалы бола алады. Б.з.б. IV-III ғасырлардан бастап соғыс қанжарлары тек темірден 
ғана жасалатын болды. 
Қорамсақтар мен ақинақтар әдетте жауынгерлердің белдіктерімен бірге 
табылады. Сақгардың белдіктері салмақтылығымен ерекшеленген, әдетте 
кҧрастырмалы болып, іші куыс ірі қола қаптырмалардан тҧрған. Мҧндай 
қаптырмалардың сыртқы беті ою-ӛрнекпен әшекейленді, кейбіреуі мҥсіндер 
тәріздендіріліп жасалды. 
Тҧрмыстық керек-жарақтан ең кӛп табылатын олжасы - пышақтар. Олардың 
бәрінің де жетесі шағын тікше, сабының ҧшы дӛңгелетіліп жасалған немесе тура 
сабының ӛзіне дейін тесілген болады. Б.з.б. VI ғасырдың аяғында-ақ қола 
пышақтардың орнына тҥгелдей дерлік темір пышақтар жасалатын болды. Темір 
пышақтар ең қарапайым әдіспен - б. з. б. VII-V ғасырлардан-ақ қолданыла бастаған 
темірді суықтай соғу әдісімен жасалады. Жоны бар темір пышақтар усуньдер мен 
кангюйлер қабірлерінен жиі кездесетін олжалардың бірі болып табылады.
Б.з.б. VII-VI ғасырлардан бастап салмақты, жиегі шығыңқы, дӛңгелек табақша 
қола айналар кеңінен тарады. Олар айнаның сыртына орнатылған ілмегімен 
әйелдердің белдіктеріне ілінді. Б.з.б. V-IV ғасырларда олардың орнына дӛңгелегі 
жайпақ және жиегінде қарапайым тҧткасы бар айналар шықты. Елеулі бір нәрсе, сақ 
айналарының ӛзінің алдындағы андронов айналарынан айырмашылығы — олардың 
бетіне балқытылған қалайы жалатылған, мҧның ӛзі оларды жылтыратып тҧрған. 
Сақ заманында металл ӛңдеумен бірге қолӛнердің тҧрмыстық ыдыс-аяқ жасау, 
тас қашау, сҥйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылық сияқты басқа тҥрлері 
де болды. 
Тайпалардың кӛшпелі салты ыдыстың жаңа тҥрлерін туғызып, жаңа 
материалдарды — металл, тері және ағашты қажет етті. Кӛшпелі тҧрмыс басым 
болған Орталық Қазақстанда керамикалык ыдыс тым аз жасалды, тері, ағаш және 
металл ыдыстар пайдаланылды. Жетісу, Ертіс бойы және Батыс Қазақстанның 
орманды-далалық аудандары сияқты басқа аудандарда керамикалық ыдыстар 
бҧрынғысынша жасала берді. Жетісуда кӛшіп-қонғанда алып жҥруге қолайлы 
тҧрқы аласа, жатаған ыдыстар кеңінен таралды. Олардың арасында жайпақ 
дӛңгелек тостағандар, шомбал саптыаяқтар, текше тәріздес ыдыстар мейлінше жиі 
ҧшырасады. Тҥбі дӛңгелек ыдысты Батыс және Солтҥстік Қазақстанның мал 
ӛсірушілері де пайдаланған, ол бірінен бірі ҥлкейе беретін жеке-жеке таспа сияқты 


254 
саздан жасалған. Жетісудағы усунь обалы қабірлерінен табылған керамика 
тҧрпаты мен тҥрлері бойынша сан алуан. Қазба барысында қоныстардан астыққа 
арналған ҥлкен ыдыстар мен қазандар кӛптеп кездескен. 
Шығыс Қазакстанның таулы аудандарының тҧрғындары тҥрі басқаша қыш 
ыдысты артық санаған. Мҧнда майқҧйғыш тәрізді және тік мойынды кҧмыралар 
мен аласа кӛзелер жиі кездеседі. Б.з.б. V-IV ғасырларда мҧндай кҧмыралардың 
сыртына кӛбінесе қоңыр тҥсті минерал бояумен әшекей салынған. Арал 
маңындағы сақтар мен кангюйлердің қабірлерінен сан алуан керамика 
кездескен: бҧлар – хумдар, ас ҥйлік кӛзелер, су таситын және асханалық 
қҧмыралар, саптыаяқтар, табақтар. Керамиканы отқа қақтайтын ошақ 
қалдықтары табылған. 
Тасқа қашап ӛрнек салу, бір және екі жағынан бҧрғылап тесу және абразив 
материалмен тегістеп жылтырату техникасы кемелденді. Қанжармен және 
пышақпен бірге белдікке тағылып жҥретін қайрақ тас малшы мен жауынгердің 
жанынан тастамайтын заттары болған. Белдікке таққанда ыңғайлы болу ҥшін оның 
жоғарғы жағы арнайы тесілетін болды. Қайрақ тасқа арналған негізгі материал 
қҧмтас болған еді. Бҧл тас неғҧрлым кҥрделі бҧйымдар тастан кҧрбан шалатын 
ҥстел жасау кезінде қолданылды. Мҧндай заттарды жасарда ӛз ісіне жетік шебер 
ӛзекті әрі ӛрнекті қҧмтастың неғҧрлым әдемі тҥрлерін іріктеп алған, ғҧрыптық 
ҥстелдердің аяқтары тҥз тағыларының, әсіресе қасқырдың басымен жиі 
сәнделді. 
Ертедегі сҥйек оюшылар материал ретінде оларға шаруашылык кәсіп пен 
аңшылықтың ӛзі беретін шикізатты пайдаланды. Ең алдымен жылқының, қойдың, 
маралдың жілік сҥйектері, жылқының тақта сҥйектері, марал мен таутекенің 
мҥйіздері ӛңделді. Барлық сҥйектер ӛңделердің алдында ҧзақ қайнатылған. Ӛткір 
металл кҧралдардың жиынтығы пайдаланылып, сҥйектен және мҥйізден жебе 
ҧштары, айшықтар, белдікке салынатын алуан тҥрлі қаптырмалар, тҥйреуіштер, 
тізбелер, жайпақ бедерлі тоғалар мен ілгектер, шаш тҥйрегіштер жасалды. 
Іле ӛзеніндегі Бесшатыр қорымының Тянь-Шань шыршасымен жабылып, 
шірімей сақталған қабірлері, Берел мен Шілікті қорымдарындағы обалар ағаш 
ӛндеу мен ағаш қҧрылыстарды салудың кейбір ерекшеліктерін білуге мҥмкіндік 
береді. Бесшатыр мазарларын салу ҥшін қҧрылыс ағашы Іленің қарсы беттегі 
жағасынан 200-250 шақырым жердегі Іле Алатауының сілемдерінде дайындалды. 
Ағаш кесілген жерде бҧталып, тегістеліп, бӛренелерге кертелер салынған. 
Дайындалған бӛренелер арнаулы ағаш сҥйретпелермен ӛзеннің жағасына 
тасылған, содан кейін байланып, қарсы бетке ӛткізіліп, кҧрылыс орнына 
жеткізілген. Ауыр бӛренелерді ҥш метрден астам биіктікке кӛтеру кезінде иіндер 
мен шығырлар жҥйесі пайдаланылған. Беренелерде сақталған ӛндеу іздері 
балташылық қҧрал-саймандарының ішінде ауыр қола балталар — шапашоттар, 
алуан тҥрлі шоттар, қашаулар, ҥскілер, пышактар болғанын аңғартады. Ағаш 
ҧсталығы да дамыды. Ағаштан сҥт қҧятын ыдыстар, ағаш тостағандар, табақша, 
келілер және ҥй ішінің басқа да керек-жарақтары жасалды, қабықтан зооморфтық 
және ӛсімдік бейнелес кҥрделі ӛрнектер қиылды, олармен ер-тоқымдар, ағаш 
табыттар, жебе салынған қорамсақтар, әр тҥрлі қын-қынаптар әшекейленді. 


255 
Алтай тайпалары ағашты кӛркемдеп оюды меңгерді. Кӛптеген аң 
стилінде жасалған әшекейлердің негізін ағаш қҧрады, содан соң ол алтын 
қаңылтыршамен қапталды. 
Берелден бҥтін самырсын бӛренесінен ойылып жасалған табыт-астау 
табылып, ағаш ӛңдеудегі қима дайындау техникасы анықталған. 
Шикі кірпіштен тҧрғынжай қҧрылысын салу, дуалдар тҧрғызу, ағашты 
пайдалана отырып кҥмбезді және қабықты жабын жасау Арал маңындағы 
сақтарда, Кангюй тҧрғындарында дамыды. Шикі кірпіштерден жартылай 
жер асты, жер асты сағаналарын тҧрғызумен отырар-қаратау мен жетіасар 
мәдениеттерінің ӛкілдері кеңінен айналысты. Кірпіш дуал, мҧнара және 
қаланың басқа да фортификациялық қҧрылыстарын тҧрғызу ҥшін 
пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет