Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет20/30
Дата22.08.2023
өлшемі0.6 Mb.
#476179
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
баспаға жіберілді - Қазақ тілінің стилистикасы

Сингармонизм – дауыстылардың бір-бірімен үндесуі. Сингармонизм түркі тілдеріне ортақ заң болып табылады.
Ассимиляция – сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі.
Редукция – дыбыстардың белгілі бір фонетикалық жағдайда әлсіреп, көмескіленуі.
Морфология - тілдегі сөздердің құрылымын, сөз компоненттерін, олардың қызметін, сөздердің түзілу ерекшеліктері мен өзгеру жылдарын, сөз формаларының жасалу және берілу тәсілдерін, сөз мағынасы мен формасының арақатынасын, сөздің грамматикалық мағыналарын зерттеп, тексереді.
Синтаксис сөйлеудің негізгі бірліктерін, сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім.
Морфема – сөз формас ының ең қысқа мағыналы бөлшегі. Морфема сөз құрамы ішінде қолданылады.
Орфография – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.
Антонимдер ( грек.anti қарсы, опуma ат, атау). Орыс антонимы - өздеріне тән сапалық белгілерін сақтап, бір-біріне қарама – қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер.
Лексикология (грек. Leksikos сөздік + logos ілім) – тілдің сөздік құрамын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Пунктуация тыныс белгілері.
Синонимдер орыс. синонимы ( грек.sinonnymos аттас, мәндес) – мағынасы толық немесе жартылай сәйкес келетін бір сөз табына жататан сөздер.
Протеза (грек prothesis – алдында тұру) сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздің алдына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атаушы сөздер бұл дыбыстардан басталмайды.
Ы: лаж, лай, лас, лашын, лау («ылау деп, үй деп дікілдеп» Абай) рас, рақмет, разы, рай, рахат, ранг, распадия, рация.
І: леген, легер, леп, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регрес, ремс, редукция, республика, Ресей.
Ұ: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.
Ү: Рүстем, үрол (роль).
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі өз алдына буын болып тұратындықтан жазуда да жағаласып жүреді.
Орыс (русс), ораза (раза), орамал (румал) сөздерінің басындағы о да протезаның нәтижесі.
Рас, қазіргі көзі қарақты көкірегі ояу білімді қауымның айтуынша р әсіресе л дыбысынан басталатын орыс сөздерінде протезаның күші әлсіреп барады. Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері протезамен айтылады: (ы) станция, (ы( спектр, (ы) станок, (ы) статус, (і) спектр, (і) штрек, (і) стенд, (і) стиль. Мұның жазудағы көрінісі – үстел (стол).
Араб парсы тілдерінде де қос дауыссыдан сөз басталмайды. Парсы сөзі, бізде қосымша, - стан жазудың жұмысы. Дыбысталуы: ыстан (қазағ-ыстан-бағ-ыстан) –істан (тәжіг-істан), үстан (Түрк-үс-тан, гүл-стан), ұстан (башқұр-ұстан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет