Стр. 129 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 128
Стр. 130
Қазақстанның ашық кітапханасы
129
Жанға тиер, ойға қонар шындық сөзін шаңқылдатпай-ақ алау-жалаусыз-ақ ойлы түрде
айтқанда да бар мағынасымен жүрегіңе ұялай қалатынын мен бірінші рет Семеннан естіп
тұрғандаймын. Семен кідіріс жасап еді, біз де дем алмай тынып қалдық. Демалыс —
тынысымызға дейін бірге қосып, Семенның, аузынан шыққан әр сөзді ішімізден бірге
айтып тұр екеміз.
И умереть мы обещали,
И клятву верности сдержали
Мы в Бородинский бой.
Семенның алып денесіне қарап, Бородинода ант бергендер де осы сияқты орыс
батырлары-ау дейсің ішіңнен. Семен өлеңді оқып болды да, енді тағынан түсіп қалғандай,
баяғы жұпыны қалпына көшіп, үнсіз ғана орнына барып отырды. Енді ол, байқамай
бірдеме айтып қалған баладай маңдайы тершіп, жүзі қызарып, өзінен-өзі абыржи бастады.
—
Қане таппағаным ойыңды! Алып Семен алтын Семен!— деп, Петр оны құшақтап,
мойнына асылып жатыр. Алқымына келіп тірелген түйнектен әлі босана алмаған Ревякин
үндемей далаға шығып кетті де, мені шақырды.
—
Қалай керемет! Мұндай шығар деп кім ойлаған... Елтіп қалғандаймын. Әрең-әрең
жылап жібермедім,— деді Ревякин.
—
Менімше, бәріміз де жыладық қой деймін,— дедім мең шынымды жасыра алмай.
—
Жаңа келген жастарға да оқып берсінші. Бері шақыршы өзін.
Семен сыртқа шыққан соң, Ревякин оған:
—
Қазір ерекше бір тапсырманы орындауға жүресің, әзірлен! — деді.
Ерекше тапсырманы орындауға жалғыз жүрмейтін әдетіміз бойынша, ақкөңіл Семен
таңданып қалып:
—
Жалғыз барам ба? —деп сұрады.
—
Жоқ, менімен бірге барасың...
Ревякин мен Зонин толықтыру ретінде кеше ғана келген жастарды аралап қайтуға кетті.
Біз оларды өткен түні сыртынан ғана көріп қуанысып қалғамыз. Қандай өнерлері бар,
әзірліктері қандай, ол жағымен әзір таныса алғанымыз жоқ. Бірақ бөлімдеріміз едәуір
шағындап, орталанып қалғанда келген жастарға қатты қуанған едік...
Октябрь мейрамынан кейін, бізге толықтыру ретінде келген жалғыз жастар ғана емес,
орыс халқының, барлық дана-данышпан алыптары келіп қосылғандай сезіледі.
Орыс ойының ғасырлардан асып тұрған ұлы штабы қазір қасымызға келіп орнағандай,
Белинский, Чернышевский, Плеханов, Ленин, Пушкин, Толстой, Глинка, Чайковский,
Горький, Суворов, Кутузов, әр солдаттың қимылына сын кезімен қарап, сенімді үміт,
қажыр-қайрат беріп тұрғандай болады.
Мен ұлы Пушкинмен ең әуелі Абай арқылы танысқан қазақ жастарының бірімін.
Сондықтан болу керек, Пушкин аты аталғанда, қол ұстасып келе жатқан Абайды да
көргендей боламын. Оларға ілесе, ақ сақалынан жеңіс желін ұйтқыта соқтырып келе
жатқан қарт ақын Жамбыл көрінеді. Ойың осылай ерлей береді де, бар елдердің ұлы
адамдарын бізге әкеліп қосады. Өйткені, өз заманының айуандығымен алысып өткен ұлы
Достарыңызбен бөлісу: |