Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 201
Стр. 203
Қазақстанның ашық кітапханасы
202
—
Бұ Алдаркөсе һәм осында келіш керек...—деді.
Содан бері Самед бізге ең қадірлі аға да болып кетіп еді...
Геленджекке көшеді екеміз деген хабар жарты-ақ сағатта шынға айналды. Таманьның
батпағынан аяғымызды сорпылдата суырып әрең құтылып, катер қайыққа бір мініп едік,
содан қайтып оралған жоқпыз ол маңға..
Таң жаңа атып келеді. Түннің бар қараңғылығы жар астына жиналып қалғандай, теңіз
жағасы тіпті қарауытып кетіпті. Толқынсыз су қорғасындай ауыр сезіледі. Қайықтың екі
езуінен есілген су шымырлап қана қайнағандай, сыңқ-сыңқ етеді. Қазір суға күмп
беретініңді сезініп, бар денең ширығып, тітіркеніп қояды.
Қайық биік жарлы жағаға жақындап келді де, жамбастай бұрылып, қайта шалқайды.
Құшақтасқымыз келгендей құшағымызды аша, тұнжырап жатқан суық суға біз де қойып
кеттік. Әлдеқайдан сүңгіп шыға келген кеп қайық тып-тыныш жатқан теңізді шайқап-
шайқап жібергендей сезіледі. Жан-жағымыздың бәрі топырлап суға түсіп жатқан
жауынгерлер. Тоғытқан қойдай, бастары ғана қылтыңдап, жағаға қарай жүзіп барады.
Теңіз беті шұбартып кетіпті... Жағаға бұрын шыққан жауынгерлер тас жағаны шаңқ-шаңқ
еткізіп атып та жатыр.
Іштей бәсекесі бар Петр мен Володя қатар жүзіп барады. Жүгі ауыр Петрден Володяның
әлдеқашан озып кететін жайы болса да, әдейі алыстамай, қатар шыққалы бара жатқанын
мен де аңдап келем. Бойлары ұзынырақ Егор мен Самед едәуір жерден-ақ аяқтай бастап
еді, «жүзіңдер!» — дедім, әмір үнімен.
Екеуі су бетіне қайтадан созыла қулап, жүзіп кетті... Біз жағаға шығып үлгіргенше
жүйткіп есіп қайық та қайта келіп қалды. Сен де асығыс жүзіп кеп қайықтың ернеуіне
жармасасың... Осылай, үш рет жағаға шығып, үш рет қайыққа міндік... Киім біткен
дегенге жабысып, темірдей қариды. Сыртың ғана емес, шегін, мұздап кеткен сияқты.
Көгеріп кеткен еріндер қыбыр-қыбыр етіп орнында тұра алмайды:
—
Се-се-сен...
—
Ме-ме-мен...— деп сөйлесеміз...
Манағыдай емес, енді жағаға қарай ұмтылғанда Володя шортандай ағып, Петрге қарай
алмай, бұрын шығып кетіп жүр. Петр одан бір-екі рет бұрынырақ оқ шығарып еді,
Володяға ере алмайтынын көріп, ызаланып алыпты. Құлаштай жүземін деп, пилоткадан
басқаның бәрін су қылып болған соң, аянбай қимылдап, Володяны қуа жүзеді.
Бәрімізден әлсізірек Сережа теңселіп қалды. Биік жағаға тырбаңдап әрең шығады. Әлі бір
оқ атып үлгірген жоқ. Ол бақадай тырмысып биік жардың ортасына жеткенше қайық
келіп қалады да, Сережа артымен сырғып кеп құлайды...
Үшінші реттен кейін бір сағат демалыс беріліп, қырға шықтық. Әркім бір жартасты ықтай
шешініп, киімдерін бұрап, сығып, кебініп жатыр. Қырауытып, түксиіп тұрған тасты жаға
теңізден де суық сияқты. Қызуы жоқ күрең күн көтеріле беріп, қалың бұлттың арасында
ықтай қойғандай, қайтып көрінбей кетті.
Мұхаммед пайғамбарым арақыны харам деген...— деп Самед ақ сауытты аузына апара
жатыр. Тістері сауытқа сақ тиіп, спирт езуінен тамшылап кетті.
Болдырған оттай тізесіне соқтығысып, дірілдеп тұрып Сережа қыр көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |