Сапаға қойылатын талптардың сипаттамасы
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы.
Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы.
Эргономикалық талаптар – қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмнің ерекшеліктерімен келістіру.
Ресурстардың үнемдеу талабы – шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.
Қауіпсіздік талаптары – зиян келтіру мүмкін қауіп-қатердерді болдырмау.
Сенімділік талаптары – белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайына, техникалық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орыедай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау.
Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және кәдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау.
Технологиялылыққа қатысты талаптар - өнімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі.
Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар.
Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:
Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жұмыс істеуі).
Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |