Стр. 100 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 99
Стр. 101
Қазақстанның ашық кітапханасы
100
үстінде суылдап құйын өтіп бара жатқандай естіледі. Кейде қамысты қирата жапырып
ордалы қабан келе жатқандай, кейде түнде ұшқан топ үйректің қанат қаққанындай ғана
болып, снаряд сынықтары ұшады. Үн де, снаряд та, ұшқындар да жақындап келеді.
Мен жаппаға қайта түсіп, жолдастарыма жайды айттым. Бәріміз де құлағымызды сыртқа
сала отырып, қару-жарағымызды асынып алдық. Жаппаның аузынан жалтыратып тұрып
тазалаған екі әдемі етік көрінді. Одан кейін тізесінің қыры жойылмаған сұр шалбар көзге
ілеге бергенде:
—
Амансыздар ма, жолдастар! — деп, лейтенант Мирошник ішке түсті.
Мирошник жалғыз емес, қасында саяси басшымыз Ревякин бар екен. Бәріміз орнымыздан
тұрдық, екі иығымен төбені тіреп, оңтайсыз еңкейіп Семен Зонин тұр.
—
Демалдыңдар ма, тынықтыңдар ма? — деді Мирошник.
—
Тынықтық, жолдас лейтенант,— деп, мен бәріміздің атымыздан жауап қайтардым.
Политрук Ревякин бізге соғыс басталған күннен бері таныс еді. Әнеугі жолы фашистік
Германияның әр түрлі армандарымен таныстырып еді, бұл жолы Смоленск төңірегіндегі
айқастарға жалпы шолу жасап кеп, жауынгерлердің өздері қортынды жасай аларлық
босағаларға әкеп тіреп қойды. Өзі оқытушы, әр ойын буалдыр айтпай, өресі жеткен жерге
дейін түсінікті сөйлеуге тырысатын адам. Ревякиннің бұл жолғы әңгімесінен біз екі түрлі
нәрсені берік ұстап қалдық. Неміс армиясы күн сайын бөгеліске көбірек ұшырап, кейбір
жерлерде бір жетінің ішінде бір адым ілгері аттай алған жоқ. Екінші, біздің әскердің күн
санап күші кіріп, тәжірибесі молайып, кей аудандарда тұрақты табан тіреске қол жетіп
қалған.
Көпір басында өткен күндерде біз соғыс хабарынан сырт қалып едік. Қазір енді, жиналған
ойымызды Ревякинге айтып, дұдамалымызды сұрап алып жатырмыз. Фашист
армиясының бет алған түрін мен төрт тармақты темір айырға ұқсататын едім. Қазір соның
төрт тармағы да тас кедергіге тіреліп, әрі өте алмай, кейбіреуі майыса бастағандай
көрінетін. Ілгері басқан сайын тас кедергі күшейе түседі, тармақтар бір күні сынады...
Ревякинге осы ойымды айттым. Ревякин әуелі бәрін дұрыс деп бастады да, тереңдете келе
айырдан да, тас кедергілерден де еш нәрсе қалдырған жоқ. Бір жағынан күнбатыс
елдерінің бар қаруын сыпырып алып, армансыз қамданып келіп соқтыққан Германия
темір айырға ұқсамаса, біздің, қарсылықты тас кедергіге ұқсату тіпті олқы екен. Ревякин
баптап қана тереңдеген сайын, айыр мен тас кедергі дегенімнің қандай дәрменсіз
замандардың қаруы екендігі есіме түсті...
Әңгіме аяқталғанша, сырттағы атыс та тоқтады. Мирошник пен Ревякин екеуі біздің
взводты сапқа тұрғызып, ағаштың қалың ортасына қарай алып кетті. Онда бізді дивизия
командирі, полковник Орехов күтіп тұр екен.
Орта бойлы, самайына бурыл кірген жаңа ғана толығa бастаған полковник бізді анадайдан
бақылап тұрды. Қасында тұрған әр түрлі әскер бөлімдерінің командирлерінің ішінен
әнеугі көпір басында кездесетін зеңбірек полкының командирі, майорды таныдым. Майор
полковникке бірдемелерді қадағалап айтып, қолын шекесіне апарып, қоштасты да кетіп
қалды.
Полковник көзі әйелдің көзіндей тым әдемі, өңі көптен ұйықтамағандықтан қуаң, тартқан,
ықшам киінген мүсінді адам екен. Біз команда бойынша қатып-сіресіп тұр едік, полковник
жақындап келіп:
Достарыңызбен бөлісу: |