Стан археологиясы


Солтүстік Қазақстандағы тұрақтар мен жерлеу орындары



Pdf көрінісі
бет22/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   157
Қазақстан археологиясы

Солтүстік Қазақстандағы тұрақтар мен жерлеу орындары
Солтҥстік Қазақстанның кӛптеген тҧрақтарының ішіндегі ең назар 
аударатындары Ертістің Павлодар ӛңіріндегі кӛлдік типтегі тҧрақтар. 
Табылған заттардың ең ертедегі кешені Пеньки-1 тҧрағынан шықты. 
Мҧнда пышақ тәрізді тас тіліктері кӛп, олардан әр қилы қырғыштар, 
бҧрғылар, жонғыштар, қҧрама қҧралдардың қыстырмалары, пышақтар, 
жебелердің ҧштары жасалатын болған. Жебе ҧштарының негізгі тҥрлері: ҥш 
бҧрышты, сағасында ойығы бар немесе ойығы жоқ, кӛлемі кішкене, ішінара 
немесе екі жағынан тҥзетіліп ӛңделген. Қыстырмалардың ішінде 
геометриялық тҥрдегі, трапеция бітімді бҧйымдар ерекше кӛзге тҥседі. Ондай 
трапециялар Батыс және Оңтҥстік Қазақстанның, Оңтҥстік-батыс 
Қарақҧмның тҥрақтарында табылған. Әдетте мҧндай заттар мезолиттік 
немесе ерте неолиттік кешендерге тән. 
Тҧрақтағы қыш ыдыстардың бҥйірі тікше, тҥбі дӛңгелек немесе 
сҥйірболып келген. Олар қҧм қосылған саз балшықтан жасалған. 
Ыдыстардың бҥкіл сыртына айқын ӛрнектер салынған; оларда аралары 
шҧңқырша ойықтармен бӛлінген кезектесіп келген тура сызықтар, бҧраң 
немесе ирек сызықтар басым болып келеді. Пеньки-1 тҧрағының ыдысы 
Орталық және Батыс Қазақстанның ыдысынан мҥлдем ӛзгеше, бірақ Орал 
және Батыс Сібір ескерткіштерінің, бәрінен бҧрын Есіл мен Орта Ертіс 
аңғарларынан 
шыққан 
ескерткіштердің 
қыш 
ыдыстарына 
жақын. 
Материалдарды салыстыра талдау Солтҥстік Қазақстандағы неолиттік 
кешендердің мынадай маңызды ерекшелігін айқындауға мҥмкіндік берді: 
егер шақпақ сайман оңтҥстік аудандардың материалдарына ҧқсас болса, 
балшық ыдыстың бітімі мен ӛрнегі Батыс Сібір ескерткіштеріндегі ыдыспен 
бірдей екендігін аңғартады. 
Пеньки-1 тҧрағында жердің ҥстіндегі тік бҧрышты баспаналар ашылды. 
Сірә, ҥйдің қамыспен жабылған ағаш қаңқасы болса керек. Ҥйлер қоныс-
мекеннің шетіне айнала орналасқан; ортада бір қатар болып тізілген ашық 
жер ошақтары бар алаң болған. Оларда жазғы уақытта тамақ дайындалған. 


89 
Ҥйдің ішінде ҥш жер ошақ болды (бірі ортада, басқа екеуі екі жақта); мҧның 
ӛзі ҥйде екі отбасы тҧрған деп топшылауға мҥмкіндік береді. 
Қазақстан аумағында әзірге бірнеше неолиттік жерлеу орны ашылды, 
олар негізінен Солтҥстік Қазақстанда. Жер бетінде жерлеу орнының 
ешқандай сыртқы белгісі жок. Барлық молалардан сҥйектермен бірге 
жебелердің ҧштары шықты; мҧның ӛзі біздің арғы бабаларымыздың аң аулау 
кәсібімен одан әрі шҧғылданғанын ғана емес, сонымен қатар олардын жиі-
жиі соғыс жанжалына қатысқанын да кӛрсетеді. Молаларда қыш ыдыстар ӛте 
аз, ал кейбіреулерінде мҥлде жоқ. 
Неолит дәуіріндегі жерлеу ғҧрпы туралы Железинка ауылы (Пеньки 
тҧрағынан 100 км жерде) жанындағы молаға қарап неғҥрлым толық пікірге 
келуге болады. Мола, сірә, рулық ҧйымдағы ерекше дәрежеге ие болған
әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек қҧралдарының кӛптігі, оның 
ҥсітіне жерлеудің кҥнге табынуға байланысты ерекше ғҥрпы осыны 
кӛрсетеді. Ондай әдет бойынша ӛлік кремацияланатын болған. Бҧл жолы ӛлік 
толық ӛртелмеген; бҧдан кейін денесінің қалдығы ӛлген адамның заттарымен 
бірге молаға кӛмілген; ол заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ҧсақ 
кертпешелермен сәнделген, орақ тәрізді сҥйек қаптырма, жыртқыш аңдардың 
тістері, қауашақтан жасалған ірі моншақтар тізілген алқа бар. Мейлінше 
сәнделген киіммен бірге молаға еңбек қҧралдары (шот, сҥйек біз), аңшылық 
қҧралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сҥйектен жасалған 
ҧштары) және саз балшықтан жасалған, қҧты тәріздес, тҥбі домалақ, кішкене 
ҥш ыдыс салыныпты. Сол жерден қҧланның екі топайы табылды; бҧлар 
қызыл жосамен боялған, бҧл тҥс, ежелгі адамдардың ҧғымынша, ӛртеу, отқа 
табыну рәсімін білдірген. 
Академик Ә.Х.Марғҧлан Жезқазған маңынан бірнеше неолиттік 
молаларды қазып, қызықты материалдар алған. Бҧл жердегі Шом тауларынан 
қазылған аса терең емес қабірлерден еңбек қҧралдары, кентастар шыққан. 
Қазақстанда мезолит пен неолит дәуірі кейбір ӛңірлерде жеткілікті 
дәрежеде зерттелмегеніне қарамастан, ӛзіне тән кӛптеген белгілері қазірдің 
ӛзінде-ақ мәлім. Ол дәуір дала аңшыларының мәдениеті дамыған уақыт еді; 
бҧл аңшылар кӛшіп-қонып жҥрді және қолайлы табиғат жағдайында ӛзендер 
мен кӛлдердің жағасында балық аулаумен де шҧғылданды. 
Аңшылар мен балықшылар дҥниесі шеңберінде болған тығыз мәдени-
шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан айқын кӛрінеді. 
Мҧндай байланыстарды Орта Азияның солтҥстік аймақтарын мекендеген 
келтеминар мәдениетінің немесе келтеминар мәдени қауымдастығының 
тайпалары жӛнінде неғҧрлым анық аңғаруға болады. Ол байланыстар бәрінен 
де гӛрі Оңтҥстік Қазақстанның және әсіресе Батыс Қазақстанның 
тайпаларында анық кӛрінді. Ежелгі байланыстар тізбегі сонау алыс солтҥстік 
пен солтҥстік-батыстағы Орал ӛңірі мен Батыс Сібірге жетіп жатыр. 
Солтҥстік және Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті Орта Азия 
халқының мәдениетіне ҧқсас белгілерін аңғарта отырып, сонымен бірге жаңа 
тас дәуіріндегі Алтай мен Байкал ӛңірі тайпаларына неғҧрлым жақын болды. 
Сонымен, Қазақстанның неолиттік тайпалары мәдени дәстҥрлерінің 


90 
ерекшелігі мен ӛзгешелігін сақтай отырып, кӛршілес аймақтар мен 
аудандардың тайпаларымен тығыз байланыста дамыды. 
Қазақстан жерінде неолит заманында бірнеше археологиялық 
мәдениеттер болғандығын соңғы жылдары атқарылған далалық ізденістер 
нақты кӛрсетіп отыр. Археологиялық мәдениеттер туралы (хронологиясы, 
аумағы, жеке белгілері, ерекшеліктері, ескерткіштерінің жай-кҥйі, т.б.) 
ғалымдар арасында пікір-таластар тоқтай қоймағанымен, біз жекелеген 
кейбір мәдениеттерге қысқаша шолу кеткенді жӛн санадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет