Стр. 102 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 101
Стр. 103
Қазақстанның ашық кітапханасы
102
Ревякин комсомол ұйымдастырушыларының аттарын атады: маған Володя Толстов кез
болды. Сол күнгі менің үлкен қуанышым да сол еді. Енді нағыз майданға аттанғалы
тұрғанымызда, біріміз командир, біріміз комсомол ұйымдастырушысы болып, Володя
екеуміздің бір бөлімге кез болғанымыз тағдырдың бұйрығы емес екенін білсем де, себебін
түсіне алмай тұр ем, оны да полковниктің өзі ашып берді: екеуміздің кеудемізге де өз
қолымен «Өжеттік үшін деген медаль қадады.
Әшейінде оңай айтыла беретін «өмірлік дос», «өмірлік жолдас» дегендер нағыз жан
берісер сынға түсе бермейді. Ал, қатар тұрып алысқан екі жауынгер бірінің жанын бір әр
күнде он рет алып қалады десек, онымыз жалған да болмайды. Сондай қысылшаңды бір
күн бірге өткізген екі жауынгер, жоғары антты айтыспаса да өмір мен өлім арасында
сынасқан достар болады. Володя екеуміздің, арамыз осындай еді. Оның үстіне, лейтенант
Мирошник менің аз күн болса да сыр алысқан жігіттерімді өзіме берді. Семен Зонин деген
ертегінің батырларындай емес пе! Бір өзін алып, бір батальонға қарсы ұмтылсаң,
тайынармысың! Бәріміздің ішіміздегі нағыз әскер мінезді адам — Петр қандай! Ішкі бір
сырдың күйіндей Сергей ше!
Күн бойы дүние жүзінде қорқыныш дегеннің бәрін еске алмай жүрдім. Уілдеген гуілдеген
гүрсілдеген деген немене ол? Не болғаны үн ғой! Солай емес пе? Жау қару-құралымен
күшті болса, біз жеңіп шығатын сенімімізбен ұлы идеямызбен күштіміз. Жаудың бірлігі
— күште болса, біздің күшіміз — бірлікте!
Арнаулы бөлімдерге арнаулы қару-құрал беріп, лейтенант Мирошник бізді өзі шығарып
салды. Кешке жақын майданның алдыңғы шебіне келіп тоқтадық. Биік белесті маңдайға.
ала, ұзын орманның өн бойын ерлей қазылған окоптардың алдыңғы жағына танкы ататын
зеңбіректер орнапты. Құрыш маңдайды кездеп ату үшін зеңбіректер ағаш жамылып, алға
шығып алып, алдындағы биік белді аңдып отыр.
Енді ілгері басу үшін, біз барлаушының, іңір қараңғысын тосып отырмыз. Жүріс-
тұрысымызды қанша өзгерткенмен күндіз жүре берсең батысқа қарай беттеген бейсауат
тоғыз адам жау көзіне де тез шалынады.
Ағаш жиегіне жасырына орнаған зеңбіректер баяғы таныс майорым Русаковтікі екен. Ол
мана полковниктің, қасында бір көрініп қалғанда біздің дивизиядан екенін біліп, талай
кездесерміз-ау деген ой келіп еді, енді міне, кездесіп те қалдық.
—
Амансыңдар ма, ескі достар!—деп, майор Петр Григорьевич Русаков ағаш
арасынан кездесе кеткенде біз де қуанып қалдық. Өзі де қатты қуанып:
—
Майданда екі рет кездесіп қалу деген немене, білемісіңдер? Ол көрге кіргенше
достық деген сөз!—деді. Володя екеумізді ерекше құттықтап тұрып, менің жағама тағы
бір қызыл үшбұрыш қосылғанын көріп:
—
Қап, білмей қалғаным-ай! Болмаса, көпірде көрсеткеніңді айтып, полковникке арыз
ететін едім,— деді қалжыңдап.
Сонысына қарағанда, менің алғашқы алған медалім Мен аға сержант болғаныма майор
Русаковтың қатынасы бар-ау деп ойладым.
Бізді көріп қалжың айтып тұрғанмен майордың іші қазандай қайнап тұрғаны байқалады.
Соғыстың алғашқы күндерінде талай командирдің шашын жұлып жылардай бір қиынға
кездескені бар. Сол ауыр хал қазір майордың басында еді. Жаудың танкілі лектері, үстіне
киген құрышы аз болғандай, бейбіт жұртты оқ қағар қылып алдына салып, айдап келе
жатыр. Мыңдаған бала-шаға, кемпір-шал артына бұрылса, желкесіне төніп тұрған кек
Достарыңызбен бөлісу: |