Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 59 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет58/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 59 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 58



Стр. 60

Қазақстанның ашық кітапханасы


59

Ендеше, мен осы қақпаның қасында өлем!—деп, шалқасынан түсіп, жата кетті.
Жаңағы күш көрсеткеннен гөрі мынасынан зәрем кетті.

Ана бір қазақ нағып жатыр! —деп, командирдің біреуі сұрай қалса, кезекте тұрған
күзетші:

Жауынгер Сарталиевтің, тауысқаны, командир жолдас! — дейді. Оның ар жағында
не мені, не мына «туысқанымды» шақыртып алып сұрастыра қалса, ол ұятты көргенше
өлген жақсы да!
«Туысқаныңның болғаны жақсы ғой, мынадай туысқанды, құдай, сенен қашан сұрап
ем!»—деп, қатты қысылдым. Өмірімде бірінші рет ұялғаннан маңдайым терлеп кетті. Енді
қалжақтау қайда, жалына бастадым:

Ағатай, өйтпеңіз... Екеумізге де ұят болады. Мен шынымды айттым сізге. Маған
әуреленем деп жүріп, шын айрылып қаласыз...— деймін.

Олда! деп айт,— дейді.

Олда! — деймін.

Білде! деп айт,— дейді.

Білде! — деймін.

Жоқ. Бәрібір сенбеймін!—деп, қабырғаға жабыса түседі..— Өлем осы арада...
Ағатай да айтылып жатыр, әкетай да айтылып жатыр, біреуі құлағына кірмейді. Сонша
жек көрген адамыңа, сол айуанның өз ұятын сақтаймын деп, жалынып-жалбарынған деген
бір қиын екен... Аяғында, өкпесін қысыңқырай, бір қолыммен кеуде тұсынан көтеріп
алдым да, жатақхананың қасынан алып кеттім. Аяғы жерге жақындап кетсе-ақ, тірей
қояды. Жоғары көтеріп алсам, екі екшесімен тіземе тепкілейді. Амал жоқ, орап-бүктеп,
балаша көтеріп алдым да, Жайықтың жағасына әкелдім. Бірінші рет сен деп сөйлестім:

Сен ұятсыз, айтқанға нанбайсың, ақылға көнбейсің! Не істейін саған? Өзенге тастап
жіберейін бе!—дедім.— Алқымыңнан бір сықсам, не боларыңды байқадың ғой, өзің?
Енді ол маған жалына бастады. «Жоламайын маңайыңа, қатынды да бердім, босат» деді.

Жоламайсың ғой?

Жоламайын.

Олда деп айт!

Олда!

Білде деп айт!

Білде!
Олда-білденің немене екеніне түсінбесем де, уәде бегитер бір сөз екенін алдында ғана
өзінен естігем, соны енді өзіне айтқыздым да қоя бердім.
Сол күні шешемнен де хат келген екен. Дәптер қағазының төрт бетіне жазылған хатқа елу
екі-ақ сөз сыйыпты. Айдаштың күсті қолдары қаламға қайдан үйір болсын, әрбір әрпі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет