Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 217 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет219/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 217 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 216



Стр. 218

Қазақстанның ашық кітапханасы


217

Мен большевик. Сен иттің күшігі фашист! Тұтқын? Оңай екен!.. Ақмақ өзің!..
Әуелі жақындап көр!.. Арқаның асылып өлерде өзіңе керек болар!..— деді.

Жә, болар енді, таста!— деді Мирошник, күліп.
Вася қатты қызып кетіп:

Біздің генерал сенің генералыңды...— деп бастап келе жатты де, аяқ жағын айта
алмай, телефонды тастай салып,— кешіріңіз, жолдас капитан— деп теріс айналып кетті.
Мирошник қолын сілтей салды да:

Ушаков, қорғанның төбесіне туды орнат!— деді,— Сарталиев, бірінші түннің
күзеті түгел сенің мойныңда! Күштеріңді дұрыстап орналастыр!.
Жап-жарық бекініс тыныш бір бөлмеге ұқсап кетеді. Бұл жаудың жүйке тамырлары
ширатылып, оңай үзілуге айналған кезі. Сондықтан болу керек, бекініс бір демалатын
тыныштық жайы сияқты. Соғысты еске түсірер барлық нәрсенің бетінде перде бар.
Ортадағы дөңгелек столдың үстінде екі топ карта жатыр. Картаның сыртына екі кеуделі
әйелдің жарым-жарты жалаңаш суреті салынған. Екі офицер төсегінің айналасын да әр
түрлі қалыпта түскен жалаңаш әйелдің өз реттері. Осындай тыныштық жағдайда үш
жылдай отырған неміс офицерлері әлдеқайда соғыс барын ұмытып кетсе де, таңданатын
еш нәрсе жоқ сияқтанады. Олар Қырымға келіп орнағалы соғыс бұл маңға оралған жоқ.
Бірінші рет олардың тиымын алған жаяу әскер біз ғана.
Қорғанның, төбесіне шықсам, жағадағы атыс тоқтапты. Айнала тып-тыныш... Ракета
жарығы анда-санда бір барып теңіз бетіне түседі. Ерінгендей, есінегендей ұзақ орап, иіліп
барып түседі.
Петр қызыл жалауды шаншып, өзі соның, тырс-тырс шерткенін тыңдағандай қасында тұр.
Ай батқан, жел бәсеңдей бастаған... қараңғылықтың іші жыбыр-жыбыр қозғалғандай
түйіліп, түнеріп жақындап келе жатқандай сезіледі. Қызыл ту еш нәрседен бойын
жасырғысы келмейтінін андатқысы келгендей, керіле желпініп, бүкіл дүниеге қол
бұлғағандай болады...
Керчьтегі бірінші түніміз майданда сирек кездесетін тыныштықпен өтіп барады. Ең аяғы
қаңғырған оқтың да естіген жоқпыз. Біздің әлсін-әлсін атып тұрған ракетамызға да ешбір
жауап жоқ. Қараңғы түнде қоршауға алынар болсақ, шамасын байқайық деп, түн бойы
төбенің айналасын түгел жарықта ұстадық. Мұнымызды ешкім елемейтіндей, жауап
қатпай қойды. Алақандай аралда қалғандай, бір уыс совет жауынгері жау ортасындағы
жалғыз ғана төбенің басында қалдық..,
Жаудың желкесінен көп қолмен келіп түсерміз деген ой орындалмағаны анық. Полк түгел
кейін қайтты ма, қанша қайық суға батырылды, біз мұның бірін де білгеміз жоқ.
Таң алдында Қара теңіздің жағасы тұтас дүрлігіп, қызылды-жасылды ракеталармен белгі
берісіп, өзара сөйлесе бастады. Әлдекім алыстан кезін қысып, бізді нұсқағандай болады.
Жау дүниесі бір байламға келіп, енді соны іске асыруға ым қағысып, әзірленіп жатқан
сияқты.

Сөйлесіп жатыр...— деді Самед, одан өзгеміз көрмей отырғандай.
Самедке ешкім жауап қайырмады. Әркім өз ойымен отыр. Мүмкін, ойы тіпті бұл төбеде
емес алыстағы елде жүрген шығар... Әркім отырған орнына жабысып қалғандай,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет