Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет206/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 203



Стр. 205

Қазақстанның ашық кітапханасы


204
Шеген екеуіміздің жолымыз талай тоғысқан екен... Біз жаумен табан тіресіп окопта
отырғанда, Шеген төбемізден талай етіп, алдыңғы жақты талқандап қайтыпты. Ростов,
Кавказ, Кубань, Новороссийск қаласы... Шеген екеуміз бұл жердің, бәрінде де бірге
соғысыппыз. Мен жерде, ол аспанда болғанмен біріміздің көргенімізді біріміз жатқа
білетіндей екеміз.
Шеген баяғы бір хаты есіне түсіп кеткендей:
Бұл соғыста менен гөрі сенің көргенің көбірек болар... Майдан өмірінде жоғары шыққан
сайын көретінің де көп бола бермейді екен...— деді.
Meн үндемедім...
Неге үндемедің?.. Әлде мені баяғы жоғарысынан безе бастапты деп қалдың, ба?.. Жоқ,
Костя, мен ол жоғарының бұл дүниеде безбесем керек, тек соғыс қазанының төменде
қаттырақ қайнайтынын айтамын,— деді.
Әңгіме өзінен өзі жылжи отырып, баяғы балалық шаққа барып қалыпты. Бір кезде
Шегенге айтуға ұялған балалық шақты екеуміз де сағынып қалсақ керек. Соғыс та,
есейгендігіміз де былай қалып, Жайық жағасын кезіп кетіппіз...

Гурьевке алғаш келген күнің есіңде ме? — деді Шеген. Кез алдына сол жаз түгел
елестей қалғандай жүзі жылынып, маңдайына түскен ажымдары таралып, жорғалай
жөнелгендей болды.

Шеген аға, ол менің бар өмірімнің бірінші күні еді ғой. Оның ар жағында да, бер
жағында да ұмытқан күндерім толып жатыр, бірақ тап сол күн түгел есімде,— дедім.
Ол жиырма сегізінші жылдың жазы еді. Одан бері он алты жыл өтіп, қазір қырық төртінші
жылдың март айында Қара теңіз жағасында тұрсам да, ескі Гурьев сол күйінде кез алдыма
бір келіп кетті. Біріне-бірі сүйеніп тұрғандай, тақай салынған қоңырқай үйлер. Снаряд
ойып кеткендей тесіліп, үңірейіп тұрған төбелер. Кейбір үйдің, төбелері қайқайып кейбір
төбелер бір жағына қарай еңсеріліп кеткен... Шаң-шұң еткен базар... «Қалтаңа қолыңды
салып ақша алып бер» деп тұрған дүкенші, үлкен ақ шүберекті менің басыма сілкіп тұрған
шаш алғыш...
Қала үйлерінің сонша сығылысып тұратыны, қала деген базар шығар деп ойлайтын едім
ол кезде. Әрбір сатарман бірін-бірі аңдып отыру үшін, біріне-бірі әдейі жақын
отыратындай көрінетін. Бытырап жатқан ауылдан келген бала қаланың сонша
таршылығына кезі үйрене алмап еді.
Ауыл жарықтық балалары үшін, балалар салғандай ғана баспана еді ғой... Қарамұрт сені:
бірдеме Ғалиді шақырып кел, деп жұмсайды.
Біздің ауылда бірдеме Ғали көп. Сондықтан сен қайсы» сын деп сұрайсың... Ол кездегі
ауылда дімкәр адамдар да көп. Сен:

Ақсағын ба, соқырын ба?—деп сұрайсың. Қарамұрт саған:

Пұшығың — дейді. Әркімнің өз атынан гөрі аурулығы мен дімкәрлығы,
жоқшылығы атаққа шығып кеткен. Ұят-ау, жәбірленер-ау, деп ешкім ойламайды да...
Осындай бір белгісін анықтап алып, жүгіре жөнелгеніңде саған бөгет болар да еш нәрсе
жоқ. Бір ала төбеттен аттап өттің, бүйірі солып кешке дейін байлаулы жатқан бір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет