Үстеу үстеу туралы түсінік Өзге сөз таптары сияқты морфологиялық өзгерістерге енбейтін, етістік сөздеріндегі


Үстеулердің тұлғасына қарай бөлінуі



бет2/5
Дата20.09.2023
өлшемі77 Kb.
#478062
1   2   3   4   5
ҮСТЕУ

Үстеулердің тұлғасына қарай бөлінуі
Үстеу сөздер жасалуына және морфологиялық құрылысы мен құрамына қарай екі түрлі болады: 1) негізгі үстеулер, 2) туынды үстеулер.
1. Негізгі үстеулер. Қазіргі кезде морфологиялық жағынан бөлшектеуге келмейтін, белгілі тұлғада көнеленіп қалыптасқан үстеу сөздерді н e г i з г i ү c т e y л e p дейміз.
Негізгі үстеулерге кеше, ерте, кеш, бұрын, қазір, мана, бағана, әуелі, енді, соңыра, кейін, әлі, дәйім, жоғары, төмен, ілгері, кері, бері, бермен, әрі, әрмен, дәл, әдейі, жорта, әншейін, әрең, азар, дереу, шапшаң, тез, жылдам, үнемі, ұдайы, қасақана, сәл, мейлінше, нағыз, тек, лық, тым, ең, өте, тіпті; aca, әбден, мүлде, орасан, нағыз сияқты морфологиялық құрамына қарай бөлшектеуге келмейтін, осы күйінде бір қимылдық, сындық белгіні көрсететін сөздер жатады.
Негізгі үстеулердің көпшілігіне сын есімнің -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу сияқты шырай жұрнақтарын жалғап мағыналарын күшейтуге болады. Мысалы:
бұрын бұрынырақ бұрындау
ерте ертерек ертелеу
ілгері ілгерірек ілгерілеу
шапшақ шапшаңырақ шапшаңдау
төмен төменірек төмендеу
Кейбір күшейтңіш үстеулерді өзге үстеулердің алдынан тіркестіріп айту арқылы да негізгі үстеулік мағынаны күшейтіп көрсетуге болады. Мысалы: сәл бері, әрі, тым төмен, өте жоғары, тіпті жылдам, тым тез, мүлде кейін т. б.
2. Туынды үстеулер. Өзге сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөз біріктіру және сөз қосарлау тәсілдері арқылы жасалған және белгілі сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы қалыптасқан үстеулерді т y ы н д ы ү c т e y дейміз.
Туынды үстеулердің жасалуының бірнеше түрі болады. Олар мыналар:
а) Сөздің түбіріне әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды үстеулер.

  1. -ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы туынды үстеу жасалады. Бұл — үстеу жасауда үлкен орын алатын өнімді жұрнақ болып саналады. Мысалы: орысша, қазақша, адамша, көзімше, ескіше, біздіңе, бұынғша, әірше.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет