9-семинар жұмысы
Тақырып: Грамматикалық стилистикаға байланысты тапсырмалар орындау.
1-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жазба түрде жауап беріңіз.
1. Грамматикалық стилистиканың зерттеу объектісі не?
2.Морфологиялық стилистика мен синтаксистік стилистиканың қолданылу аясы қандай?
3.Морфологиялық стилистика мен синтаксистік стилистиканың өзіндік ерекшеліктері?
4. Синтаксистік стилистиканың қарастыратын мәселелерінің өзгешелігі?
2- тапсырма
Қалаған көркем әдебиеттен синтаксистік стилистикаға байланысты тапсырмалар орындату.
Отыз бірінші сөз.
Естілген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмағы керек; екінші-сол нәрсені естігенде не көргенде, ғибратлану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе-күллі ақыл мен ғылымды толтыратұғын нәрселер (Абай).
3- тапсырма
Синонимдердің сөйлем ішіндегі стильдік қолданылуына байланысты Абай жолынан мысалдар жинау.
Бөтен кісі жоқ.Тегіс өзіне мәлім ағайын,туысқандары. Абай үшін қазір дүние жыртылып, бұзылып, құлап, тозып бара жатқандай. Соған орай бұның бар мүшесі, тәні де солып, семіп, Бер қуатынан соң бір қуаты кетіп, тозып барады. (1-кітап, 597 бет).
Енді бір кезекте Оразбай өзінің қыңыр, қияс, қаскөй мінезі бойынша орайын тауып отырып,әңгіменің бетін Абайға бұрып алды. (1-кітап, 267 бет).
Тұп-тұнық, таза шыныдай, мөп-мөлдір мол су жатыр. Біреулер алға қарай дыбыстап үн қатса, тау іші күңгірлеп, жаңғырып,аз ғана дыбысты да әуліктіріп, алысқа әкетеді. (1-кітап, 149 бет).
4- тапсырма
Анафора мен эпифораға байланысты өлеңдерден үзінділер жинау.
Анафора
Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,
Бір ауыз сөз айықпас дерт жыяды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгі жеткізсе,
Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.
Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.
Бір ауыз сөз таң шолпанын әперер,
Бір ауыз сөз анаңдай боп мәпелер.
Бір ауыз сөз ұл туды деп қуантса,
Бір ауыз сөз әке өлімін әкелер.
Бір ауыз сөз жан тетігін табады,
Бір ауыз сөз мың әуреге салады.
Қимас жандар көз жұмарда қоштасып,
Бір-ақ ауыз сөз айтысып қалады.
Эпифора
Ертеде, ерте, ерте еді,
Ел шапқанның еркі еді.
Хан қахарлы еді,
Қара матаулы еді.
Би беделді еді,
Бейкүнә не көрмеді.
Батыр балпаң еді,
Байғұс жалтаң еді.
Төре сұлтан еді,
Төлеңгіт ұлтан еді.
Күн күңгірт еді,
Дала жым-жырт еді. (Бүгінгі дала І.Жансүгіров)
5- тапсырма
Қаратпа, қыстырма сөздердің стильдік қолданылуына тапсырмалар орындау.
Тәкежан, Қаражан, сендерде тыңдаңдар-деп үйдің ішін тегіс елең еткізді де, жаңа өлеңін оқып кетті.
Қарағым, әжең марқұм сені жалғызым деуші еді.
Қарағым Абай-ай, көшеде жүрсек атымыз үркіп, қаласына сыймайды. Базеке, адамыңа ара түспесем, азамат болам ба?
Дәрмен,сен жасқанба. Мен білемін сен әсіресе Абай ағаңды қинаймын ғой, дос-жаранды әлекке салам ғой-деп жасқанатын шығарсың.
Әрине, Дәркембайдың ақылына, аулына да қоңсы қонсам бүйтер ме ем деп өзім де бармағымды тістеп жүрмін.
Расында, бұрын бұл өзін аға сұлтан Құнанбай баласымын дейтін де, бар Құнанбайдың есебі түптің түбінде Бер жерден шығады деп білетін.
Ендеше, Балағаз ұсталғанша тамам елді көгендеп, тізем десеңші.
(М.Әуезов. Абай жолынан алынған үзінділер)
Достарыңызбен бөлісу: |