41. Тіс тканінің биохимиясы, химиялық құрамы, атқаратын қызметі. Tic
тканінін
биохимиясы,
химиялық
құрамы,
атқаратын
қызметі.
19.2.1.Тіс тканінің химиялық құрамы.
Тіс тканінін (эмаль, дентин, пульпа, цемент) химиялық құрамы оның қызметін және
жалпы тістің қызметін анықтайды. 19.1. кестесінде тіс тканіндегі судың, органикалық
және минералдық заттардың мөлшері көрсетілген.
Кесте 19.1
химиялық
компоненттер
органикалық
Эмаль
Дентин Цемент Пульпа
заттар
4,0% 20% 25% 40%
минералды
заттар
93,7%
66,8%
71,8% 20-30%
су
2,3% 13.2% 3,2% 30-40%
19.2.Ауыз қуысы сүйықтықтарының және тістің биохимиясы.
Тістер дегеніміз - тағамды үнтақтауға арналған өте қатты құрылымдар болып
табылады. Тағамды шайнау - ас қорытудың механикалық стадиясы, оның көмегімен ас
қортыту сөлдері: сілекей, асқазан, панкреатикалық және ішек сөлі ферменттерінің әсеріне
үшырайтын тағамның беткі қабаты үлғаяды. Адамда тістердің 2 рет алмасуы жүреді
(ифиодонтты тип). Алғашында онда сүт тістері (сүтті қатардағы 20 тіс) пайда болады,
біртіндеп олар түрақты тістермен алмасады (32 түрақты тістер). Адамның тістерінің
формасы, мөлшері әртүрлі болады және тағам шайнау қабаты да әртүрлі болады, сондықтан
адам гетеродонтты ағзаға жатады. Тістің көрініп түрған бөлігі коронка деп аталады, ол
эмальмен қоршалған, эмаль дегеніміз - ағзаның ең берік заты болып табылады және
зақымдауларға салыстырмалы түрде түрақты болады. Эмальды өндіруші клеткалар -
амелобластар, эмальды мүшенің ішкі клеткаларынан дифференцияцияланады. Эмальдың
астында дентин орналасқан, ол тістің негізгі бөлігін құрайды. Дентин әртүрлі зақым-
дауларға айтарлықтай берік емес. Ол көптеген дентинді түтікшелерден түрады, түтікше-
лердің құрамында дентинді өндіруші клеткалар - одонтобластардың цитоп-лазматикалық
тармақтары бар.