Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


-сурет. Метрологиялық таразы. 9-сурет



бет55/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
Акишев

8-сурет. Метрологиялық таразы.
9-сурет. Торзионды таразы.

Қазіргі уақытта сауда операцияларында өрескео өлшеу таразыларымен қатар дәлдігі өте жоғары электронды салмақ өлшеу құрал-жабдықтары пайданылады (10-сурет). Олардың өнімнің бағасы көрсетілген чек береді жіне өткізілетін барлық өнімдер түрлерінің есебін жүргізудің компьютерлік жүйесіне жалғанған.


Ғылыми техникалық прогрестің дамуы арнаулы өнеркәсәптік саладағы түрлі салмақ өлшеу жабдықтарының әзірленуіне алып келеді. (11-сурет).
Нан өнімдерін өндіру саласында нан илеу машиналарында ұнның қажетті мөлшерін өлшейтін автомукомерлер кеңінен қолданылады.
Температураны өлшеу аспаптары. Шикізаттың, жартылай фабрикаттың, дайын өнімнің, ауаның, сұйықтың температурасын, пештер мен тоңазытқыштар термометр көмегімен өлшейді.
Әсер ету қағидасы бойынша термометрлер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • температурасын өзгерте отырып жұмысшы дененің (сынап, спирт, және т.б) көлемін өзгертуге негізделген дилатометрикалық термометр;

  • температурасын өзгерте отырып тұйық кеңістіктегі газдың пардың және сұйықтың қысымын өзгертуге негізделген монометрлық термометр;

  • электрлік (болометрлер, термометрлер, термисторлар);

  • оптикалық және термохимиялық.






10-сурет. Электронды сауда таразылары: а-үстелдік таразы; б- этикетка басатын; в – тенздатчиктері бар пдатформалы.
Осылардың ішінде кең таралғаны 100, 150 және 3600С шкалалары бар химиялық термометрлер. Лабораториялыө тәжірибеде 0-ден 5500С –қа дейінгі шкаласы бар термометрлер кеңінен пайдаланады, олар кептіру шкафтарына, тамақ қазандарына және термостаттарға қолданылады.
Электрлік термометрлер ұннан жасалатын өнімдерді өндіру үшін газ және электр пештеріне пайданылады.
Қазіргі заманғы кішкентай термометрлер дәлірек және қолдануға ыңғайлы. Олардың массасы 50-120г, өлшеу диапазоны – 50-ден 150, 2000С –қа дейін, қателігі (1±0,2)0С.
Сұйықтың тығыздығын анықтау аспаптары. Сүттің, тұзды ерітінділердің және басқа да сұйықтардың салыстырмалы тығыздығын ариометрлер арқылы анықтайды. Ол ауырлық үшін арнаулы массасы бар төменгі жағы кеңірек шыны түтік. Ариометрлердің жоғарғы жағында бөлінген шкалалар бар. Сұйықтың салыстырмалы тығыздығы қаншалықты аз болса оған ариометр соншалықты терең енеді. Сондықтан тығыздықтың ең төменгі мәні шкаланың ең жоғарғы жағында орналасады, ал ең жоғарғы мәні – төменгі бөлігінде. Сүтке арналған ариометрді лактоденсиметр деп атайды. Мұнда тығыздық шкаласынан басқа төменгі жағында сынап шаригі және жоғарғы жағында шкалалар бар.
Инфрақызыл спектроскопия әдісімен сапа көрсеткіштерін анықтау аспаптары. Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын анықтау үшін инфрақызыл спектроскопия әдісі және «Спектрон 19-2» жаңа ғасырдың аспабы пайдаланылады. (15 сурет). Аспап бидай мен оның өңдеу өнімдерінің сапасын эксперті талдауға арналған, микропроцесорлы контроллермен басқарылады. Бір өлшеу циклі ішінде, яғни 2-3 минут ішінде бір мезгілде сапаның бірнеше көрсеткіш анықтауға болады.

15- сурет. ИК –анализатор «Спектрон 19-2»

Сұйық көлемін өлшеу үшін түрлі өлшеуіш ыдыстар пайдаланылады: өлшеуіш цилиндр – сыртында көлемін көрсететін (5-10 дейін және одан да көп) бөліктері бір қалың шыны ыдыс, сондай-ақ мензуркалар мен колбалар (16-сурет)










16- сурет. Өлшегіш ыдыстар: а – ашық цилиндр; б – тығыны бар цилиндр; в – мензурка; г- колбалар;

Титрлеу процестері үшін түрлі көлемдегі және мөлшердегі шыны бюреткалар, пипеткалар қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет