Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 65 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет64/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 65 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 64



Стр. 66

Қазақстанның ашық кітапханасы


65
айналасына ақырын ғана леп береді. Аспан ашық көкке боялып, әр жерінде түтілген
мақтадай, жеңіл ақ бұлттар ғана қалды. Күн белгісі берілгенде жеңіл ақ бұлттар қызғылт
тартып, жымия бас,тағандай. Таңертеңгі мүлгіген тыныштық, түнеріп тұратын тау
жоталарына да жұмсақ рең беріп, жүзін жылытқандай сезіледі. Түнгі салқыннан дір қағып,
қалтылдап шыққан жер түгі жылынып, бой түзесіп, мойындарын шығып келе жатқан күн
шұғыласына бұрып, кішкене-кішкене қызыл, көгалжім, сары гүлдерін аша бастады.
Мен күзет кезегін бітіріп, кейін қайттым. Бір жотаның астында қалған өзен гуілі алыстап,
домбыра ызыңындай ғана естіледі. Жадыраған дүние сені де тербетіп, өз ойларың оралып
келе жатқанын сезесің. Қай тұста үзілсе, сол тұсынан қайта басталып, толқындай
жылжытып әкетіп барады. Бірер сағаттан кейін жүріп кетем... Бір ай елде болам... Әрине,
бұл жолы бар жұмбақ шешіледі... Орал мен Гурьев түгіл бүкіл Қазақстанды аралап
қайтуға уақытым жетеді.
Осы ойлармен келе жатқанымда Рекс ақырын ғана қыңқ етіп қалды. Тыныш дүниені тіліп
жібергендей шаңқ етіп мылтық атылды, Рекс екеуміз жалт бұрылып, кейін жүгірдік. Рекс
жұлынып, жібер деп келеді. Жырадан жыраны, ағаштан ағашты тасалана жүгіріп, ала
бағанға жақындағанша, мылтық даусы тағы бірнеше рет шығып қалды. Әуелі «кетті,
кетті!» дегендей асығыс бытырлап, артынан «төкте-төк!» дегендей төгіле атылып жатыр.
Әлденеден атылған оқтардың екі түрлі үнін байқап қалдым. Бір жүйе оқтар тау жоталарын
жаңғыртып, жоғары кетіп жатыр, енді бір жүйесі темен атылғандай, құмыққан үн береді.
Кейбір тасқа соғып, екінші жаққа серпіліп кеткен оқтар шыжылдап, шегірткедей ысқырып
қалған сияқты естіледі.
Мен сияқты жолдан оралып, бірақ уақиға маңайына менен бұрын жеткен Николай ағашты
тасаланып, күбірлеп, балағат айтып тұр екен. Мен де өзеннің арғы бетіне қарадым. Бүлік
шыққан жер енді көз алдында болғасын Рекс те тырп етпей, тына қалды. Көбік атып,
бұрқырап жатқан өзеннен қолында баласы бар әйел өтіп келе жатыр. Тастан тасқа оңай
секіргенмен ағыны қатты көкжал толқын іліп әкете жаздайды. Арғы бетте салт офицерлер
күзетшілерін ортаға алып, қылыштарын жарқылдатып, шауып тастардай кіжініп,
айғайлағандары естіледі. Қолдарын сахнада тұрғандай сәнмен сермеп біздің жақты
нұсқайды. Әдейі жинағандай, күзетші саны да көбейіп қалыпты. Күнде ондай көп күзетші
байқалмайтын. Анда-санда әйелдің, «аллалаған» даусы естіледі. Бір топ жаяу әскер бір
тізелеп отыра қап, қашып келе жатқан әйелді көзден-ақ атқан сияқтанады, дарыта
алмайды. Екі ақбоз атты жарқылдақ офицер тік бір қарғытып алып, суға күмп беріп еді,
біздің күзетшінің, сарт еткен мылтығынан кейін бұрылды. Ол екі арада бала көтерген әйел
де бергі жағаға шығып үлгірді. Үлкен қара көздерінде зәресі ұшқан үрей белгісі, киімі
жыртылған, бір жақ жұмыр саны жарқылдап келеді.
Су болған жұқа көйлек денесіне жабысып,жас әйелдің сұлу сымбатын түгел әкеп көзіңе
соққандай. Тас жырған тізесінен жылап қана қан ағып келеді. Әйел қарс сала бізге қарай
ұмтылды:

Алла... Алла... Атам һам анам... Азербайжан...— деген сөздерін ғана аңдауға
болады. Булығып, тез-тез шыққан өзге сездері аңдалмайды.
Әйел алдымызға келді де, өкси жылап, құлай кетті. Аяғы тырбия, шалқасынан құлап
қасында баласы бақырып жатыр. Әйел құлағанда да әдемі денесін көзге тоса құлаған
сияқтанады.

Тұрыңыз!—дедім, қатқылдау шыққан дауыспен. Әйел басын көтеріп, жылап
жатқан баласын алдына алды. Бірақ бір жасар бала басын шешесінің кеудесіне қарай
апармай, сыртқа қарай бұратын сияқты. Өзен жақты нұсқап, әлденелерді тез-тез айта беріп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет