Стоматология факультеті


Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі



бет8/35
Дата01.06.2022
өлшемі266.17 Kb.
#458867
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
биохимия Мухиддин (2)

20. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі.


Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі Ішектің шырышты қабатының клеткаларында липидтер қорытылуының сіңірілген өнімдерінен сәйкес липидтер синтезделеді.Бұл процес-ішек қабырғасында липидтердің ресинтезі деп аталады.Бұл процестің биологиялық мәні мынада:Ішек қабырғасында өзінің физико-химиялық қасиеттері жане құрамы бойынша тағам липидтеріне емес,адам ағзасына сәйкес келетін липидтердің түзілуі.Үшацилглицериндеодің ресинтезінің қайнар көздері-глицирин,моноацилглицирин жане май қышқылдары болып табылады.Сонымен қатар үшацилглиццериндеодің ресинтезі үшін ішектің эпителий клеткаларында синтезделетін май қышқылдары да пайдаланылады.Ресинтез глицерофосфаттың түзілуі жане май қышқылдарының белсенді түрі-ацилКоА-ның синтезінен басталады.Ары қарай ацилтрансферазаның қатысуымен глицерофосфат жане май қышқылдарының белсенді түрлерінен фосфатидті қышқыл синтезделеді ,ол үшацилглицериннің синтезі үшін немесе фосфолипидтедің синтезі үшін пайдаланылады.Сонымен қатар ішектің қабырғасында холестерин эфирлерде синтезделеді. Май тканьі- Адам мен жануарлар ағзасының басты қор липидтері-үшацилглтцеридтер болып табылады ,олар май тканінің липоциттердің клеткаларында жинақталады.Май ткандерінің ролі:Осы жерде липидтер қор ретінде жиналады.Мынандай реакциялар өтеді 1.липогенез 2.липонеогенез 3.липолиз.Соңғы прцесс кезінде БМҚ мен глицерин әрі қарай өзгерістерге ұшырамай қанға түседі.БМҚ улы зат,сондықтан да қанда альбуминге адсорбцияланып,осы күйінде қанда жүреді,клетка мен тканьдер қажет кезінде БМҚ-ын алып қалады.Энергия пайдалану төмендесе жане тағаммен бірге көп мөлшерде көмірсулар мен липидтер организмге түссе май тканьдерінде ТАГ-ның мөлшері көбейеді,себебі липогенездің жылдамдығы жоғарылайды,ал липолиз тежеледі.
21 Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі. Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.Ішек қабырғасында үшацилглицеридтердің қорытылу өнімдері 70-90% бейтарап майларға дейін ресинтезделеді ,олар бауырды айналып өтіп,лимфатикалық жүйе бойымен тасмалданады.Қысқа көмірсутекті тізбегі бар май қышқылдарының бір бөлігі ішек қабырғасынан қанға түседі де,бауырға жеткізіледі.Сонымен қатар ішектен бауырға қан ағынымен липоидтар қорытылуының өнімдері,сол сияқты ішек қабырғасындаресинтезделген фосфолипидтер,гликолипидтер,холестеридтержеткізіледі. Адамның бауырында шамамен 2,9%фосфолипидтер бар.Холиннің бетайнның жане метиониннің қатысуымен олардың синтезі төмендейд,бұл бауырда бейтарап майлар синтезінің күшеюіне жане осы мүшенің майлы инфильтрациясына әкеледі. Бауырда фосфолипидтер синтезінің жылдамдығы қанда холестерин денгейі артқан кезде баяулайды,ал кальций иондары фосфолипидтердің синтезін күшейтеді.Бауыр-холестерин синтезі қарқынды жүретін негізгі мүше 80% Бір тәлік ішінде бауырда 1,5-4,0г холестерин түседі.Бауырда холестерин шамамен 0,3%оның ішінде бос холестериннің үлесі 80%этерифлецирленген холестеринің үлесі20%.Бауырда холестерин синтезінің жеделдеуіне тағаммен түсетін экзогенді холестерин деңгейі төмендеген кезде бауырда холестерин синтезі артады.Бауырда липогенез өтеді.ТАГ-нің синтезі фосфотиді жолмен жүреді.Алдымен глицирин активтенеді АТФ-пен әрекеттесіп,глицерофосфат түзеді,ал соңғы өнім екі активті БМҚ қосып,ТАГ түзеді.Бұл реакция азотты негіздер көп болса ,шамалы жүреді,себебі,фосфатид қышқылы ФЛ түзу үшін жұмсалады.ФЛ-тер өте керекті заттар,бауырдан жеңіл бөлініп шығады,қан арқылы көп мөлшерде басқа тканьдерге еніп,оларды мембрана құрауына пайдаланылады.Ал азотты негіздері жоқ болса,фосфатид қышқылы ТАГ синтездеу үшін жұмсалады.ТАГ-оқшау зат, Бауырда көп жиналса бұл органды май басып етеді.Липонеогенез ТАГ негізінен көмірсулардан синтезделеді.Бұд реакцияның мәні:көмірсулар энергия көзі ретінде пайдасы шамалы қосылыстар , сондықтан да олар липидтерге айналып тотыққан кезде көп энергия береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет