Стоматология



бет158/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

XV Т А Р А У
ПАРАДОНТ АУРУЛАРЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЕМДЕУ
Парадонт ауруларын комплексті емдеу әдістерінің ішінде хирургиялық әдіс басты орын алады. Сондықтан үстіміздегі ғасырдың 60—80 жылдарынан парадонтитті хирургиялық жолмен емдеу кеңінен қолданылып келеді. Хирургиялық әдіс қызыл иек-тегі орнына келтіру, тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын жойып, осы қалталардан аққан іріңді тоқтату үшін және жақ сүйектің қырын орнына келтіріп, тістердің тіс ұясында қозғалмауы үшін қолданылады. Дер кезінде жасалған операцияның нәтижесі жақсы әрі ұзаққа созылады. Терапиялық әдістермен емдеуден кейін кілегей қабықтың тіс қалталарына қараған бетінде ойдым-ойдым қабынған жерлер қалады. Оларды тек хирургиялық әдіспен ғана жоюға болады.
Хирургиялық емді қолданар алдында жақ сүйек қырының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне назар аудару керек: қызыл иекте жұмсақ ет аз, жақ қыры бұзылып төмендеген, ал тіс ұясы мен ұялар арасындағы сүйектер де жоққа тән, осыған байланысты тіс босап, қан айналысы бұзылады. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталары неше түрлі микробтармен, ас қалдықтарымен зақымданып, адам көбіне жүрек, өкпе, бүйрек ауруларымен ауырады. Осы айтылғандарды ескере отырып, дәрігерлер науқасты операцияға жан-жақты даярлайды.
Операцияға дайындау жұмысы мыналардан тұрады:
1. Науқас адам міндетті түрде терапевтің кеңесінен өтуі қажет. Ал керек болған жағдайда басқа мамандармен кеңесіп, олардың қорытындысын дайындық жоспарына енгізеді.
2. Стоматолог-терапевт, стоматолог-ортопед кеңестері мен терапевт мамандардың емдеу жоспары, сондай-ақ стоматолог-хирург жоспары бірін-бірі толықтыруы тиіс.
3. Хирургиялық әдіс ауыздың іші-сыртын толық тазалағаннан (санациядан) кейін қолданылады. Ол үшін: а) кариес пен пародонтит болған тістерді емдеп, жақсы пломба қойылуы; б) қызыл иек-тіс, тіс-сүйек қалталарын тазалап, тіс түбірінің үстіңгі және астыңғы қабатында пайда болған тастардан тазартып, антисептиктермен жуылуы; в) тіс түбірін, және III, IV дәрежелі қозғалатын тістерді алу; г) барлық терапевтік әдістерді қолдана отырып ауыз-дың уылуын жою керек.
4. Жоқ тістердің орнын иммедиат (алмалы-салмалы) протезбен толтырып, қатты қозғалатын тістерге шина протез жасау қажет.
5. Аурудың түнгі үйқысының тыныш болуын қадағалап, қажет болса ұйықтататын дәрі беру керек.
Операция алдында бір сағат бурын қобалжуды басатын әдістер (нремедикация) қолданған жөн. Ол үшін кіші транквилизаторлар: ндаксин, триоксазин, седуксен қолданған дүрыс.
Операция жасарда оның көлеміне, ауыр-жеңілдігіне қарай жансыздандыру әдісін белгілейді. Әдетте, ауырған жерді жансыздандыруға 2% новокаин, 2% тримикаин, 1% лидокаин, ал кей жағдайда наркоз қолданылады.
Қазіргі хирургиялық әдістерді үлкен үш топқа бөлуге болады. I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
1. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюре-іаж);
2. Қызыл иекті тілу (гингивотомия);
3. Қызыл иекті сылып тастау (ггингивоэктомия);
II. Қызыл иек клегей қабығының (мукогингивальная) хирурги-сы;
1. Ауыздықты тілу (френулотомия);
2. Ауыздықты сылып алу (френулоэктомия);
3. Ауыздың кіреберісін жасау (формирования полости рта); Жамау операциялары:
1. Қызыл иек кенересін кілегей қабықпен көмкеру;
2. Парадонтты орнына келтіру үшін жасалатын қүрақ (жамау) операциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет