Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет207/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 204



Стр. 206

Қазақстанның ашық кітапханасы


205
бұзаудың үстінен де қарғып кету керек... Әлдекімнің жермен-жексен боп жатқан жер
үйінің төбесінде ойнап жүрген лақтарға да соға кету керек...
Сондай жер үйлердің бірінде мен де өстім. Неғып басып қалмаған, басып қалса, үнің де
шықпас еді-ау деген ой кейін балалар үйінде келетін еді.
Сондай үйдің бірінде Шеген де туып-өскен сондықтан екеуміз бір ауылда туып-өскендей,
балалық шақтан еске аларымыз да көп екен. Кейде сондай бірдемелерді еске алудың
зияны да жоқ. Өйткені, таң алдындай буалдыр өткенге ілесе, жазғытұрғы науетек
дүниедей бүгінгі көркем өмір көз алдыңа келеді.

Анау милиционер ағай қайда екен осы? Бізді оқысын деп жанын салатын еді
байғұс! — деді Шеген.

Ол сегіз жылдан бері біздің колхоздың председателі!

Қойшы, ей? Адресін берші маған. Алғыс айтуға қарыздар бір адамымыз сол кісі еді
ғой. Тым болмаса, суретімді жіберейін,— деп Шеген қойын дәптерін суырып алды.—
Таныса отыр...— деп, маған өзінің әйелі мен екі жасар қызының суретін ұсынды.

Қызымды ешкімге бермеймін! — дегендей, жас келіншек қызын қатты құшақтап,
жан-тәнімен аймалап түсіпті. Келте мұрындау кішкене бала әкесіне тартқан, елеңдеп
тұрғандай, сергек.

Айжан сені жақсы біледі... Былтыр барғанда бір ай бойы сөйлегенім сен болдың.
Баяғы Бораштың қарындасы... Бораш өзі Алматыда,— деді Шеген.
Тағы да соғыс толқыны бір арнаға бетін бұрып, бәріміздің тоғысар кезіміз жақындағандай
сезіліп кетті.
Шеген қойын дәптеріне менің адресімді де жазып алып, маған өз адресін берді. Кішкене
тарақ қағазды төртке бүктеп мен пилоткамның қайырмасына тықтым. Ең қымбаттымдай
мықтап тықтым.
Енді бірімізді-біріміз жоғалтып алмайық, Костя,— деді Шеген ең жылы үнмен—Мүмкін,
Берлинге де бірге кірерміз. Кем болса, он рет суретке түсерміз сонда! Ал, көріскенше!..
Берлинде ме?
Неге?.. Арамыз жақын... Мүмкін, алдағы бір айқаста бірге аттанармыз! Әуемен баратын
болсаңдар, менің іс керегім болар, Костя!..
Осыдан біраз күннен кейін біз суға да үйреніп болдық, биік жағаға тез жорғалап шығуға
да үйреніп болдық. Сережа да қалыспайтын болды. Самед Қара теңізді мақтап қояды:
Баламның балаларының да суықтан сүйегі сырқырамас... дейді.
Тез киімдеріңді ауыстырыңдар,— деп старшина келіп тұр.
Қару-жарағымызды кеше түгендеп алғамыз... Енді киімді түгел ауыстырып жатқанымызға
қарағанда, қайда аттансақ та бес қаруымызды сайлап алып аттанатын сияқтымыз.
Берлинге жетуге осы ұлтандар да шыдамаса...— деп, Сережа тоқтаңқырап қалды. Онда
соғыстың ұзай түскені, дегенді әркім өз ойымен қосып жатқан сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет