Сөйлеу тілінде күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер, бейтарап сөздермен қатар диалект сөздер, кейде тұрпайылау(дисфемизм) сөздер де кездеседі.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекшелік беретін тілдесу сәттері:
Ауызекі тілдесу адамдардың бетпе-бет кездесуі үстінде жүреді;
Ауызекі тілдесу адамдардың жұмыс жөнінде пікірлесуіне, ой бөлісу жөніндегі әрекетіне тікелей қызмет етеді.
Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар бар. Олар:
Жергілікті сөздер (кәсіби сөздер, диалект сөздер) : сым, сәкі(тапшан) шиіт(мақта шаруашылығында қолданылатын сөз) т.б.
Қарапайым сөздер (оның ішінде, ренішке, ұрысуға байланысты сөздер де бюар): көзі ашық(сауатты), доңғал бас(мың), епсектік(икемдік) т.б.
Жекелеген адамдардың көпке ортақ сөздерге ерекше форма, мағына беріп өолданылуы. Мысалы:
-Әй, Рүстембай-ай, бұл көсеуді мен сәнге асынып жүр дейсің бе? (А.Нұрманов).
Бұл жерде көсеумылтық мағынасында қолданылып тұр.
Ауызекі сөйлеуде:
Сұраулы сөйлемдер көп қолданылады;
Толымсыз сөйлемдер жиі қатысады. Мысалы: -Қарағым, кім келді? –Жылқышы.
Сөйлемдердің «Келмегенде ше! Көргенде қандай! Қайдан үлгерсін! Қайдағы пысқан!» сияқты үлгіде құрылған түрлері көп жұмсалады.
Сөйлемдерде қысқарып құрылған сөздер көп кездеседі: алып-ап; келіп-кеп; келгенмін-келгем; барғанмын-барғам т.б.
Бұл тілдік тұлғалар ауызекі сөздің қысқа, эмоциялы болып, екі, үш не одан да көп адамдардың қатысуымен диалог түрінде құрылуын қамтамасыз етеді.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер:
Образды сөздер, бейнелеуіш, суреттеме, көркемдегіш құралдар (теңеу, метафора, метонимия, эпитет, антитеза) мол қатысады. Мысалы: Асқақ үнді әнші сахарының, сол өнер алыбы асқақ атайдай қып, зор кеуденің алып күйін азынатып төгеді. (М.Әуезов).
Эмоционалды-экспрессивті сөздер қатысады. Мысалы: Басқан ізінен садаға кетейін, мырза аға! Қайда ғана жүр екенісің, жалғыз жәдігеріңді жааутаңдатып бізге тастап кетіп... –Салиха «аһ» ұрып күрсініп қалды. (Ш.Мұртаза).
Мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп қатысады.
Шығарма тартымды болу үшін, синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады. Шылаулар, қыстырма, одағай, қаратпа сөздер көркем тілдің морфологиялық ерекшеліктері.
Терминдер, кәсіби сөздер, диалект сөздер, көнерген сөздер қолданыла береді.Бұлар кейіпкердің ерекшелігін, ортасын, білімін, мінезін, қоғамын т.б. көрсету үшін қолданылады.