Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 216 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет218/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 216 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 215



Стр. 217

Қазақстанның ашық кітапханасы


216
Мынадай бекіністі жиырма жауынгер түгіл бір алдырмауға болады ғой! Пулемет екеу
дедің бе?
Ие, екеу... Оқтары да жеткілікті, окоптарына жүз пулюмотшыны еркін орналастыруға
болады.
Ракеталарын күндіз-түні бірдей атсаң да он күнге .ісегін!—деп, Самед келді.— Арақы аз
тамақ исі шөп татиды...
Қорғанды айнала күзетуге алты адам қойып, енді өзімізді түгендесек, жеті жауынгер
шығынымыз бар екен. ?Қаудың мықты бір бекінісін қолға түсіру үшін бұл көп шығын
емес. Кейде мұндай қимылға жүздеген адам құрбан болады. Жаудың арасына келіп түсіп,
бекінісін ала қою деген оңайлықпен орындалмайды. Жаудың өзі жәрлем етпесе, бұл біздің
арман етерлік нәрсеміз емес. Бірақ біздің азғана топ үшін жеті жауынгер деген ете ауыр
шығын еді. Осы ауырлықтан едәуір уақыт үндеспей қалып едік, Петр кеудесіне орап алған
қызыл жалауды жайып жіберіп:
—■ Орнатайын ба төбеге?— деді капитанға қарап.
Батальон түгел келіп жетер күн болса, жалау орнату менің бөліміме тапсырылып еді де,
мен оны Петрға жүктеп ем.

Тоқтай тұр, сержант Ушаков,— деді Мирошник.— Күте тұрайық... Мүмкін, қорған
өз қолымызда деп ойлап, біраз мазаламас та...
Капитанның аузы осыны айтқанмен ойы бұған сене алмай отырғандығы кезінен көрініп
тұр. Айнала күзет қойылып, пулеметшілер де ұяларында әзір отыр. Тағы бір жарты сағат,
тым болмаса, бес минут тыныштық тілейтініміз де рас... Тыныштық болар деп
сенбейтініміз де рас...
Тыныштық минуттары біткенін хабарлағысы келгендей, телефон дір-дір шарылдап қоя
берді.

Гришин, бері кел!.. Сөйлес! Сен обер-ефрейтор Груббесің. Бекіністе ешбір өзгеріс
жоқ, бәрі орынша де!..
Вася телефонды қолына алды:

Алло!.. Тап солай, обер-ефрейтор Груббе... ешбір өзгеріс жоқ... Бәрі де орынша...
Тойтарылды, тойтарылды... Даусым?.. Өзімдікі!.. Мен Груббе емеспін бе?..— Васяның
беті сопайып, кезі қыпылықтай бастап, жалғандығын жасыра алмайсың дауыспен— обер-
лейтенант Вайсберг ұйықтап жатыр... — деді.

Жасқанба!.. Танба!— деп, Мирошник қысады.
Енді Вася өтірікті өршіте алмай, турасынан бір-ақ қайырғалы тұрғанын сезіп, Петя кіжініп
тұр.

Мен Груббе емеспін бе?—деп, Вася қызарып кетті де,— өзің шошқасын!.. Өзің
сволочь!—деп, манадан немісше сөйлесіп тұрып, енді аяғын орысшылап жіберді!

Немене, бүлдіріп тұрғаның! — деп, Мирошник орнынан атып тұрды.

Бәрібір сенбеді... Орысша боқтайды иттің күшігі!—• деп Вася капитанға бір
бұрылып қалды да боқтаған немісте кегі кетіп бара жатқандай, өршелене сөйлеп:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет