Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет2/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Акишев

Ι БӨЛІМ. СТАНДАРТТАУ НЕГІЗДЕРІ
1 тарау. САПА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарының мақсаты - өнімнің, процестің және көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз ету.
Сапа – объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Сапа деген ұғым үш элеметті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстурылары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шет елдерде, ал соңғы кездерде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқұғын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар.
Оқулықта сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процесске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.
Өнім – процесінің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс - өнімнің өмірлік цикілінің процесстерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс –қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
Көрсетілетін қызмет – беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Тауар – ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу – сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі – қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғарғы деңгейінде экономикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э. Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқандай «тұтынушы өзіне керегін алу керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Сапаның үшінші элементі – көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді.
Сапалық көрсеткіштер – материалдың түсі, бұйымның түсі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады.
Сапа көрсеткіші – тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдер мен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет