Стр. 110 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 109
Стр. 111
Қазақстанның ашық кітапханасы
110
өрмелеп барады. Жалғыз танкы тағы да көпірге барып тоқтады. Тағы да манағы шұбар
жыланның басы көрініп айналаны қарап тұр. Семен мылтығын оңтайлай бастады.
Мен алыстан көретін дүрбіден кезімді алмай отырған бойым, оң жақ шынтағымды қозғап
қалып:
—
Отставить!—дедім.
Пулеметчиктер де оңайға қызығып кете ме деп қауіптеніп едім, барлаушылар әдетін олар
да бұзған жоқ. Егін бастарын тез-тез қозғап, екі адам келе жатқаны айқындалды. Адам әлі
көрінбегенмен егін бастарының қозғалысы екіге бөлініп, бізге қарай жақындап келеді.
Ағаш басынан мысықтай жылжып, сып етіп Сергей де түсе қалды, шұбар жыланның басы
да сып беріп ініне кіріп кетті. Танкы бетін бұрып ала сала, манағы Сергей шыққан ақ
қайыңды атқылай бастады. Екі пулеметтен түйдек ағытылған оқтар жолындағы шырпы
бастарын қайшыдай қырқып, ақ қайыңға барып сонадай соғылып жатыр. Лезде ақ
қайыңның бар жапырағын шегірткедей жалмап, сыпырып түсірді. Жаңа ғана жас әйелдей
төгіліп, жайқалып тұрған ақ қайың, лезде жапырағынан айрылып, саусақ сүйектері
сидиған кемпірдей болып қалды.
Тапсырмаңыз орындалды,—деп, Сергей аман келіп жітті.
Белгілеп ала алдың ба?
Сергей қарындашпен жасаған суретін көрсетті. Өзеннен бастап, сонау алма бақтары барып
тірелетін қырқаға дейін түгел қағазға түсіріп алыпты. Қираған көпір де, шөгіп жатқан екі
танкы да бар. Қырқаның, етегінен бері қарай, әр ағашты тасаланып тұрған топ-топ
танкылар, әр жерде үйіріліп отырған адамдар суретке түгел түскен. Басқа бақылаушы әр
түрлі белгі арқылы пайымдайтын нәрселерді Сережа суретке түсіріп алған.
Толстовтан біржола үміт үзіп өзгеміз кейін оралдық. Радиошы Женкоға жетіп, штабқа бар
жайды баяндамақшымыз. Кейде егіндік жерлермен кейде сай-саламен еңбектеп келе
жатыр едік, жалғыз танкының бізді көріп қалғаны байқалды. Жолындағы шоқ-шоқ тал мен
тікендерді қияқ азу қабандай қырқып, танкы бізге қарай зырғып келе жатыр. Бар
екпінімен қатты жүріп, оқ төгіп келеді.
—
Граната!.. Шөлмек!.. Әзірлен! — деп, қысқа-қысқа бұйрық беріп, жауынгерлерімді
жая жатқызып, танкыны тостым.
Танкымен алысатын жауынгердің ең мықты жауы — зәресі ұшып кету болады. Өзіңнен
мың есе күшті бәлемен кездесіп қалғанда, есеппен істер ерлік керек. Ол үшін, ең алдымен
жүрегің орнында болсын. Темір қалпақтың астынан шашыңның үрпиіп қалғанын сезесің,
бет-ауыз жыбыр-жыбыр етіп, қас-қабағың жыпылықтап кететін кездер болады. Оған
тыйым салатын командирдің қаймықпай берген қатты әмірі болады. Бұғып отырып,
сасқалақтап берген емес, танкыны құлағынан ұстап отырып бергендей, сенімді берілген
әмір керек!
—
Ушаков, алға шық! — Ушаков кеп іркілмей ілгері еңбектеп кетті.
Бірақ біз паналаған шырпылы ойпатқа түсе қалуға танкының да тәуекелі жетпеді.
Қабақтағы қалың егіннен кеудесін ғана көрсетіп тұрып, бізді атқылай берді.
—
Астахов, сол жақ бүйірінен! — дедім. Бүктетіле еңбектеп, Сережа да жөнелді.
Сережа ұзай алмады, жіңішке белі бұратылып, бір талдың түбіне сулай кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |