Стр. 62 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 61
Стр. 63
Қазақстанның ашық кітапханасы
62
Коля сағатына қарап:
—
Уақыт болып қалыпты,— деді. Екеуміз ең соңғы рет бірге, ең соңғы кезекке
кеттік...
Дәл бүгін шекара шегінде ешбір уақиғаның кездеспей-ақ қоюын тілеп келіп ем, елге барам
дегелі көңілім қатты бұралған домбырадай, әр қимылға бір ызың етіп қалып, онсыз да
тынышым жоқ. Бір сағат қана бөгеу болар бірдеме кездесіп қала ма деп қыпылдап келдім.
Көрші елдің бізге не тілеп жатқанын өзі біледі, мен ол елге бейбітшілік, амандық тілеп
келдім.
Берік қадалған қашанғы орнында ала баған тұр. Сенімді күзетшіге ұсап, бар айбарын
сыртымен ғана аңдатып, үнсіз тұр. Бұл ала бағанға сансыз жұрттың кезі қадалады.
Біреулер ұнатпай жек көріп қарайды, енді біреулер үмітпен қарайды. Кекпен қарасын,
үмітпен қарасын, әйтеуір көрші елдің көзі ала бағанда екенін біз күнде көреміз. Ала
бағанды кеміріп тастағысы келетін тістер ақсиып та қояды. Бірақ алдында біз тұрмыз. Ала
баған аттап кетейін деп те тұрған жоқ, аттатпайды да!.. Шекара күзетінде еткен екі
жылдың ішінде, мен кезім өткір, көңілім сергек болуға үйрендім. Ала бағанға жақындай
бергенде-ақ, ойыңда келе жатқанның бәрін бір-ақ сыпырып тастап, көзің мен ойыңды
шекараға ғана қадайсың. Әрине, будан кейін өз арманыңа қайтып оралмай, біржола
ұмытып кетпейсің, күзетіңді өткізіп бөлмеңе қайтқанша, басқа ойлардың бетін жауып,
ысырып қоясың. Біржола ұмыту қандай қиын болса, аз уақытқа ысырып қоя тұру одан да
қиын.
Қасымда асқан сақ ит Рекс бар. Қарайтын жағын ол да жақсы біледі. Көзі мен құлағын
бірдей тігіп, ала бағанның ар жағына қарайды. Алысқа тіккен көздерінде ит ойының
елесіндей, кішкене-кішкене ұшқын жылт-жылт етеді. Рекс ойлай ала ма, жоқ па, ол өз
жұмысы, бірақ үйге бөтен адамды кіргізуге болмайтынын ол ешкімнен сұрамайды да.
Кірпігін анда-санда бір-ақ қағып, тұмсығының үстіндегі тамырлары бүлк-бүлк соғып, бар
денесі ширақ, ата жөнелуге әзір отырады. Басқа уақытта еркелеп, кейде басыңа да қарғып
қойса, ала бағанға жақындаған соң-ақ қыңқ етпейді. Үру, қыңсылау дегенді біржола
ұмытқан. Ол бірдемені айтқысы келгенде ғана үреді.
Ала бағанды көргенде маған ылғи бір-ақ ой келеді. Сенің адамың азаматпын деуің, елім
бар, жұртым бар деуің, әлденені арман етуің, туған-туысқаныңа бақыт тілеуің, бірдемені
істеймін деуің, бәрі де осы ала бағанның бер жағында ғана мүмкін сияқты, Көңіліңді
қанша қамшыласаң да ала бағанның ар жағынан мұндай еш нәрсе таба алмайсың. Бөтен ел
деп, босқа жамандағың келмейді, бірақ көзге ілінер жақсылық таппайсың.
Ала баған екі елдің ғана шекара белгісі емес, екі түрлі дүние танудың, болған мен
болашақтың шегін айырып тұрған сияқтанады. Күзетші емес, белгі сияқтанып кетеді.
Кейде ойымды еріксіз сүйрелеп ала бағанның ар жағына алып шығам. Жат ел демей,
жақсылығын көргім келді. Қараңғы бір түн ішінде белуардан батпаққа батқандай болам.
Бар ойыңнан бір-ақ айрылып, адам үшін арман деген немене, өз еліңде салтыңа кіріп
болған қандай қимасың, бар еді, бәрінен жұрдай болғандай селк етіп қалам.
Көз алдыма алыста қалған, ізі жоғалған ата-бабаның заманы келеді. Ақырын жылжыған
ғасырлар керуені, атам заманғы ескі-ұсқыны артып ап, әлдене көріп, құлап-жығылып әлі
келе жатқандай көрінеді. Біздің арқадан алдақашан түскен жүк елестейді. Жауыр болған
арқалар, суалған жаңғар, үңірейген кездер көрем. Бір кезде біздің ел де осындай еді.
Азияның діңкеңді қатырған ауыр ғасырлары әрең жылжып, ұзақ етіп жатты. Өліктей
сұлап, қозғалу жоқ, қимыл жоқ, дала жатты. Жақ пен найза, кетпен мен көнек заманында
Достарыңызбен бөлісу: |