Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Халықаралық заңдылық метрология ұйымы



бет75/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
Акишев

8.2.Халықаралық заңдылық метрология ұйымы

Халықаралық заңдылық метрология ұйымы (ХЗМҰ) 1956 жылы қол қойылған үкіметаралық Конвенция негізінде құрылған.Ұйым 80-нен астам елдерді біріктіреді.ХЗМҰ-ның мақсаты-заңдылық метрологияның жалпы сұрақтарын жасау,соның ішінде өлшем құралдары дәлдігінің кластарын белгілеу,өлшеу аспаптарының түрін,үлгілері және жүйелерін анықтау бірегейлігін қамтамасыз ету,метрологиялық сипаттамаларды жаңғырту үшін оларды сынау бойынша нұсқаулар жасау,өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу тәртібін белгілеу,салыстырып тексеру аппараттарын, эталондық,үлгілік және жұмысшы өлшегіш аспаптарды салыстыру, салыстырып тексеру және аттестаттау әдістерін үйлестіру,метрологиялық қызметті ұйымдастырудың оңтайлы нысандарын жасау және оларды қолдану бойынша мемлекеттік нұсқаулардың бірлігін қамтамасыз ету,дамушы елдерге метрологиялық қызметтер құру мен жұмыстарын ұйымдастыруда және оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде ғылыми-техникалық қолдау көрсету,біліктіліктің түрлі деңгейлерін ескере отырып метрология саласында мамандар оқытудың бірегей қағидаларын орнату [3].


1972жылы өткен ХЗМҰ-ның 4-халықаралық конференциясында оның мақсаттары,халықаралық әріптестіктің негізгі міндеттерінің мәнін көрсететін, жалпыланған тұжырымдамамен толықтырылады.Конвенцияға қатысатын елдердің өндіретін шикізат,жартылай фабрикаттар мен өнеркәсіптік өнімдерінің техникалық сипаттамаларының өлшем нәтижелеріне өзара сенімділікті орнату,заңдылық метрологияның жалпы қағидаларын анықтау,өлшем құралдары жауап беруі қажет қажетті және жеткілікті сипаттамалар мен талаптарды орнату.
Кейінгі конференцияларда сертификаттаудың және ИСО 9000 халықаралық стандарттарының негізінде сапаны басқару жүйесін стандартаудың дамуына байланысты міндеттер толықтырылып отырды.Осылайша,1988 жылғы ХЗМҰ-ның 8-конференциясында жаңа көкейтесті міндеттер қатарына ИСО 9000 стандартына сәйкес келетін кәсіпорындарда қолданылатын сапаны басқару жүйесін ескере отырып,өлшем құралдарын,оның өндірушісінде салыстырып тексеру әдістеріне зерттеу жүргізу бойынша ұсыныстар енгізілді.
ХЗМҰ-ның атқарушы-Халықаралық заңдылық метрология комитеті,ол ХЗМҰ-ның әрбір мүше елінің өкілдерінен тұрады.Өкілдердің өздерінің мемлекеттері атынан өздеріне міндеттеме алу құқығы жоқ.Комитет жанында кеңесшілік орган-Президент Кеңесі (ХЗМК-нің) қызмет етеді.Оның құрамына Халықаралық заңдылық метрология бюросының екі вице-президенті мен директоры және Халықаралық заңдылық метрология комитетінің бес белсенді мүшесі кіреді.
Шешімдер әдетте жылда өткізілетін Комитет сессияларында қабылданады,ал ерекше жағдайларда-хат алмасу арқылы Комитеттің қабылдайтын резолюциялары оның барлық мүшелері бірауызды қолдаған кезде жармда деп танылады.
Комитет пен конференция жұмысын Халықаралық заңдылық метрология бюросы үйлестіреді (ХЗМБ-ы Парижде орналасқан).Бюро ақпараттық материалдарды шығарады,құжаттау қорын жүргізеді,метрология саласындағы жетістіктерді насихаттаумен айналысады.Бюро ХЗМҰ-ның қатысушыларымен үнемі өзара ақпарат алмасуды жүргізіп отырады,сондай-ақ әрбір тоқсан сайын «ХЗМҰ бюллетенін» шығарып отырады (ұйым үшін ресми-француз тілінде).
ХЗМҰ құжаттардың екі түрін жасайды:халықаралық құжаттар (ХҚ) және халықаралық нұсқаулар (ХН).ХҚ директивті сипатта болады және ХЗМҰ-ның жұмысшы органдарына арналады,ХН нұсқаулық сипатта және ХЗМҰ-ның мүше елдеріне арналады.
ХҚ және ХН ағылшын,француз тілдерінде басылады және мүше елдерге таратылады.
Сертификаттау және сынау нәтижелерін өзара мойындау өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін мойындаумен тікелей байланысты.Осы бағытта жұмыс істей отырып,ХЗМҰ «Сынау,түрін бекіту және салыстырып тексеру нәтижелерін мойындау туралы екі және көпжақты келісімдерді жасау бойынша нұсқаулар» халықаралық құжатын бекітті [2].
Өзара мойындау туралы келісімдерді жасауға бағытталған ХЗМҰ-ның әзірлемелері Халықаралық өлшем құралдарын сертификаттау жүйесінің,ерікті және ашық жүйе ретінде,құрылу мүмкіндігіне көп үлес қосты.Осы бағыттағы ХЗМҰ қызметі ИСО/МЭК қабылдаған нұсқауларға қайшы келмейді.Керісінші,ХЗМҰ метрологияға байланысты ИСО/МЭК басшылығын ескеріп қана қоймай,ИСО-ның 30 техникалық комитеті жұмысына қатысады.Сонымен қатар ХЗМҰ мынадай халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасайды:МЭК,ЮНИДО,МОМВ (ӨСХҰ), ИМЕКО және т.б.
ИМЕКО-Халықаралық өлшеу техникасы мен аспап жасау бойынша конференция.Оның жұмысының формасы-өлшеу және диагностикалық техниканың даму проблемалары бойынша халықаралық конгрестер мен семинарлар жүргізу.
ЮНИДО-өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ жүйесін ұйымдастыру,оның басты мақсаты-дамушы елдердің индустриалдануына ықпал ету.
Осылайша,әр түрлі бағыттағы ұйымдармен іскерлік байланыс жасау бір мақсатқа бағытталған-ғылыми-техникалық прогресс пен халықаралық экономикалық байланыстарға ықпал ету.
ХЗМҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігінің формалары әр түрлі:жүргізілетін және жоспарланатын жұмыстар бойынша ақпарат алмасу,тапсырмаларға қатысу,аралас комитеттер құру.Олардың барлығы бір мақсат көздейді-жұмыстарда қайталануда болдырмау және қойылған міндеттерді орындаудағы өзге ұйымдардың күш-жігерлерін максималды пайдалану.
ХЗМҰ-на қатысу қабылданатын құжаттардың қазақстандық метрологиялық стандарттарға сәйкестігіне қол жеткізу үшін,олардың мазмұнына белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді.Бұл стандарттарды қайта қарастыруға және стандарттаудың әр түрлілігінен метрологиялық зертханаларды қайта жарақтандыруда шығындарды азайтады.Бірақ,сонымен қатар ХЗМҰ қабылдаған жаңа нұсқаулар елдегі метрологиялық жұмысты жетілдіруге,оларды халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестіруге мүмкіндік береді.
ХЗМҰ сертификаттары.ХЗМҰ-ның өлшем құралдарын сертификаттау бойынша қызметін ерекше атап өткен жөн.1995 жылдың 1 қаңтарынан ХЗМҰ-ның Сертификаттар жүйесі енгізілді.
ХЗМҰ сертификаты- өлшем құралдарының ХЗМҰ-ның Халықаралық нұсқауына (ХН) сәйкестігін растайтын құжат.ХН өлшемдер бойынша техникалық талаптар,сынақ тәртібінің сипаты және есеп беру формасын қамтиды.ХЗМҰ-ның сертификаты өлшем құралдарын өндірушілерге,бұйымның халықаралық талаптарға сәйкес екендігіне кепіл береді.
1995 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша,ХЗМҰ-ның сертификаттау жүйесінде 16 ХН бар (Қосымша 12).Сол жылы 12 елдегі 32өндірушіге ХЗМҰ-ның 130 сертификаты берілген.
Жүйені жетілдіру мақсатында сертификаттау бойынша техникалық кеңесшілік топ (ТАГ-серт) құрылған.Оның жұмысына 13 ел қатысады:Австрия,Қытай,Дания,Германия,Жапония,Куба,Норвегия,Польша,Ресей,Словакия,Ұлыбритания,АҚШ,Югославия.ТАГ-серт жыл сайын ХЗМҰ-на есеп береді,оның жұмысы негізінен хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.Хатшылықты ХЗМБ жүргізеді,жұмысшы тіл-ағылшын тілі.
Жақын болашақтағы міндеттерге мыналар кіреді:өлшем нәтижелерін салыстыру және алмасу жолымен өзара мойындау бойынша жұмыстарды жеделдету;Жүйені сериялы емес өлшем құралдарына тарату;Жүйе туралы ақпарат тарату;ХЗМҰ-ның Сертификаттар жүйесін бір типті өлшем құралдары үшін пайдалану тәртібін жетілдіру.
ХЗМБ-сы ХЗМҰ-на мүше елдердің Жүйенің даму міндеттері бойынша көзқарасын анықтаумен айналысады.Ол үшін басымды бағыттар бойынша ТАГ-серттің жұмысшы баяндамаларына қатысты сұрақ қағаздарын таратады.Өз өнімін ХЗМҰ-ның Сертификаттау жүйесінде сертификаттауға мүдделі өндіруші-кәсіпорындардың ұсыныстарының ішінде өлшем құралдарына сертификаттарды ХЗМҰ-на барлық мүше мемлекеттердің халықаралық мойындауын,Жүйенің автоматты салмақ өлшеу қондырғыларына таралуын ХЗМҰ-ы ескерді.Жалпы алғанда ХЗМҰ-ның өлшем құралдарын Сертификаттау жүйесі кез келген мүше елге осы елдегі кәсіпорындар өндіретін нақты аспаптың ХЗМҰ-ның белгілі бір халықаралық нұсқау талаптарына сәйкестік сертификатын алуға мүмкіндік береді.ХЗМҰ-ның басқа қатысушы елдері ерікті негізде осындай сертификатты мойындау (мойындамау) мәселесін шешеді.1956 жылғы Конвенцияға қосылатын кез келген ел ХЗМҰ-на мүше елдің барлық құқығына ие болады,соның ішінде ХЗМҰ-ның Сертификаттау жүйесіне де қатысты.
Метрология саласында басқа да халықаралық ұйымдар жұмыс істейді.ХРКК (МККР)-Халықаралық радиобайланыс бойынша кеңесшілік комитет; ХТТКК(МККТТ)-Халықаралық телефон және телеграф бойынша кеңесшілік комитет;ХААҰ (ИКАО)-Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;ХАТЭАГ (МАГАТЭ)-Халықаралық атомдық энергия бойынша агенттік;КОСПАР-Ғарыштық кеңістікті зерттеу бойынша комитет.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет