Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 137 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет137/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 137 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 136



Стр. 138

Қазақстанның ашық кітапханасы


137
Бала бізге «дыбыс шығармаңдар» деген белгі берді. Бұл сақтық әкесін көрген соң есіне
түскені де айқын. Өйткені манадан бері өзі сөйлеп келе жатқан. Сұрғылт тас бағананың
қасында тұрған қартаң жұмыскерді көрдік. Бетіне білеуленіп түскен ажымдар да, киінген
түрі де, бурыл мұрты да оның ескі жұмыскер екенін танытып тұр. Оң қолындағы
гранатасымен қарт жұмыскер аржақтағы бір тас сарайды нұсқады. Әр бағананың, түбінен
қолдарына мылтық, граната, автомат ұстаған тағы төрт адам шықты.

Ана сарайда жиырма шақтысы отыр... Бәрі де қара шұбар жыландай киініпті...
Қоршаудан шыға алмай қалған болу керек. Осында келіп тығылды. Біз соларды күзетіп
тұрмыз,— деді қарт жұмыскер.

Сіздер оларды қайдан көріп қалдыңыздар?

Біз завод партизандарынан құрылған отрядтың адамдарымыз. Түндегі күзетті завод
шарбағының төбесінде өткізіп едік,— деп, орта жасты жұмыскер алғарақ шықты. Содан
соң даусын бәсеңдетіп,— әс-әс штабын қиратуды партком бізге тапсырып еді. Бүгін кешке
тағайындап, әзірленіп те болып едік,— деді.
Менің қасымда алты-ақ жауынгерім бар, жұмыскерлер төртеу, баламен бесеу... Мен
гранатамды қолыма алдым да жауынгерлеріме де сол белгіні бердім. Жауынгерлерім де
соны істеді. Бала көзін маған қадап, о да қару сұрап тұр. Мылтығымды балаға құшақтата
салдым да:—

Қашқаны болса, атарсың... Әкеңнің қасында бол! — дедім.
Бала қуанып кетті. Өзінен ұзын мылтықты қып-қызыл болып тоңған саусақтарымен
қапсыра ұстап, бағанның түбіне қалшиып тұра қалды. Қарт жұмыскер баланың әкесі болу
керек, маған алғыс кезімен жымиып қарады.
Сазды шалшықтан аттағандай, кең-кең аттап, дыбыссыз ғана, немістер жасырынған тас
сарайға жақындадық. Ауыр темір қақпасы жабық тұр. Не істеу керек?.. Қарт жұмыскер
сарайдың, шарбағына шығатын баспалдақты нұсқап, ернін жыбырлатады.
Басқаларды қақпа жақта қалдырып, Толстов екеуміз сарайдың төбесіне шықтық.
Сарайдың төбесіне іштен қатынасатын баспалдақ алынып қойылған, үңірейіп орны ғана
тұр. Көз үйренген соң абайласақ, сарайдың шарбағында да кеп мүлік жатыр. Ауыр
жүктерді көтеріп түсіретін жуан темір арқандар екі жерден сарайдың ішіне түседі екен. Ол
жерлерде қақпақ жоқ, құдықтай үңірейеді. Сырттағы баспалдақтың қақпасына қайта келіп,
тыстағы жолдастарға ыммен сөйлеп, қалай қимылдайтынымызды түсіндірдім:

Қазір біз ішке граната тастаймыз, сол кезде сендер де ұмтылыңдар!
Біздің төбеге шыққанымызды немістер де сезіп қалған екен. Мен сырттағылармен
ымдасып тұрғанда іштен бірнеше автомат дүрсе қоя берді. Әлгі тесіктердің бірінен
Володяны атып түсірді ме деп, мен де тез кейін бұрылдым. Сүйткенше болған жоқ,
төбеден тасталған екі граната ішке түсіп, гүрс-гүрс қатар жарылды.

Володя! Бармысың? — дедім.

Гранатаңды әкел!—деді ол.
Мен де бір тесіктен екі гранатаны тастап жібердім, қақпа жақтан да жарылған граната
даусы естілді. Автомат үні тына қалып, буалдыр көк түтінге аралас ыңырсыған адам үні
естілді. Сыртқы қақпа ашылып, сарайдың ішіне жарық түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет