«Стандарттау, метрология және сертификаттау»



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі403 Kb.
#123921
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Өлшеу әдістері

Дәріс жоспары:

1 Өлшеу әдісіне жалпы сипаттама

2 Өлшеу әдістердің жіктелуі

Заттардың құрамын немесе қасиетін өлшеу немесе физикалық шаманы өлшеу үшін белгілі өлшеу әдісі қолданылады.

Өлшеу әдісі – өлшенетін заттың құрамы немесе қасиеттерін немесе өлшенетін физикалық шаманы белгілі заттың құрамы немесе қасиетімен немесе физикалық шама бірлігімен таңдалған өлшеу принципіне сәйкес салыстыру амалы немесе амалдар жиынтығы.

Өлшеу әдістері былайша жіктеледі.

А) Өлшеу нәтижесін алудың жалпы амалдары бойынша:


  1. тура әдіспен өлшеу – тура өлшеу кезінде жүзеге асырылады;

  2. жанама әдіспен өлшеу – жанама өлшеу кезінде жүзеге асырылады;

Б) Өлшеу жағдайлары бойынша:

  1. контактты әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болады (дене температурасын термометрмен өлшеу); 2) контактсыз әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болмайды (объектке дейінгі қашықтықты радиолокатормен өлшеу, домна пешінің температурасын пирометрмен өлшеу).

В) Өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру тәсіліне байланысты:

  1. тікелей бағалау әдісі; 2) өлшеммен салыстыру әдісі.

Тікелей бағалау әдісі бойынша шаманың мәнін тікелей өлшеу құралының көрсетуі бойынша анықтайды (термометр, вольтметрдің). Бұл өдіс бойынша өлшеу жылдам жүргізіледі, бірақ оның дәлдігі шектеулі б.т.

Аса дәлдікпен өлшеу керек болған жағдайда өлшеммен салыстыру әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша өлшенетін шаманы өлшеммен берілетін (ұдайы қайталанатын) мөлшермен салыстырады. Мысалы, тұрақты токтың кернеуін қалыпты элементтің электр қозғалтқыш күшімен компенсатор арқылы өлшеу.



Өлшеммен салыстыру әдісінің түрлері болып мына әдістер табылады:

1) қарсы қою әдісі; 2) дифференциалдық әдіс;



  1. нольдік әдіс; 4) сәйкестік әдістері;

  1. орынбасу әдісі.

Қарсы қою әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шама салыстыру құралына бір уақытта әсер етеді. Мысалы, тең иықты таразыда салмақты оны гирялармен теңестіру арқылы өлшеу.

Дифференциалдық әдісте өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың айырымы анықталады. Мысалы, бөлшектің ұзындығын эталондық өлшеммен компораторда салыстыру арқылы анықтау. Айырымды өлшеу үшін аса дәл өлшеу құралы керек болмайды.

Нольдік әдіс - өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың салыстыру құралы көрсететін нәтижелік эффектін нольге теңестіру. Мысалы – салмақты рычагты таразымен өлшеу, электр тұрақтылығын көпір арқылы оны толық теңестіру жолымен өлшеу.

Дифференциалдық әдісте шаманың мөлшері өлшенетін мөлшерге жуық болуы керек болса, нольдік әдістің жақсы жері - өлшенетін мөлшерден көп есе аз өлшемді қолдануға болады. Мысалы, рычагты таразыда 1 кг-дық гирямен 100, 1000 кг және одан да үлкен массаны теңестіруге болады.



Сәйкестік әдісінде өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың арасындағы айырымды шкаладағы белгілердің немесе периодтық сигналдардың сәйкес болуы бойынша өлшенеді.

Бұл принцип штангенциркульдің нониусын құрудың негізіне қойылған. Осы әдісі уақыт сигналдарын қабылдау кезінде, судың интерференцияны, стробоскоп эффектін пайдалану кезінде қолданылады.



Орынбасу әдісінде өлшенетін шаманы өлшеммен ұдайы қайталанылатын шамамен орын алмастырады (бір иықты таразымен өлшеу).

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өлшеу әдісі дегеніміз не?

2 Өлшеу әдістері қалай жіктеледі?

3 Тікелей бағалай әдісінің кемшілігі неде?

4 Өлшеммен салыстыру әдісі қандай түрлерге бөлінеді?

5 Қарсы қою әдісі қандай принципке негізделген?

6 Нолдік әдісіне мысал келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
№ 6 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Физикалық шама бірліктерінің эталондары

Дәріс жоспары:

1 Эталондарды жіктеу

2 Эталондарды құрудың тәртібі

3 Мемлекеттік эталондарды бекітудің тәртібі

4 Метрологиялық қызметтердің эталондарын бекітудің тәртібі

5 Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі
Шама бірліктерінің эталондары, оларды құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі ҚР СТ 2.3 орнатылады. Эталондарды құру мен қолданудың басты мақсаты, Қазақстан Республикасында өлшемнің қажет етілген дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

Эталонның көмегімен бір шама бірлігін немесе бірнеше өзара байланысқан бірліктерді қайталайды және (немесе) сақтайды.

Қайталауға Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет қолдануға жіберілген шама бірліктері жатады.

Эталондарды жіктеу

Эталондар пайдалану сипатына қарай бастапқы және тәуелді эталон болып бөлінеді.

Бастапқы эталондар, қолда бар эталондардың ішіндегі ең жоғарғы метрологиялық сипаты бар эталон.

Тәуелді эталондар бірлік мөлшерін бастапқы эталондардан алады.

Эталондар дәлдігіне қарай алғашқы, екінші эталондар және жұмыстық 0-ші, 1-ші, 2-ші, З-ші және одан кейінгі разрядтағы эталондар болып бөлінеді. Өздерінің метрологиялық сипаттарына қарай олар мемлекеттік және мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбасына сай келуі тиіс.

Шама бірліктерінің мөлшерін беру бір-біріне өзара тәуелді эталондардың разрядтарының тізбегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте әдетте, осы тізбектегі соңғы эталоннан бірліктің мөлшері жұмыстық өлшем кұралдарына беріледі.

Қазақстан Республикасының эталондары мемлекеттік эталон және мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшелеріне, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтеріне, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне жататын эталондар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен бастапқы ретінде танылған және оның қарауында болатын эталондар мемлекеттік эталондар болып табылады.

Топтык эталондар, бірлікті қайталаудың дәлдігін жоғарлату немесе оны сақтау үшін қолданылатын, бір типтегі өлшем құралдарының, номиналдық мәнінің немесе өлшем ауқымының жиынтығынан тұрады.

Эталондық жиынтыктар, көрсетілген өлшем құралдардардың ауқымдарының бірігіуін көрсететін бірлікті ауқымда қайталауға және (немесе) сактауға мүмкіндігі бар, өлшем құралының жиынтығы.

Эталондық жиынтықтарды физикалық шама мәнінің белгілі бір саласын қамту қажеттілігі үшін құрылады.

Эталондарды құрудың тәртібі

Мемлекеттік эталондарды құрудың негіздері:

- берілген өлшем түрін метрологиялық қамтамасыз ету үшін эталонның қажеттілігі;

- эталон құрудың техникалық мүмкіндігі және оның бірлік мөлшерін қажетті дәлдікпен қайталап беруі;

- мемлекеттік жоғарғы тұрған эталондарды мерзімінен бұрын тозуын болдырмау қажеттілігі;

- салыстырып тексеру жұмыстарын мейлінше оңтайлы ұйымдастыру мүмкіндігі;

- эталондарды салыстыруды қамтамасыз ету қажеттілігінен;

- мемлекеттік жоғары тұрған эталондармен қайталанған бірлік мөлшерінің өзгермеуін бақылау қажеттілігі негіз болып табылады.

Метрологиялық қызметтердің эталондарын құрудың негізі өлшем құралдарын салыстырып тексеру жөне калибрлеу болып табылады.

Мемлскеттік эталондарды бекітудің тәртібі

Мемлекеттік эталондар мемлекеттік ғылыми метрологиялык орталықтың ұсынысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органда бекітіледі.

Мемлекеттік эталондарды бекіту үшін уәкілетті мемлекеттік органға келесі құжаттарды ұсынады:

- баяндама;

- мемлекеттік эталонды құруға арналған техникалық тапсырма;

- мемлекеттік эталондарды сақтау және қолданудың тәртібі;

- мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына арналған нормативтік құжат жобасы;

- метрологиялық аттестатталуы туралы сертификаты;

- мемлекеттік эталонның аттестаттау бағдарламасы (салыстыру әдістемесі);

-мемлекеттік эталонды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы мәлімет;

- мемлекеттік эталонның ғалым-сактаушысын тағайындау туралы ұсыныс;

- мемлекеттік алғашкы эталонның төлкүжаты;

- комиссияның мемлекеттік эталонды бекіту мүмкіндігі туралы қорытындысы.

Уәкілетті мемлекеттік орган берілген құжаттарды, берілген күннен бір ай аралығында қарайды және мемлекеттік эталонды бекіту туралы шешімін шығарады.

Мемлекеттік эталондар белгісінде "МЭ" индексі және ҚР СТ 2.7 сәйкес тіркеу нөмір қолданылады.

Бұл кездерде мемлекеттік алғашқы эталонның белгіленуіне "МАЭ", ал мемлекеттік екінші эталондарға "МЕЭ" индекстері қолданылады.



Метрологиялық қызметтердің эталондарын бекітудің тәртібі

Метрологиялық қызметтердің бастапқы эталондары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру жөне калибрлеу құқығына аккредиттеудің нәтижесі бойынша мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен бекітіледі.

Бекітілген мемлекеттік эталондар және метрологиялық қызметтердің эталондары Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізбесіне белгіленген тәртіпте тіркеледі. Метрологиялық қызметтердің эталондарына 'МҚЭ" индексінен тұратын белгі және ҚР СТ 2.7 сәйкес тіркеу номірі беріледі.

Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі

Шама бірліктерінің эталондары тек мөлшерін берумен байланысқан (салыстырып тексеру, калибрлеу және салыстыру) жұмыстар үшін қолданылады.

Мемлекеттік эталондарды мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы талаптарына сәйкес және де осы жұмыстарды жүргізудің бекітілген тәртіптеріне сәйкес сақтайды, зерттейді және қолданады.

Егер мемлекеттік алғашқы эталонды қолдану мүмкін болмаған жағдайда (жоғалуы, бас тартуы және т.б.), оның міндетін уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша уақытша мемлекеттік екінші эталондарға береді.

Мемлекеттік эталондардың барлық қызмет ету мерзімінде, олардың қайталаған және (немесе) сақтаған бірлігінің мөлшерін өзгеріссіз қалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік эталонның дәлдігін жоғарлату мақсатында, зерттеулер жүргізіліп түрады.

Мемлекеттік эталондар халықаралық салыстыруға түсіп түрады.

Мемлекеттік эталондарды салыстыру, аттестаттау және зерттеу нәтижелерін сәйкес эталондармен жұмыс журналына және эталонмен бірге сақталатын, эталонның төлқұжатына жазу керек.

Метрологиялық қызметтердің эталондарын, метрологиялық аттестаттауды жүргізгендегі белгіленген қосымша талаптарға сай және салыстырып тексерудің нормативтік құжаттарында және де пайдалану құжаттарында белгіленген тәртіпте және қолданудың дұрыстығын қамтамасыз ететін шарттарда қолданылуы және сакталуы қажет.

Метрологиялық қызметтердің эталондарын қажет болған жағдайда салыстырып тексеру қондырғысының құрамына қосады. Оларды төмендегідей бөлуге болады:

- метрологиялық қызметтердің эталондарының қүрамына қосылған, одан, бір немесе бірнеше шама бірлігінің мөлшерін жүмыстық эталондардан жүмыстық өлшем қүралдарына беруге арналған салыстырып тексеру қондырғысы. Мұндай салыстырып тексеру қондырғысына мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына сөйкес, разрядтар тағайындауға болады;

- басқа шаманың бірлігін сақгайтын, метрологиялық қызметтердің тәуелді эталондарына және жүмыстық өлшем қүралдарына функционалды байланысқан қайталайтын, және мөлшерін беретін, метрологиялық қызметтердің эталондарының көмегімен жанама өлшем өдісімен бір немесе бірнеше шама бірлігінің мөлшерін қайталауға арналған салыстырып тексеру қондырғысы.

Салыстырып тексеру қондырғысына кіретін метрологиялық қызметтердің эталондары метрологиялық аттестатталуы туралы және/немесе салыстырып тексеру туралы күші бар сертификаттары бар болуға тиісті.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Шама бірліктерінің эталондары, оларды құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі қандай стандартқа сай орындалады?

2 Эталондар қалай жіктеледі?

3 Мемлекеттік эталондарды құрудың негіздері қандай?

4 Мемлекеттік эталондар қайда бекітіледі?

5 Мемлекеттік эталондарды бекіту үшін уәкілетті мемлекеттік органға қандай құжаттарды ұсынады?

6 Мемлскеттік эталондарды бекітудің тәртібі қалай жүреді?

7 Метрологиялық қызметтердің эталондарын қандай орган бекітеді?

8 Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.

3 ҚР СТ 2.3 ҚР МӨЖ. Физикалық шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер. Жасау, бекіту, тіркеу, сақтау және қолдану тәртібі
№ 7 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өлшеу құралдары

Дәріс жоспары:

1 Өлшеу құралдарына сипаттама

2 Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы

3 Өлшеу құралдарының жіктелуі
Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар - өлшеу құралының осы типінің, өлшеу құралының нормативтік құжатында тағайындалған метрологиялық сипаттамаларының жиынтығы б.т.

Екіншіден, анықтамаға сәйкес, өлшеу құралы шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алады (қайталауды «біледі»).

Үшіншіден, сақталатын бірлік өз мөлшерін өзгертпейді.

Аталған факторлар өлшеу жүргізуді орындауға мүмкүндік береді, яғни техникалық құралды өлшеу құралы қылады.



Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу құралының қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы, өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсер етеді.

Нормаланатын өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы нормативтік құжаттармен тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.

Эксперимент арқылы анықталған метрологиялық сипаттамаларды өлшеу құралының нақты метрологиялық сипаттамалары деп атайды.

Өлшеу құралдарының жіктелуі келесі. Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді.

Стандартталған өлшеу құралдары – стандарттардың талаптарына сәйкес жасап шығарылған және қолданылатын өлшеу құралдары.

Стандартталмаған өлшеу құралдары – бұл өлшеу құралдары талаптарды стандарттау қажет емес деп есептеледі.

Өлшем – физикалық шаманың бір немесе бірнеше берілген мөлшерін ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Физикалық шаманың мөлшері (мөлшерлері) тағайындалған бірліктерде берілген және қажетті дәлдікпен белгілі болуы керек.

Өлшемдер бір мөлшерлі (физикалық шаманың бір ғана мөлшерін ұдайы қайталайтын) және көп мөлшерлі (физикалық шаманың әртүрлі молшерлерін ұдайы қайталайтын) болуы мүмкүн.



Өлшемдер жиынтығы – бір физикалық шаманың әртүрлі мөлшерлі өлшемдерінің комплексі. Ноборға кіретін өлшемдер жеке де әртүрлі қосылып та қолданыла алады.

Өлшемдер магазины – конструкциясы бойынша бір құрылғыға біріктірілген, оларды әртүрлі комбинацияда қосуға арналған приспособлениелері бар өлшемдер жиынтығы.

Өлшегіш аспап - өлшенетін физикалық шаманың мәндерін белгілі диапазонда өлшеуге арналған өлшеу құралы болып табылады.

Өлшегіш сапаптар индикация деңгейі бойынша көрсетуші және тіркеуші деп бөлінеді, ал амалы бойынша интегрирующий және суммирующий болады.

Бұнымен бірге өлшегіш аспаптар тура өлшегіш (прямого действия), салыстыру аспаптары, аналогты, цифралық, өзі жазушы және басушы деп бөлінеді.

Өлшегіш қондырғы – бір жерде финкционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер және басқа, бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған қондырғылардың жиыньығын айтады.

Өлшегіш машина - өлшеулерді үлкен бұйым сипатталатын физикалық шамаларды дәл өлшеуге арналған өлшегіш қондырғыны айтады (күшті өлшегіш машина, бөлгіш (делительная) машина, үлкен ұзындықтарды өлшегіш машина және т.б.).

Өлшегіш жүйе – осы объкттің әртүрлі нүктелерінде бақыланатын объектіге тән бір немесе бірнеше физикалық шаманы өлшеу және әртүрлі мақсаттарда өлшеу сигналдарын шығару мақсатында орналастырылған функционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер, электронды есептегіш машиналар және басқа да техникалық құралдар болып табылады.

Өлшегіш жүйелер арналуы бойынша информациялық, өлшегіш- бақылаушы, өлшегіш-басқарушы және т.б. жүйелерге бөлінеді.

Өлшеу міндетіне байланысты қайта құрылуға жарамды өлшегіш жүйелерді гибкий өлшегіш жүйелер деп атайды.

Өлшегіш-өзгерткіштер нормаланған метрологиялық сипаттарды иеленеді және өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өлшеу сигналына аударуға арналады. Аударылған шама немесе сигнал, әдетте, өңдеу, сақтау, ары да өзгертуге немесе беруге ыңғайлы болып табылады.

Өлшегі-өзгерткіштер өлшегіш техниканың құрамына кіреді немесе өлшеу құралдарымен бірге қолданылады.



Өзгерту сипаты бойынша (қалай өзгертетініне байланысты) өлшегіш-өзгерткіштер аналогты, цифра-аналогты, аналог-цифралы өлшегіш-өзгерткіштер деп бөлінеді, ал өлшеу тізбегінде алатын орны бойынша – бастапқы және аралық өлшегіш-өзгерткіш деп бөлінеді. Бұдан басқа өлшегіш-өзгерткіштер аумақтық және тапсыратын болады.

Бір өлшеу құралында бірнеше бастапқы өзгерткіш болуы мүмкүн.

Бастапқы өлшегіш-өзгерткіш деп өлшенетін физикалық шама біріншіден оған әсер ететін өзгерткішті айтады.

Өлшеу құралы неғұрлым жоғары дәлдікпен өлшейтін болса, ол үшін соғұрлым көп метрологиялық сипаттамалар нормаланады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Нормаланатын өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы?

2 Жұмыс істеу принципі бойынша өлшеу құралдары қалай бөлінеді?

3 Түрлері бойынша өлшеу құралдары қалай бөлінеді?

4 Әрбір өлшеу құралдарына қысқаша сипаттама беріңіз.

5 Өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларына не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с.

2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с.

3 Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и управление качеством: Учебное пособие. - М.:Изд-во ВЗПИ, 1992.-255 с.

№ 8 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары
Дәріс жоспары:

1 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары.

2 Өлшеу құралдарын сынау.

3 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау.

4 Өлшеу құралдарын калибрлеу.

5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.


Өлшеу құралдарының бірегейлігіне мына амалдарды жүргізу арқылы жетуге болады:

  • мемлекеттік сынаудан өткізу;

  • салыстырып тексеру;

  • метрологиялық аттестациялаудан өткізу;

  • калибрлеу.

Өлшеу құралдарын сынау. Сериялап шығаруға арналған немесе Қазақстан Республикасы аймағына шет елдерден партиялап енгізілетін өлшеу құралдары, егер оларға Мемлекеттік қадағалау таралатын болса сынаудан өткізілуі керек. Соңынан сынаудан өткен өлшеу құралдарының типі бекітіледі.

Өлшеу құрылын сынау - өлшеу құралының тағайындалған нормаларға сәйкестігін сынау объектілеріне әртүрлі сынау әсерлерін қолдана отырып деңгейін анықтау үшін жүргізілетін операциялардың жиынтығы. Сынаудан өткізгенде өлшеу құралдарын пайдалану немесе тасымалдау кезінде ықпал ететін факторлардың әсері тексеріледі.

Сынау екі мақсатта: өлшеу құралының типін бекіту мақсатында немесе оны бекітілген типіне сәйкестігіне сынау жүзеге асырылады.



Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау. Егер өлшеу құралының санаулы даналары шығарылған немесе шет елінен енгізілген болса, олар метрологиялық аттестациялаудан өтуі тиіс.

Метрологиялық аттестациялау – метрологиялық қызметтің берілген өлшеу құралдарын, олардың қасиеттерін зерттеу негізінде, қолдану заңды деп майындауы.

Метрологиялық аттестациялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және заңды тұлғалардың осы топтағы өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады.

Метрологиялық аттестация мыналардан құралады:


  • техникалық құжаттарды қарастыру;

  • өлшеу құралдарын эксперттік зерттеу;

  • өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесін тексеру;

  • өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижесін өңдеу.

Метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшеу құралдары пайдалану кезінде салыстырып тексеруден өткізіліп отыру керек.

Өлшеу құралдарын калибрлеу. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары зауыттан (өндірістен), жөндеуден шығарылғанда, импорт бойынша енгізілгенде, пайдалану барысында калибрлеуден өтуі керек. Калибрлеу тәртібін шығарушы зауыт, осы өлшеу құралын иеленуші немесе тұтынушы белгілейді.

Қазақстан Республикасы өлшеу құралын калибрлеу жүйесі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.



Өлшем құралдарын калибрлеу дегеніміз - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін немесе мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы.

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндіруден немесе жөндеуден шыққанда, импорт бойынша әкелінгенде, пайдалану кезінде, осы өлшем құралдарының әзірлеуші, иесі немесе тұтынушысы белгілеген тәртіппен калибрленеді.

Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралдарына басылатын калибрлік белгімен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндері міндетті түрде көрсетілетін калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.

Калибрлеудің енгізілуіне бәсекелестіктің болмауы кедергі жасайды. Мұнда белгілі анықталған қарсылық көрсетіледі. Бірақ заңға сәйкес кәсіпорындар өлшем құралдарын калибрлеуді өздері ұйымдастыруға құқылы және олар калибрлеу жұмысын жүргізу үшін аккредиттеудің құрастырушы органдарында аккредиттелуге қызығушылық білдірмейді.

Калибрлеу жұмыстарының орындалуына келесі нұсқаулар мүмкін болады:


  • кәсіпорын өз бетімен өзінде калибрлеу жұмысын ұйымдастырып, ешқандай жүйеде аккредиттелмейді;

  • өнімнің бәсекелестігін арттыруға қызығушылығы бар кәсіпоырн оны аккредиттелген ұйымның атымен калибрлеу жұмысын жүргізу құқығына өз елінің калибрлеу жүйесінде аккредиттеледі;

  • кәсіпорын сауда негізінде калибрлеу жұмысының орындалу мақсатымен аккредиттеледі;

  • өлшем құралдарын тексеру құқығына аккредиттелген кәсіпорын, бір уақытта сол өлшем түріне калибрлеу жұмысын жүргізу құқығын аккредиттеу аттестатын алады;

  • Мемлекеттік метрологиялық қызмет көрсететін метрологиялық институттары мен органдары бір мезгілде аккредиттеу органы және калибрлеу ұйымы ретінде калибрлеу жүйесінде тіркеледі.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.

Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет пен қатар бекітілген тәртіп бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет аккредитациядан өткен заңды тұлғалардың метролгиялық қызметтері жүзеге асыра алады.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру - өлшеу құралдарының тағайындалған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында жүргізілетін операциялардың жиынтығы болып табылады.

Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша өлшеу құралдары пайдалануға жарамды немесе жарамсыз дап танылады.

Өлшеу құралдары салыстырып тексеру аралық интервалдың ішінде пайдалануға жарамды деп танылады, егер оларды салыстырып тексеру олардың нақты өлшеу құралдарына қойылатын метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігін көрсететін (дәлелдейтін) болса. Салыстырып тексеру арнаулы (салыстырып тексеруге арналған) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Салыстырып тексеру бірліктің мөлшерін эталоннан жұмыстық өлшеу құралына беру процесінің сатыларының бірі болып табылады. Эталонмен байланыстығы өлше бірлігінің қажетті шарты болып табылады.

Салыстырып тексерудің төмендегі түрлері кездеседі:


  • алғашқы;

  • периодтық;

  • кезектен тыс;

  • инспекциялық;

  • сараптамалық.

Көптеген жағдайларда салыстырып тексеру кезінде хаттама толтырылады. Хаттаманың формасы салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжатта беріледі.

Салыстырып тексеру аяқталып, хаттамаға талдау жүргізілгеннен кейін өлшеу құралының пайдалануға жарамдығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады және осы туралы хаттамаға тиісті жазу енгізіледі.

Салыстырып тексеру хаттамасы заңды күші бар негізгі құжат болып табылады, сондықтан оны мұқият толтыру қажет.

Егер реттегіш тораптарға ешкім соқтыртпайтындай керек болса, өлшеу құралына номерленген пломба немесе салыстырып тексеру таңбасының суреті бар номерленген қағаздар (наклейка) ілінеді. Бұл жағдайда өлшеу құралының механизмін таңбаны бұзбай ашу мүмкін емес болып табылады.

Өлшеу құралына таңба қоюмен бірге, салыстырып тексеру нәтижелері оң болған жағдайда бекітілген үлгі бойынша салыстырып тексеру туралы сертификат беріледі. Сертификатта өлшеу құралының қандай нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат беріледі немесе өлшеу құралының көрсетулеріне енгізілетін сілтемелер көрсетіледі.

Салыстырып тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда өлшеу құралы қолдануға жарамсыз екендігі туралы хабарлама жазылады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдарын атаңыз.

2 Өлшеу құралдарын сынау қалай жүргізіледі?

3 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды қандай тәртіпте жүргізеді?

4 Өлшеу құралдарын калибрлеудің жүргізу тәртібі қандай?

5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің қандай әдістері болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.

3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б.


№ 9 дәріс (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет