Үстеу үстеу туралы түсінік Өзге сөз таптары сияқты морфологиялық өзгерістерге енбейтін, етістік сөздеріндегі


-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей



бет3/5
Дата20.09.2023
өлшемі77 Kb.
#478062
1   2   3   4   5
ҮСТЕУ

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары есім сөздеріне жалғанып үстеу тудырады. Мысалы: бойлай, осылай, тірілей, шикілей, жаздай, күздей, қыстай, астықтай, ақшалай.

  1. -шалық, (-ша, -лық), -шама, (-ша, -ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктеріне жалғанып мөлшерлік үстеу тудырады. Мысалы: соншама, соншалық, мұншама, мұншалық, осыншама, осыншалық.

  2. -шылап, -шілеп жұрнағы есім сөздеріне жалғанып үстеу тудырады. Мысалы: жылқышылап, итшілеп, Асаншылап, Дуйсеншілеп т. б.

  3. -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнағы есім сездеріне жалғанып үстеу тудырады. Мысалы: қырандайын, қасқырдайын, түлкідейін, қурақтайын, бұлақтайын.

б) -ын, -iu жұрнағы есім сөздеріне жалғанып үстеу тудырады. Мысалы: астыртын, үстіртін.
ә) Көнеленген қосымшалар арқылы жасалған туынды үстеулер. Тілдегі кейбір есім сөздері белгілі септік жалғау тұлғасында қолданыла келе үстеу ретінде қалыптасып қалған. Мұндай үстеулерді ажыратып түбір мен қосымшаға бөліп қарау дұрыс болмайды. Өйткені ол сөздің құрамындағы косымша қазір сол сөздің бөлінбейтін морфологнялық құрамына айналған. Оған дәлел ондай үстеу сөздердің бір кездегі түбірі толық есім сезде-ріңше барлық септік жалғауларына қойылып септелмейді. Тек сол септік жалғау күйінде сол сөзбен тұра алады. Сондықтан белгілі сөздерде белгілі септік жалғау тұлғаларының тұрақта-лып үстеу болып қалыптасқан түрі көнеленген жалғаулар делі-неді. Белгілі есім сөздерімен үстеу болып қалыптасатын (кө-неленетін) барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары болып келеді.
Мысалы:
1.Б a p ыс c e п т i к ж a л ғ a y ы н ы ң к ө н e л e н y i н e н туған үстеулер: алға, артқа, үске, асқа, жатқа, бірге, кешке.
2.Ж a т ы c c e п т i к ж a л ғ a y ы н ы ң к ө н e л e н y i н e н т y F a н ү c т e y л e p: артта, алда, аста, үсте, күнде, жазда, қыста, түсте, жақада, баяғыда т. б.
3.Ш ы ғ ы c c e п т i к ж a л ғ a y ы н ы ң к ө н e л e н y i н e н т y ғ a н ү c т e y л e p: шалқасынан, етпетінен, жүресінен, төтесінен, қырынан, лажсыздан, тосыннан, кеңінен, тікесінен т. б.
4.К ө м e к т e c c e п т i к ж a л ғ a y ы н ы ң к ө н e л e н y i нен туған үстеулер: жайымен, шынымен, ретімен, кезегімен жөнімен т. б.
б) Күрделі туынды үстеулер. Екі не онан да көп сездерді біріктіріп, қосарлап, кейде тіркестіріп қолдану арқылы да үстеулер жасалады. Мысалы:
1.C ө з б i p i к т i p y a p қ ы л ы ж a c a л ғ a н ү c т e yлер: бүгін, биыл, таңертең, қыстыгүні, жаздыгүні, әлдеқашан, түнеугүні, бүрсігүні, соғүрлым, әлдекімше, ендігәрі, әжептәуір т. б.
2.C ө з қ o c a p л a y a р қ ы л ы ж a c a л ғ a н ү c т e y л e p: әрең-әрең, енді-енді, бірте-бірте, күнде-күнде, әлсін-әлсін, қолма-қол, көзбе-көз, бетпе-бет, ауызба-ауыз, жата-жастана, бет-бетімен, алды-алдына, үсті-үстіне, бостан-босқа.
3. T ұ p a қ т ы c ө з т i p к e c т e p i a p қ ы л ы ж a c a л ғ а н ү c т e y л e p: аяқ астынан, қаннен қаперсіз, қас пен көздің apaсында, көзді ашып жұмғанша, ә дегенше, құлан таза т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет