Үстеулердің мағыналық түрлері
Үстеулер тұлғасына қарай біряеше топқа бөлінгені сияқты мағыналарына қарай да бірнеше топтарға бөлінеді. Үстеулердіқ сөйлем ішінде беретін мағыналары алуан түрлі бола тұрса да, оларды негізгі бес топқа белуге болады: 1) мезгіл үстеулері, 2) мекен үстеулері, 3) бейнелік (сын-қимыл) үстеулер, 4) мөлшерлік үстеулер, 5) күшейткіш үстеулер.
1. Мезгіл үстеулері. Етістіктегі айтылған қимыл, амалдың жалпы мезгілін жэне дәл уақытын білдіретін үстеудің түрі м e з-г i л ү c т e y i деп аталады.
Мезгіл үстеулері қ a ш a н? к, a ш a н н a н? деген сүрақтардың біріне жауап береді.
Мысалы: кеше, бүгін, ертең, былтыр, биыл, ерте, ертемен, таңертең, кеш, кешке, бүрын, қазір, күндіз, түнде, енді, әуелі, жаңа, ендігәрі, қыстыгүні, жаздыгүні, әнеугүні, түнеугүні, күздігүні, ертеде, екіншігәрі жуырда, эуелде, ежелден, оқтын-оқтын, күні-түні, қысы-жазы, ертеңгісін, кешкісін, жаздай, қыстай т. б.
2. Мекендік үстеулер. Етістіктегі айтылған қимыл, амалдың болып жатқан, болатын орнын, бағытын білдіретін үстеудің турі м e к e н д i к ү c т e y л e p деп аталады.
Мекендік үстеулер қ a й д a? қ a й д a н? деген сұрақтардық біріне жауап береді. Мысалы: жоғары, төмен, эрі, бері, алда, алға, алдан, артта, артқа, арттан, үсте, үстен, мунда, осында, сонда, ілгері, ілгеріде, кейін, жолшыбай, тұс-тұстан, асты-үстінен, әлдеқайда, әлдеқайдан, осылай т. б.
3. Бейнелік (сын-қимыл) үстеулері. Етістіктегі айтылған қимыл, амалдың сапалық белгілерін, өту тәсілін, жай-күйін білдіретін үстеудің түрі б e й н e л i к (сын-қимыл) ү c т e y л e p i деп аталады.
Кейде бұларды амал үстеулері деп те атайды.
Бейнелік үстеулер қ a л a й? қ,а л a й ш a? к i м ш e? н e ш e? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Мысалы: әреқ, азар, дереу, шапшаң, жылдам, тез, дәл, әншейін.-әскерше, қазақша. адамша, бірге, тікелей, біржола, қолма-қол, ауызба-ауыз, бетпе-бет, емін-еркін, зорға, қапыда, шалқасынан, етпетінен, жүресінен, кезекпен, бекер т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |