Стр. 171 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 170
Стр. 172
Қазақстанның ашық кітапханасы
171
халқының анты да көрсетілген екен. Самед туған елінің ерлігін жолдастары тағы бір еске
алып, тағы бір мақтау айтса екен дегендей болып тұр:
—
Ұлуы ант, ұлуы ант! — деп бастады да, жастарымыз жастығымен кәрілеріміз аппақ
сақалымен берген ант! — деп аяқтады.
Мен Самедтің ойына түгел қосылдым да, өзім де мақтанғым келіп кетіп:
—
Біздің Қарағанды қазір Донбасс ағасының орнын басып тұр! Қазақстанның мысы
мен қорғасынына текелер жер дүние жүзінде бірді-екілі ғана екен!—дедім.
Теріс қарап, хат жазып отырған Вася кенет бұрылып:
—
Тексерілуі бітсе, ешбір теңдесері болмайды! -—деді.
Самед енді елеуреуін қойып, балаша жымиып қасыма келді де:
—
Мақұл, ортақ Костя! Ешкім теңдесе алмас болғаны мақұл! — деді.
Осыған үнсіз серттескендей қол алыстық.
Васяның хаты шығыңқырамай отырғанын мен манадан сезіп отырмын. Қарындашы
тақтай тумбочканы шегелеп жатқандай тақ-тұқ жорытқанмен екі-үш тарақ қағазды
уқалап-уқалап еденге тастады. Поэмасы, я болмаса, романы икемге келе алмай отырған
ақын мен жазушы тап қазіргі Васяға ұқсайтын сияқты көрінеді. Асығыс тықылдаған
қарындаш, «ыс!» деп қалған қалам, айналаң жапырақ-жапырақ ақ қағаз...
—
Әлгі жаңа салынып жатқан завод жайында не айтыпты?—деді Вася, орындығының
төрт тұяғымен еденді сықырлата сызып, (маған бұрылып.
—
Бітіруге жақын қалыпты...
Гуляның хаты екеумізге бірдей арналып жазылса да, мен өлі өзім де айрыла алмай, Васяға
бере алмай отырмын. Хат оның қолына бір көшсе болғаны, ол да маған қайтармайды.
Өйткені, оның ішінде «өндіріс мәселелері» бар...
—
Әлгі бір әйгілі металл табылған жердің аты немене еді? — деді Вася.
Бет-аузы қызарып, көзіндегі манағы ойнақылық сөніп, әдемілеп тарап қойған күрең
шашының арасына саусақтары да талай барып қайтқаны анық көрініп тұр. Уқаланған
тарақ қағаздардың саны да көбейіп кетіпті... Көрші бөлмеден біреу дамылсыз тықылдатып
жатқандай, манадан бері қарындаш та тыным тапқан жоқ.
—
Қазір айтайын,— дедім, өзім де бірден есіме түсіре алмай қалып.
—
Бірдеме деген өзен болу керек маңайында,— дейді Вася, менің есіме тезірек
түсіргісі келіп.
—
Біреу емес, үшеу еді ғой...— дедім, әлі де аттары есіме түсе қоймай.
—
Үш өзен бар ма еді?
—
Жоқ, әйгілі металл табылған жер үшеу... Гуля солай демеп пе еді!
—
Ту — деп, Вася қынжылып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |