2.2. Өлшеудің техникалық құралдары
Тамақ өнімдерін азық-түлік шикізаттарының сапасын бақылау кезінде пайдаланатын өлшеу құралдрының кейбірін қарастыра кетейік
Салмақтылық өлшеу техникасы. Таразы бұйымның массасын оның шартты алынған бірлігінің массасымен салыстыру арқылы анықтауға және ежелгі өлшеу құралдарының бірі болып табылады.
Ғылым мен өндірістің дамуына байланысты таразылар жетілдіріп отырды және таразылардың арнаулы түрлері әзірленді. Олардың негізгілерін атап өтейік: лаборатоиялық бақылау әдістеріне, сауда операциялары мен өнеркәсіптік қолданысқа арналған таразылар.
Лабораториялық таразы салыстыру дәлдігі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
өрескел өлшеулерге арналған (дәлдігі граммдарға дейін);
дәл өлшеулерге арналған (10мг-ға дейін);
аналитикалық (дәлдігі 0,2; 0,02; 0,001 мг-ға дейін);
ультрамикрохимиялық (дәлдігі 10-9 мг-ға дейін);
арнаулы (метрологиялық, торзиондық және т.б.)
4-сурет. Ерте орыстық безбендер (а) және ХІХ-ХХ ғасырларда қолданылған безбендер (б)
Өрескел өлшеулер үшін 5- суретте келтірілген таразылар безбен (5,б –сурет) қолданылады.
Мұндай таразылар белгілі бір шекті жүктемеге (1-ден 50-кг-ға дейін) арналған және олардың 2%-ға дейінгі дәлдігі бар (циферблатты таразылардың таразылардың дәлдігі – 0,5%).
Дәл өлшеулер үшін шекті жүктемесі 1 кг-нан 50 кг-ға дейінгі технохимиялық таразылар (6-сурет) пайдаланылады. Бұл таразыларды пайдаланғанда барлық жүкті салу және алу іс-әрекеттерді жабық арретирлерде орындалуы керек.
5-сурет. Өрескел өлшеу таразылары: табағы бар үстелдік (а), шкалалық (б), циферблатты үстелдік (в), және тауарлық (г)
,
6-сурет. Техникалық таразы: 1-табақшалар; 2-қондырғы винт; 3-арртетир тұтқасы; 4-шкала; 5-көрсеткіш; 6-отвес; 7-баланс ұстаушы гайка; 8-доға
7-сурет. Аналитикалық таразы: 1-доға; 2-колонка; 3-арретир.
Жүкөтергіштігі 200 г аналитикалық таразылар (7-сурет) тербелістердің, температураның және ауа қозғалысының әсерін болдырмайтын ерекше кронштейндерге орнатылуы талап етеді.
Шекті жүктеме 1 кг аса жоғары дәлдіктегі метрологиялық таразылардың (8-сурет) бірқатар күрделі құрылғылардан тұратын арнаулы құрылымы бар.
Ол салыстырылатын кірлердің орын ауыстыруға және басқа бөлмеден олардың тербелісін аса оптикалық құрылғы арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Бұл таразылар мемлекеттік эталонның массасын тексергенде пайдаланылады.
Торзионды таразылар (9-сурет) заттардың өте аз санын тез, әрі дәл өлшеуде пайдаланылады. Жүктеменің мәні доғаның металл немесе кварц тірек жіпшелерін бұрау немесе спираль серіппені тартуға күш түсіру арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |