Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 60 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет59/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 60 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 59



Стр. 61

Қазақстанның ашық кітапханасы


60
көлбей-көсіліп, әрбір сөзі түйе керуендей созылып, бір жолға әрең сыйып тұр. Жол шетіне
жақындап қалғанда сөздің соңғы бір әрпін келер жолға шығара салатын әдеті тағы бар
екен. Ноқат кездессе — шоқпардай, дөңгелек әріптер шаңырақтай. Бірақ бұдан артық
хатты өмірімде де алып көрмеген шығармын...
Шешем сөз арасында, «Ақбота да сен кеткен түні жоқ болды, тегі колхозға барып,
Жәнібекке паналаған шығар дейміз» деп жазыпты. Әлі де ұшқарылықтан арылмаған
екемін деп ойладым. Оқымаған қазақ қызы сол босағада шіриді ғой деп ойлап ем, енді
қорлыққа көнбей, күреске шыққанын көріп отырмын.
«Сол жолы неге ғана бір тілдеспедім?»—деп қынжылдым.
Мен кемеде келе жатқан түні тереземнің алдынан әйел өткендей бір елес беріп еді.
Басындағы ақ жібек шәлісін де көріп қалғандай болып ем. Жүгіріп тысқа да шыққамын.
Жұрт жатып, жарық азайған, қараңғы еді. Ешкімді көре алмап едім, сонда да кеменің үстін
бір орап шығып:
«Ақбота соңыңнан қуып келе жатыр деп ойлаймысың!»—деп өзімді-өзім мазақтап,
қайтып келіп ем.
Енді міне, Ақбота да мен кеткен түні жоқ болып шығыпты. Мүмкін күйеуін мен үшін
тастап, мен кеткен кемемен о да кеткен шығар!
Әрине! Әлгі, айналып кетейін «туысқаным» да соны айтып тұрған жоқ па!
Шешемнен хат алғаннан кейін бірталай күн қуанышым қойныма сыймай жүрді. Аяғымды
билей басып, арқадағы жүктің ауырлығын да сезбей кеттім. Ауыздан шықпағанмен белгілі
ойды Ақбота өзі түсініп, мен айтарды өзі айтар, бір күні келіп те қалар деп, ылғи күтетін
болдым. Күнде жүрістен қайтқанда кезекте тұрған күзетшіге тесіле қараймын.
«Сізді бір туысқан қарындасыңыз күтіп жүр!» — деп айтар деймін. Бүгін айтпаса, ертең
айтар деп күтем. Тәуекелшіл, ер қыз өзі тауып алар деп сенем.
Кейде Ақбота келіп қалса, қайда жатқызам, қай қалтама сияды деген қорқақ ой да келіп
қалады. Мылтық емес мойныма асып апатың оқ емес беліме байлап алатын. Оның үстіне,
осынша қыршын жастардың ішіне әйелін әкеп қойған әскердің халіне қызыға да
алмаймын. Бұл ойым кең жайылымға шығып алып, әлденеменелерге апарып соғады...
Амал қайсы, айлар бойы күтсем де «қарындасың келіп тұр» деп ешкім айтқан жоқ...
Ақбота біржола хабарсыз кетті. Менің ойымда кетіп бара жатқан жұмбақ та осы.
Қазір мен тұрған жерден алыс бір шекараның күзетіндемін. Анда-санда апам мен Айдаш
хат жазып тұрады. Ақбота туралы бір ауыз сөз жазбайды. Бір-екі рет өзім де сұрап жазып
едім, «хабарсызбыз, қарағым» дегеннен басқа еш нәрсенің ізіне кездесе алмадым.
Сонымен Ақбота бір жұмбақ болды да қала берді.
Апам қазір пенсия алып, колхозда тұрады. Айдаш әлі Гурьевте. Кейде апамның хатын
қолы әдемі бір оқушы қыз жазады. «Қарындасың Н. деп, сәлем айтып, қол қояды.
Маржандай тізілген қарыптарына қарай сөздері де жатық, колхоз өміріндегі әрбір
жаңалықты құр өткізбей жазады. Шешеме хат жазғанда сол «Н» қарындастың өзінен де
Ақбота туралы сұрап жазып ем, қарындас маған — мен ол кісіні білмеймін деп жауап
қайтарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет