Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 169 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет171/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 169 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 168



Стр. 170

Қазақстанның ашық кітапханасы


169

Қолыңда отырған әсем хатты әйел ғана жазған болар.

Әйелдер әсем хат жазуға олақ келеді.

Не дейді!

Есіңде болсын, олақ келеді.

Е, сен үйренген адамсың ғой, бірдеме білетін шығарсың...

Дауласпа, білем...

Дегенмен қолыңдағы хатты әйел жазғанына бәс тігем!

Бәс тіксең, ұтқаның... — Ендеше, әйел жазған болды ғой? — Гуля жазыпты...
Біздің дивизияны толықтыру аяқталып келеді. Ол екі арада едәуір демалып қалдық.
Жауынгерлер ине-жіптен жаңа шыққан киімдерін киіп, жалт-жұлт етеді. Әлі тер сіңбеген
ішкі киім, қыры сынбаған сыртқы киім, сықырлаған жаңа етік, бірінші рет тағылған погон
солдат көңілін қатты көтеріп тастады. Екі жылдан асқан соғыс кейістігі ұмытылып, әр
солдат майданға жаңа келе жатқандай қызу да, сергек те. Кеудеге қатарланып қалған
орден мен медальдар тыстан естілген шолпыдай сыңғырлайды. Бұл бір көңілге өте жайлы
тиетін сыңғыр. Етігіміз де сықыр-сықыр етеді. Ұлтандары табан елі, Берлинге дейін
аяңдасаң да шыдайтындай көрінеді. Осы етікпен Берлинге же» терміз деген ой кейде шын-
ақ келіп қалады.
Вася жаңа формалы киімдерін киіп, орден медальдарын жарқыратып тұрып қаз-қатар
тағып алып, сыңғыр да сыңғыр, сықыр да сықыр еткізіп, ұзын залды өрлей адымдап,
отыра алмай жүр. Тыныққан қырынған, сөз жоқ, сұлуланып кеткен. Жақында жарығы
жымыңдап, музыкасы ыңыранып жатқан қала бақшасы болса, ендігі кетіп те қалған болар
еді. Ол бұл маңда жоқ... Сондықтан әрқайсымызға бір келіп, ойнақы сұраулар беріп,
қалжың іздеп жүр. Әйелің демей, қатының дегенді де қалжың туғызу үшін, маған әдейі
айтты.
Васяның әшейіндегі жинақтылығы бәрімізге де мәлім болғанмен қызу үстінде ескі
ботинкасын шығарып тастауды әлі ұмытып жүр. Тұмсық жағы қыс бойы қасқыр кеміріп
шыққандай ескі ботинкасының түсі сары болған ба, қара болған ба, әлде тіпті ақ болған
ба, оны қазір ешкім айыра алар емес. Шөлдеген бақадай аузын ашып, маған қарап
қатарласа. қойыпты. «Ескерткіш етерсің, өзіңде қалсын» деп, бұл ботинканы біздің
шаруақор старшина да алмай қайтарған.

Ботинкаларыңның қарны ашып тұр білем, Вася... Бірдемені асатып жіберсеңші,—
дедім, қалжың іздеп жүрген жолдасыма. Вася кілт еңкейіп, ботинкаларын алып, далаға
шығып кетті. Бұл күнге дейін киіп келген киімінен енді өзі де жеркенетіндей, саусақ
тарының ұшымен ғана
ұстап барады. Бала кезімде үйге кіріп кеткен бақаны шығарып тастарда мен де осылай
ұстайтын едім.
Васяға осылай бір «тойтарыс» беріп тастап, мен Гуляның хатына қайта үңілдім. Васяның
қалжың сұрауынан кейін, хаттың әрбір сөзі жан-жаққа өре жөнелген құмырысқадай
бытырап, ешбір сөздің мағынасын ұстатпай қойды. Әрбір сөз: «Ие, осы сенің әйелің
қайда?» деп тұрғандай көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет