Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Стандарттау, метрология және сәйкестікті



бет6/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Акишев

1.4. Стандарттау, метрология және сәйкестікті
растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын
техникалық заңнамалар

Техникалық заңнама- техникалық обьектілерге. өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.


2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу туралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған « Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызымет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің басталуы болып табылады.
Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актлеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Осы заң бойынша бұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді:

  • өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу ( өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын) ;

  • ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру;

  • сәйкестікті растау жүйесін ымырашылдандыру және әрбір мүмкін жағдаида сәйкестікті ерікті растау сызбасын енгізу;

  • тәуелсіз және алаламайтын акредиттеу жүиесін құру;

  • Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына көз жеткізу.

Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйытқы болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар:

  • бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше жақын үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады.

  • екінші жағдай – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынын қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.

Осы жағдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты бағыты – тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын мемлекеттің міндетті талаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша кәсіп иелерінің іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы шектеледі және Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу.
Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғарғы деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүниежүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжірибені ескере отырып құрылған.


1.4.1. Техникалық реттеу туралы түсініктеме
Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер және техникалық (тарифтик емес) кедергіні жоюға бағыттылған шараларды қолдану арқылы құра алады.
Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан тауарды нарыққа шығарағанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практикамен салыстырғанда үстеме шығынға әкелетін жағдайларды айтады.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.
Техникалық кедергілерді жоюға қатысты програмалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберінде іс-қимылдарды құрайды.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу санитарлық және фотосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау ен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.
Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келді. (Мысалы, санитарлық ережелермен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.). техникалық реттеудің мұндай жүйесі халықаралық практикаға сәйкес емес. Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжат түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелдеу негізі ретінде қарастырылады.
Техникалық регламенттің мысалы ретінде Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75 пайызы қамтылған.
Өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни оларға үлкен сенім білдіреді. Еркін нарық жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламенттердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды.
Техникалық реттеудің халақаралақ жүйесінің құрамына техникалық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осындай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым сызбасы дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданылады.
Техникалық реттеу объектілері – өнім, көрсетілетін қызмет, үрдістер (процестер). Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметтін жүзеге асыратын және Қазақсатан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің басты элементтері.

  • Өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу , қолдану және орындау.

  • Өнімге өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.

  • Сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу.

Бірінші элемент метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет